1
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді
бейіндеп даярлау мәселелері
Әдістемелік құрал
Астана
2013
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2013 жылғы 19 тамыздағы № 4 хаттама).
Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді бейіндеп
даярлау мәселелері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013. – 69 б.
Бұл еңбекте тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді
бейіндеп даярлау мәселелері және оларды шешу жолдары жан-жақты
қарастырылып, бейінді оқытуға көшу жағдайында тірек мектебі (ресурстық
орталық) мұғалімдерінің теориялық және практикалық дайындығын, яғни
педагогикалық шеберлігін, жетілдіру жолдары көрсетіледі.
Әдістемелік құрал шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне, тірек мектебі
(ресурстық орталық) басшыларына, білім саласы әдіскерлеріне, осы саланы
зерттеушілерге арналған.
Бұл әдістемелік құрал шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне, білім саласы
мамандарына,
әдіскерлеріне,
осы саланы зерттеушілерге, студенттерге
арналған.
© Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2013
3
Алғысөз
Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, педагог
қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту,
жоғары сыныптарда бейіндік оқытудың
мазмұнын жүзеге асырушы
мамандармен қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының «Бiлiм
туралы» Заңында [1], Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020
жылдарға
арналған
мемлекеттiк
бағдарламасында
басым
бағыттардың бірі болып белгіленді [2].
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері білім беру мəселесіне деген көзқарастар
өзгерді. Жоғарыда аталған құжаттарда мектепке қойылатын негізгі талаптардың
бірі – білім алушылардың белгілі бір білімдер жүйесін меңгеріп қана қоймай,
сонымен бірге қоғамда əлеуметтенуге жəне еңбек нарығында белсенді
бейімделуіне мүмкіндік беретін оқушы тұлғасын тұтас дамытуға, оның
танымдық жəне шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталу болып
табылады.
Сапалы білім қоғам дамуының негізгі ресурсы екенін ескерсек, білім
беруге деген көзқарас түбірімен өзгеруі тиіс. Қазіргі
уақытта мектеп
реформасына көптеген өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі
түбегейлі өзгеріп жатқаны белгілі.
Осы орайда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-
2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында орта білімнің жоғары
сатысында бейінді оқытуды енгізу жоспарланған болатын. 2006-2007 оқу
жылында еліміздегі мектептердің 10-сыныптары екі бағыт бойынша
(жарытылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық) бейіндік оқытуды
саралауға кірісіп кетті.
Қазіргі кезде осындай қалыптасқан жағдайда еліміздің педагогтерін жаңа
бағытта, яғни шағын жинақты мектептерді біріктіретін тірек мектебі (ресурстық
орталық) жағдайында бейінді оқытуды жүзеге асыру бойынша даярлау мәселесі
күн тәртібінде тұрғаны анық.
Мақсаты: тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында шағын жинақты
мектеп
мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық
тұрғыдан даярлау мазмұнын
жетілдіру, мұғалімнің тәрбиелік, мәдени-ағартушылық жұмыстар мен оқыту
қызметін жүйелеудің теориялық негіздерін анықтау.
Міндеттері:
-
шағын жинақты мектеп мұғалімінің жеке тұлғасы қалыптасуына ықпал
ететін әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-педагогикалық
жағдайларды танып-білу;
-
шағын жинақты мектеп
мұғалімінің
жеке тұлғасына
қойылатын
талаптарды анықтау және жүйелеу;
шағын жинақты мектеп мұғалімінің жеке педагогикалық шеберлігін
жетілдіру әдістерін танып-білу мектептің біріккен педагогикалық кеңестері,
әрбір мұғалімнің тұтас педагогикалық ұжым алдында шығармашылық есеп
4
беруі, әдістемелік жаңалықтардың, сабақ өткізу түрлері, оқыту тәсілдерін
таңдауда өзіндік ерекшелігі бар педагогикалық технологияларды анықтау.
Бейінді оқыту үшін бейінді оқытуды меңгертетін маман болу керек. Бұл,
әрине, мұғалім, ұстаз, оқытушы. Ал оны даярлайтын мекеме, сөз жоқ,
педагогикалық
институттар. Сондықтан
бейінді оқыту мәселесі мектеп
қабырғаларында
көп сөз болып келсе де,
жоғарғы оқу орындарында
айтарлықтай қолдау таппады. Кез келген нәрсенің негізі дұрыс болмаса, одан
ештеңе өнбейтіні белгілі. Міне, сондықтан да бұл мәселе алдымен ұстаздар
даярлайтын жоғарғы оқу орындарында арнайы пән ретінде енгізілуі керек.
Осыған орай шағын жинақты мектеп мұғалімдерін бейіндеп оқытуға
даярлаудың бағыт-бағдарлары да анықталмаған. Ал оларды даярлаудың бір
шарты мұғалімнің ғылыми деңгейін арттыру, тиісті пәндік, психологиялық-
педагогикалық және әдістемелік даярлықпен қамтамасыз ету болып отыр.
Осы уақытқа дейін жүргізілген еңбектерді зерделеу барысында мұғалім
даярлауға қойылатын талап, негізінен, мамандық бойынша оқытылатын
пәндердің мазмұнын меңгеруге бағытталған, мұғалімдерді даярлау мəселесінің
кəсіби білім беру теориясы мен əдістемесі саласында бейінді оқыту жағдайында
жұмыс істеу дайындығы жағынан əлі де болса қайта қарауды қажет етеді,
өйткені шағын жинақты мектеп мұғалімдерін даярлаудың өзіндік ерекшелігі
бар. Шағын жинақты мектеп мұғалімі барлық жағынан, яғни жаратылыстану,
сондай-ақ гуманитарлық бағытта да жетік, оқушылардың психологиялық және
педагогикалық
ерекшеліктерін меңгерген, кәсіби-дидактикалық құзыретті
болуы қажеттігінен туындайды.
Сондықтан да шағын жинақты мектепке маман даярлау мәселесіне кешенді
қарау ұсынылады. Болашақ маман әрбір жеке пәннің әдістемесін ғана емес, бұл
үлгідегі мектептің
тұтас жүйесін,
педагогикалық
мақсатын, міндетін,
мазмұнын, түрін, оқытудың жаңа әдістерін және тәрбие жүйесін біртұтас
қабылдап меңгеруі тиіс. Педагогикалық процесте мұғалімнің іс-әрекеті мен
кәсіби шеберлігі сабақтастықта орын алған жағдайда ғана болашақ мамандарды
өз дәрежесінде дайындау жүзеге аспақ.
Бүгінгі таңда сыни жəне шығармашылық тұрғыда санадан өткізу, озат
педагогикалық жəне ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өзінің іс-
əрекетінің мазмұнын жетілдіруге қабілетті мұғалімге деген қажеттілік күннен
күнге арта түсуде. Олай болса, мұғалім білім беру жүйесінің қай саласына да
бейім, өз ісінің шебері болуы керек. Осыған орай біз ұсынып отырған
әдістемелік құралда тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында білім
беруде шағын жинақты мектеп мұғалімдерін бейіндеп даярлаудың өзекті
мәселелері, оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылады.