Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді бейіндеп даярлау мәселелері



Pdf көрінісі
бет18/26
Дата09.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#27361
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
«Қазіргі 

дидактика»

тақырыбындағы  дидактик,  швейцар  педагогы  Ш.  Фурьенің еңбегінен  алынған

аңызды оқып, соған байланысты пікірлесу ұйымдастырылады.

Ол мына сұрақтар төңірегінде өрбіді:

- Бұл аңыз не жайында?

- Сіздер неге таң қалдыңыздар?

- Осы мектептің оқушыларын көз алдарыңызға елестетіңіздерші?

- Олар болашақта қандай азаматтар болып қалыптасады деп ойлайсыздар?

- Осы мектепті Сіздің жұмыс жасайтын мектебіңізбен салыстырып көріңіз,

ұқсастық бар ма?

Осындай қызу  талқылаудан  соң  «жаңа  дидактика» ұғымын  енгізіп,

мұғалімдердің өздерін қатыстыра отырып,  жаңа  мақсаттар,  міндеттер,  жаңа

мазмұн, 

дидактикалық

қағидалардағы

өзгерістер,

әдіс 

технологиялар,



педагогикалық  үрдістің  қатысушылары  арасындағы  жаңаша қарым-қатынас,

оқыту 


нәтижелерін 

жаңаша 


бағалау 

сияқты 


дидактикалық

жүйенің


компоненттері бірлесе талданады.

Бұл  жерде  дәріскер  ретінде мұғалімдердің тәжірибесіне  сүйену,  бейне

сабақтардан үзінділер  көрсету,  ойландыратын  сұрақтар қою  арқылы  білімдік

үрдісті жандандырып  отыр  керек.  Дәріс  соңында  білім  алушылардың  қоятын

сұрақтарына  жауап  беру,  олардың педагогикалық  әрекетіндегі қиындықтарына

құлақ асып,  баға беру,  сол  арқылы  жаңа  көзқарастар қалыптастыруға  жағдай

жасалса,  ал қажетті әдебиеттерді ұсыну  мұғалімдердің  әрі қарай  ізденіске

түсуіне  ықпал  етеді.  Мұндай  дәрістерде мұғалім өз тәжірибесін  дәріскердің

пікірімен салыстыру арқылы өз позициясын анықтауға мүмкіндік алады.

Бұл  тәжірибеміз  педагогтардың кәсіби  шеберлігін  дамытуға  игі әсерін

тигізеді.  Келтіргелі  отырған  мына  мысалдар  сөзіміздің дәлелі  бола  алады  деп

ойлаймыз.  Мысалы, «Дамыта  оқытудың теориясы  мен  технологиясы»




44

тақырыбындағы  біліктілікті  арттыру курсына  келген мұғалімдерге  алғашқы

күні төмендегідей сұрақтар қойылады [14]:

- Даму деген не?

- Дамыта оқыту жайлы не білеміз, не айта аламыз?- деген білім, яғни еске

түсіру  деңгейіндегі  сұрақтарға  жатады. Өйткені  оларда  мұғалімдер  тек

өздерінің не  білетінін  еске  түсіру,  санасынан  шығарып,  ойына  түсіріп  айту

сұралып  тұр.  Бұл  жағдайда мұғалім ешнәрсені өзгерпей,  жадында  сақталған

ақпаратты айту  керек. Берілген жауаптар арқылы мұғалімдердің дамыта оқыту

жайындағы бастапқы деңгейлері анықталады. Бұл біліктілікті арттыруда белгілі

бір  дәрежеде  бастапқы  диагностиканың  қызметін  атқарады.  Осы  сұрақтар

төңірегінде  ой өрбіту,  пікір  бөлісу  мәселені әр қырынан қарап  зерттеуге

бағытталған  идеяларды  туындатады.  Мұндағы  басты  мақсат = мұғалімдердің

курс  тақырыбының көкейтестілігіне  көздері  жетіп,  оны үйренуге  деген

қызығушылықтарын ояту.  Соның нәтижесінде  бірінші  күннен мұғалімдер

ізденушілік, белсенді әрекет жағдайына түсуі мүмкін болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет