Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында мұғалімді бейіндеп даярлау мәселелері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата05.02.2017
өлшемі0,76 Mb.
#3476
1   2   3   4   5

біріншіден – мұғалімдердің мақсаткерлігі,  яғни  сабақтың мақсатын қою

дамыта 


оқыту

қағидаларына 

сәйкестендіріледі. 

Сабақ


мақсаттарын

тұжырымдауда 

бұрынғыдай 

«түсіндіру, 

білдіру, 

меңгеру, 

тәрбиелеу,

дағдыландыру,  дамыту»  сияқты  етістіктерді қолдану  азайды.  Шығармашыл

мұғалім  сабақтағы  оқушылардың мақсаттарын  да  анықтап,  олардың  өздерін-

өздері дамыту әрекетіне  басшылық жасайтын  болғандықтан,  ол  жоғарыдағы

шаруаларды  тек өзі  атқармайды.  Олардың орындалуына  жағдай  жасайды.  Бұл

оның жаңа фасилитаторлық қызметімен байланысты.



Екіншіден – сабақтағы  мұғалімнің позициясы өзгереді.  Оқушылардың

субьектілігін  дамыту үшін  мұғалім  олардың  әрекетін ұйымдастырушы,  бағыт

беруші,  дер  кезінде  көмектесуші  ролінде  болуына қарай  нақты қадамдар

жасалады.



Үшінші

өзгеріс


деп,  сабақты

өткізу


әдістері  мен  формаларының

жаңашылдығын айтқан  болар  едік. Сабақта  парталардың басқаша қойылуынан

бастап,  сабақтың дидактикалық элементтерінің тұтастай  жаңаруы,  соған  сай


35

оқушылардың

танымдық

белсенділігінің

артуы,

сабаққа 


деген

қызығушылықтарының,  коммуникативті  мәдениеттері  мен  сыни  ойлауының

жоғарлауы орын алады.

Мұғалімдерде  болған



төртінші

өзгеріс


олардың  әдіснамалық

мәдениетінің деңгейлерінің жоғарлауы.  Оны  біз  мұғалімдердің зерттеушілік

әрекеттердегі

сауаттылықтарының

артқандарынан 

байқадық.

Оқыту


технологияларын  енгізу  барысында  оқушыларды  зерттеу, өз  тәжірибесінің

жетістіктері  мен  кемшілік  тұстарын, өзінің болашақтағы  жұмыс  бағыттарын

айқындай  алуы,  соған  сәйкес  түзету әрекеттерін  таңдай  білуі,  жұмысының

нәтижелерін  жинақтай  алуы  сияқты  сапаларынының  өскенін  анықталды.

Мұғалімдер  рефлексия  жасауға  машықтанады. Өздерінің кәсіби өсу  дәрежесін

анықтаудың құралдарын меңгереді.



Бесіншіден – оқушылардың білімдерін  жаңаша  бағалауға қол  жетті.

Оқушының өзін-өзі бағалауы, яғни  алдын-ала  таратылып  берілген  сабақтың

мақсаты  мен  міндеттеріне  сай  белгілі  бір  критерийлер  бойынша  оқушының  өз

білімін, білігін өзінің бағалай алуы, топтың бағалауы сияқты формалары жүзеге

асып  отырады.  Технология  жағдайында өткен  сабақ негізінен  топтарда өтетін

болғандықтан,  топтың мүшелерінің еңбегін  бағалау үшін  алдын-ала  бағалау

кестесі  таратылып  беріледі  де  топ  мүшелері өз  жұмыстарын өздері  бағалауы

сияқты  түрлері  де  кеңінен қолданылады.  Бұл  оқушыларды өз  істеріне

рефлексия  жасауға, әділ бағалауға,  жетістігі  мен  кемшілігін  саралауға үйретті,

сыныпта  мұғалім  тарапынан

әкімшілдіктің

орын  алмауын,  ізгілік  пен

демократиялықты

қамтамасыз  етті.  Ең

бастысы  бұл

өзгерістер  осы

мектептердегі  білімнің сапасы  мен  оқушы,  мұғалімдердің жаңа  сапаға

көтерілуіне  ықпал  етті.  Мектептің  қызметін  тұтынушыларды,  сұраныс  беруші

ата-аналардың білім беру мекемесіне деген көзқарастарын өзгертуге, бетбұрыс

жасауына көмектеседі.

Мұғалімдердің

педагогикалық

субьектілігін 

арттырып,

шығармашылығының дамуына  тиімді әсер  ететін  оқыту  формаларының бірі –

белсенді әдістер болып  табылады.  Осыған  байланысты  «белсенді  оқыту

әдістері» ұғымы ол – субьектілердің  «білім  алу-оқыту»  бірлескен әрекетінде

өздерінің белсенділік  танытуы үшін  жағдай  туғызу – дегенге  келеді.  Олар

маманға  педагогикалық  әсер  ету әдістері  болғандықтан  білім  мазмұнының

компоненті  болып  есептеледі. Өйткені  бұл әдістер  арқылы  ауызекі  сөйлеуде

орын  ала  бермейтін әрекет  меңгеріледі.  Ал әрекетке  тек әрекет  арқылы

үйренуге болатындығы баршаға белгілі.

Оқытудың белсенді әдістерінің негізгі  сипаттамаларын  төмендегідей

топтастырдық:

оларда мұғалім қаласа да, қаламаса да белсенді болуы тиіс;

мұғалімдердің белсенділігі тұрақты және ұзақ болуы үшін оқу  білім алу

үрдісіне қатыстырылып отырулары қамтамасыз етіледі;

мұғалімдердің  қызығушылықтары  мен  эмоциональдық жағдайы,  дербес

шешімдер қабылдауға деген ұмтылыстарына қолдау көрсетіледі;



36

оқу үрдісінің диалог, полилог формасында жүруі қамтамасыз етіледі;

оқытушылар  мен  мұғалімдердің

рефлексиялық

тұрғыдан

өзін-өзі


ұйымдастыруларына қол жеткізу ескеріледі.

Оқытудың белсенді әдістерінің жіктемесін жасауда  Ю.С. Арутюнов  пен

О.С.Анисимов  еңбектерін  басшылыққа  алдық.

Оларда  аталған

әдістер:

имитациялық, имитациялық емес, соңғысы өз кезегінде ойын түрінде емес және

дамытушылық болып бөлінеді. Имитациялық емес  сабақтарға дәстүрлі  оқыту

жүйесінде қолданылатын:зертханалық, курстық жұмыстар, семинарлар жатады

да  оларда қарастырылатын  обьект  пен әрекеттің моделі  бола  алмайды.  Білім

алуды белсендіру  білім  алушы  мен  оқытушының тікелей қарым-қатынасы

арқылы жүреді [15].

Белсенді  оқыту әдістері  арасында  кең тараған  тәжірибе  түрлері:  нақты

жағдаятты  талдау,  іскерлік  ойындар  болып  табылады.  Біріншісінде  оқытушы

талданатын  жағдаяттың моделін  жасап,  сипаттамасын  таратып  береді  және

бақылау  сұрақтары  арқылы  пікірталас ұйымдастыратын  болса,  екіншісінде

арнайы  ролдер  арқылы әр  мұғалім  сол  бейненің образына  ене  отырып,  «өз

басынан өтіп  жатқан  жағдайдың»  қыры  мен  сырына  бойлауға  ықпал  етеді.

Іскерлік  ойында  оқытушы  тек  ойын  ережелерімен  таныстырады,  ал қалған

жұмыстар;  мәселені  талдау,  рольдерді  бөлісу,  орындап  шығу  барлығын

атқаратын «оқушылар». Мәселеге қатысты жоғары кәсіби деңгейдегі, әрі шұғыл

шешімді  де қатысушылар өздері қабылдайды.  Оқытушы  ойын  соңында

рефлексия жасау үшін ғана араласады. Ол бұл формаға неғұрлым аз араласқан

сайын үрдістің дамытушылық  құндылығы  арта  түседі.  Сондықтан  іскерлік

ойындарда өзін-өзі оқыту, өзін өзі ұйымдастыруға  мүмкіндік  мол  және  оқу

үрдісінің бұл жағдайдағы ерекшелігі нәтижені көре алу болып табылады.

Имитациялық сабақтар белгілі  бір жағдаятты  талдау,  имитациялық

жаттығулар, рольдерде ойнау, рольдік жобалау, рольдік тәжірибе, проблемалық

іскерлік  ойындар, ұйымдастыру-әрекеттік ойындар  болып  бөлінеді.  Бұлардың

ерекшеліктері  оларда

қарастырылатын

үрдістің,  ұжымдық немесе  жеке

әрекеттің моделі  болады.  Бұл  сабақтар  белгілі  бір  рольдерді  орындау

барысында  оқытушы  мен  білім  алушының

коммуникациядағы

өзара


әрекеттестігі арқылы  іске  асады.  Имитациялық  әдістерде  белгілі  бір  ролдер

болып,  оларды  орындаушылар  болғандықтан  ойын  түрінде ұйымдастырылу

мұғалімдерің өзара белсенділігін қамтамасыз етеді.

Осы  ретте  интерактивті  оқыту  мәселесіне  тоқтала  кеткен  жөн  деп

есептейміз. Интерактивті  оқыту – жаңа  білімді  диалог,  полилог  жағдайында

меңгеру  мақсат  етілетін  танымдық  үрдіс.  Білім  алушы  мен ұсынушы

субьектілер арасындағы бірдей белсенділік.

Бұл  жайлы  ХХ ғасырдың  30 жылдарында-ақ белгілі  психолог ғалым

К.Левин  топқа  біріктірілген  индивидтерді өзгерту  олардың  әрқайсысын  жеке

өзгерткеннен әлдеқайда жеңіл  екендігін  айтып  кеткен.  Ал  «Білімдегі  бірлесу:

топтық жұмыс,  кооперация»  атты  еңбегінде  А.Ю.  Уваров  интерактивті

оқытудың көкейтесті болуының себептерін анықтайды:



37

топта  бірлесіп  жұмыс  жасау-демократиялылықтың,  қоғамды  дамытудың

негізі;

ол арқылы білім алушының әлеуметтенуіне мүмкіндік туады [16].



Ғылыми әдебиеттерде  интерактивті  оқытуға  көпқырлы құбылыс ретінде

қарау қажеттілігі алға қойылады. Өйткені ол арқылы бір мезгілде 3 түрлі міндет

шешіледі:

танымдық

(нақты  білім  алу),  коммуникативті-дамытушылық

(танымдық 

үрдістің


эмоционалдық-интеллектуалдық

жағдайда 

жүруі),

әлеуметтік бағыттылық.



Қазіргі уақытта  педагогикада белсенді әдістердің жіктемесін  жасауда

олардың екі белгісі есепке алынады:

еңбек үрдісінің (еңбек әрекеті) үлгісінің болуы;

рөлдердің болуы.

Шартты  түрде  белсенді  оқыту әдістерінің формалары  эвристикалық

(шығармашылық,

бағдарламалық

емес, 


жаңаша 

шешім


қабылдауға

бағытталған),  бағдарламалық  (алгоритмдік  белгілі  бір  бағдарламамен,

тәртіппен орындалатын) болып  бөлінеді. Бағдарланатын формалар мен әдістер

үшін нақты алгоритм немесе ереже түзіледі, ал шығармашылық үшін – ғылыми

негізделген модель немесе схема жасалады.

Имитациялық  әдістер  білім  алушылардың мотивтерін  дамытып,  ойлау

жүйесінің іске қосылуын қамтамасыз  етеді. Оларға  жататын іскерлік  ойындар,

ұжымдық ойлау әрекеттері мұғалімнің интеллектуалдық және өзін-өзі дамыту

мәдениетін арттырады.

Біліктілікті  арттыру  ісін  интерактивті  жағдайда ұйымдастыру топ құру,

проблемаларды  тұжырымдау, қарама-қайшылықтары бар, әр  түрлі  пікір

туғызатын мәселерді  анықтап  алудан  басталады.  Ең бастысы мұғалімдер үшін

алдына қойған проблемалардың түсінікті екеніне көз жеткізу қажет. Бұдан соң

проблема  диалог,  полилог  түрінде  алдымен  кіші  топтарда,  содан  соң ұжымда

талқыланады.

Әр

мұғалімнің



танымдық

белсенділігін  арттыруда  бұл

таптырмайтын әдіс. Осы әдіс негізінде құрылған сабақ үлгісі соңында әр топ өз

шешімдерімен  басқа  топ  мүшелерін  таныстырады. Енді  біз  санаға  серпін

беретін,  білімдегі  биіктерге  бастайтын,  мұғалімді  «акме»  жағдайына әкелетін

әдіс-тәсілдердің  өз  тәжірибемізде жиі қолданылған кейбіреулеріне  тоқталып

өтеміз.

Педагогикалық үрдістің қатысушыларының барлығынан бірдей белсенділік



пен  бастамашылдықты  талап  ететін өзара белсенділік  немесе  интерактивті

оқыту  формасының бірі – ой қозғау. Бұл  мұғалімдердің біліктілігін  арттыру

курстарында өте жиі қолданылатын әдістердің түріне  жатады. Әсіресе  оқудың

алғашқы  күні тақырыптық курстың негізгі  мәселесін  талқылауға өте  тиімді.

Өйткені, өкінішке орай, барлық тыңдаушы курста талқыланатын мәселе жайлы

хабардар болып келмейді. Сондықтан курста оқуға мотивтері төмен (кейде тіпті

жоқ) болып  келген  мұғалімдердің ынтасын  арттыру үшін  арнайы  жұмыс

жүргізу өте қажет. Ой қозғау әдісін кезкелген дәрісті бастар алдында қолдануға

болады. Ондай  жұмыс  барысында  дәріс  тақырыбы  жайлы  білім  алушылардың


38

не білетіндері анықталады да, білім алушылар қарастырылып отырған мәселеге

байланысты өзінің білімінің жеткіліксіз  екенін  сезіну  арқылы  олардың оқуға

деген ынта-ықыласын арттыруға мүдделі болады.

Бұл жұмыс басталмас бұрын жүргізуші проблемалық мәселені хабарлайды.

Ой қозғау әрекетінің қарапайым ережелерімен таныстырып шығады. Олар: ойға

келген  барлық идеяларды  ортаға  салу;  оларды  сынға  алмау;  бір-бірін  тосып

сөйлеу;  сапалы  ой  айту  керек  деп  сескенбей,  күтпеген,  фантастикалық

ұсыныстарды ашық айту,  (оларды  ойластыра  отырып  пайдаға  асыру  мүмкін).

Бұдан кейін мәселені талқылау үшін топтар құрылады. Топ мүшелері мәселені

шешудің жолдарын  ойларында қарастыра  бастайды  (5-7  минут).  Бұдан  соңғы

уақытта әр  адам өзінің варианттарын  ортаға  салады.  Топтың бір  мүшесі  ол

идеяларды қағазға  түсіріп  жинақтап  отыруы  тиіс  (жазып  немесе үнтаспаға

түсіріп  отырады).  Бұл  кезеңде  айтылған  пікірлердің  «дұрыс»  не  «бұрыс»

екендігі талқыланбайды. Екінші кезеңде әрбір идея, ұсыныстың мәселені шешу

мүмкіндігі  талқыланады.  Ең тиімді, қызықты  деп  табылған  варианттар

таңдалады.  Ой

қозғау  барысында  жүргізуші

қатысушыларды

қолдап,


ынталандырып тұрғаны дұрыс («жақсы, өте жақсы т.б. түрінде).

Бірақ  өз  ойын  күштеп  таңдауға  тырыспауы  керек.  Ой қозғау ұжымның  әр

мүшесінің, ондағы әр  адамның шығармашылық  әлеуетін  дамытуға әсер  ететін

әдістің түрлерінің бірі.  Мұғалімдердің шығармашылық  әлеуетін  дамытуға

бағыттталған  интерактивті  оқыту әдістерінің біріне өзіміз  соңғы  кезде  кеңінен

қолданып жүрген  тренинг,  нақты  жағдаятты  талдау,  пікірталас,  нобайлау

әдістерін жатқызамыз.

Дәл  осындай әдістерді  таңдай  отырып шығармашылықты  білім,  білік,

дағды  сияқты  жолмен  беріле  салмайтындығын,  ол үшін әр  адам  сол

шығармашылықтың азабын  тартуы қажет  деген  И.Я.  Ларнер,  В.  Франкл

т.б.ғалымдардың ойларын есепке алдық.

Тренинг – маманды кәсіби әрекеттің нақты әдістері мен процедураларына

кезеңмен,  практикаға  сүйене  отырып үйретуді қолдау.  Тренингте  оған

қатысушылардың өзара әрекеттесе отырып  мәселені әрқырынан  талқылау

қамтамасыз етіледі.  Мұндай  тұлғааралық  қарым-қатынаста өзіне-өзі баға беру,

өзіне басқалардың көзімен қарау, өзгенің пікірін  тыңдау,  келісе  алмаса  да

түсінуге тырысу, басқа да көзқарас-пікірлерге деген төзімділік және әр адамның

шығармашылық жекелігі қалыптасады.  Алдына қойған  мақсат-міндеттеріне

қарай тренингтер әртүрлі  аталады  және ұйымдастырылуы  да әрқалай  болады.

Мысалы:

креативтілік  тренингі мұғалімдердің шығармашылық ойлауы  мен

шығармашылық елесін дамытуға бағытталады;



қарым – қатынас тренингі әр түрлі  адамдардың тілдік қарым-қатынас

стилін  жасау, өзара әрекеттестікті  тиімді  ететін  коммуникативтік  біліктерді

жетілдіруге қызмет етеді;

әр түрлі  педагогикалық жағдаяттарды  шешуге  бағытталған  тренингтер

мұғалімдерде оқушылармен ынтымақтасу дағдыларын қалыптастырады.


39

Тренингтер  топтық және  жұптық жұмыстарды ұйымдастырып өткізу

мақсатын алға қоятын болғандықтан, ондағы дәріскерлердің ролі мен орны аса

маңызды. Ол  мұндай  жұмыстарды фасилитатор,  модератор  ролінде немесе

супервизия  жасау  арқылы  жүзеге  асырады. «Модератор» ұғымына  тоқталсақ,

ол – білім  алушылардың ішкі  мүмкіндіктерін  ашуға  бағытталған  еркін

коммуникация,  ашық ой  пікір білдіре  отырып сауатты  шешім қабылдауды

ұйымдастырушы.  Ол  білім  алушылардың ойының бұғаудан  босауына,  еркін

болуына  көмектеседі.  Супервизия

тәжірибелі  маманның



бақылаусыз,

бағалаусыз, психологиялық жағымды жағдайда білім көтерушіге кеңес беруі.



Нақты  жағдаятқа талдау  жасау әдісі. Әдіс қарастырылғалы отырған

мәселені  танудың  құралы  ретінде қызмет  етіп,  бағалау  және  шешім  табуға

көмектеседі.  Нақты  жағдаят-қоршаған ақиқатқа қарсылық тудыратын, қарама-

қайшылыққа әкелетін оқиға. Адам өмірінде кездесетін жағдаяттар: стандартты,

сыни  тұрғыдағы,  төтенше  болып  бөлінеді.  Стандартты – белгілі  бір  жағдайда,

өмірде жиі  кездессе,  ал  сыни  тұрғыдағы  бастапқы  жоспар  мен  есептерді

бұзатын,  радикалды  түрде  аралсауды қажет  ететін,  экстремальды  теріс

өзгерістерге әкелетін, өткен тәжірибеде кездеспеген жағдаят.

Нақты жағдаятты талдау әдісінің тәртібі:

мәселеге ену (көкейтестілігі, мәні);

міндеттер қою (талдау, жинақтау арқылы, мәселелер аймағын анықтау);

шешімнің жолдарын анықтау;

топтық талдау (көзқарастар мен пікірлерді, ең тиімдісін айқындау);

қорытынды жасау.



Пікірталас әдісі. Пікірталасқа деген тұрақты қызығушылық ХХ-ғасырдың

30-жылдарынан  басталады.  Оның дамуына  швейцар  психологы  Жан  Пиаже

еңбектері ықпал еткен. Пікірталас – түйткілді мәселе жайлы еркін пікір алмасу.

Ондағы басты нәрсе – айтар ойды фактілерге сүйене, логикаға сыйғыза отырып

дәлелдей  алу,  жай  эмоцияға  берілу құпталынбайды. Өйткені  ол  дәйек,  дәлел

емес.


Пікірталасты ұйымдастырушы  ортада  дұрыс,  жағымды,  іскерлік  ахуал

орната  алуы  тиіс. Ол үшін: қысқа-нұсқа  сөйлеу,  айтылған  ойды  сынға  алмау,

әзілге айналдырмау,  тақырыптан  ауытқымау,  нақты,  адал, әділ  ой  айту,

басқаларды  тыңдай  білу  сияқты

қарпайым  ережелердің

орындалуын

қамтамасыз етуі  керек.  Пікірталас тақырыбы  оның мақсатына  сай,  көкейтесті,

қатысушылардың

қызығушылығын

тудыратындай, 

теориялық

және


практикалық тұрғыда талдауға келетіндей болғаны дұрыс.

Пікірталастың кезеңдері:

мәселенің көкейкестілігі жайлы кіріспе сөз;

қызықты, қарама-қайшылыққа негізделген фактілерді келтіру;

аудиторияда пікірлер, көзқарастар қарама-қайшылығын тудыру;

оларды ортаға салу, «ақтау», «даттау»;

талдаудың шырқау шегі (айтысу, салыстыру, дәлелдеу т.б.) ;


40

финал  (өзіндік  көзқарас,  пікірлердің пайда  болуы, ұйымдастырушының

сұрақтарына жауап беруі, қорытындыға келу).

Пікірталас өткізу алдын-ала  дайындықты қажет ететін  жұмыс. Әдетте  ол

курстық жұмыстың соңғы  аптасында, талданып  жатқан  тақырып  төңірегінде

біраз  жұмыстар  жүргізілген  соң  ұйымдастырылады.  Оқытушы  бұл  жұмыстың

нәтижелі болуы үшін  алдымен  пікір  талас тудыратын  мәселені  дұрыс  таңдай

білуі  керек.  Ол  «ия»,  «жоқ» деп  беретіндей  проблемалық сұрақ түрінде

жұпталады. Содан соң «ақтаушылар» мен «даттаушылар» болып кіші топтарға

бөлінеді. Топтардың тақырыптың өздері таңдап алған позициялары шеңберінде

дәлелдер  мен  дәйектер  келтіру

үшін  уақыт

беріледі.  Топ  атынан

сөйлеушілерден  талап  етілетін  басты  шарт  дәлелдердің нақты  фактілерге

цифрларға  негізделуі,  мәселе  шеңберінен  шықпай  сөйлеу,  пікірталасты  дау-

дамайға айналдырмау, қарсы жақтың пікірін құрметтеу т.б.

Біліктілікті арттыру  аясында ұйымдастырылған «Мектеп  директоры

педагог  па,

әлде  шенеулік  пе?»

тақырыбындағы  пікірталастың

біраз

шындықтың бетін  ашуға,  ең бастысы  мектеп  басшаларының  өз қызметтеріне



жаңаша қарап, өз құзыры  шегінде  шешуге  болатын  мәселелер  жөнінде  ой

салғаны, өзін-өзі өзгертуге әсер еткені  курс  соңындағы  сауалнамадан  белгілі

болды. Бұл арқылы диспут практикаға бағытталған мақсаттарды шешуге көмек

ететіндігіне біздің көзіміз жетті. Тыңдаушылар еркін ой айтып, еркін сөйлеуге,

«қол  бастап,  сөз  бастау»,  пікір  айту үшін  алдын-ала  ізденуге  машықтанады.

Дегенмен  оқытушының пікірталасты қандай  жиілікте өткізу  керектігін  дұрыс

таңдауы аса маңызды.

Тәжірибелі  эксперимент  барысында  12  жылдық мектепке  көшу;  мектеп

формасын  кию; Ұлттық бірыңғай  тесті өткізу  тиімді  ме;  оқушылардың

сенбіліктерге 

шығулары 

сияқты


әртүрлі 

тақырыптарда 

пікірталастар

ұйымдастырылып, өткір ойлар ортаға салынды.

Ұйымдастыру-әрекеттік

ойындар 


барысында 

ойлау 


техникалық,

коммуникативтік,  рефлексивтік қабілеттер  бір  мезгілде  іске қосылады.  Жұмыс

түйткілді  мәселеге  шому,  бірлесе  талқылау  жағдайында өтетін  болғандықтан,

жұмыс  жасауға қолайлы  психологиялық жағдай  жасау ұйымдастырушының

басты  міндеттерінің бірі  болып  табылады.  Мәжбүрлеу,  басқаның пікірін

күшпен таңуға жол берілмеуі керек.



Модельдеу  (нобайлау) әдісі. Бұл әдістің практикалық мәселелерді

шешудегі маңызы зор. Нобайлау әдісі төмендегі ретпен жүреді:



I Нобайлауды бастамас бұрын:

1) нобайлайтын обьектіні анықтау;

2) нобайдың мақсаты (жобалық, зерттеушілік, т.б.);

3) обьектіні терең тану;

4) терең тану кезеңіндегі көкейкестілігі;

5) көкейкесті мәселеге көңіл бөле отырып, нобайлауға критерий таңдау;

6) нобайлаудың негізін анықтау;

7) нобайдың типін таңдау;



41

8) нобайлаудың тәсілін таңдау.



II Нобайлау:

1) аналогтың көптүрлілігінің обьектімен сәйкестігі негізінде критерийлер

таңдаудың анықталуы.

2) қорытынды талдаудың аналог критериімен сәйкестігі.



III Нобайлаудан кейінгі кезең;

1) обьектіні

зерттеу  кезіндегі  кездескен

қиыншылықтардан

шығу

шешімінің табылуы;



2) нобайға сүйене отырып жаңа білімнің қалыптасуы;

3) нобайлауды ретке келтіру;

4) нобайлауды қалыпқа келтірудегі қиындықтар.

Біліктілікті  арттырумен  айналысқан  көп  жылдық тәжірибемізде жиі

қолданылатын өзара белсенділік жағдайында жүретін жұмыстың бірі- шеберлік

кластары.  Курс мұғалімдердің кейде біліктілікті  арттыру  институттарының

әдіскерлері мен  оқытушыларының  өз  жетістіктерін  және  тәжірибесін  ортаға

салу мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара.

Білім алудың әр түрлі жолдары бар десек, солардың бірі мұғалімдердің бір-

бірінен үйренуі,  тәжірибе  алмасуы.  Шебер  кластары  осы  мақсатты  тиімді

шешетін,  оны өткізуші  мұғалім үшін  де, қатысушыларға  да  шеберлікті

шыңдауға  ықпал  ететін  жаңашылдық бағыттағы  игі қадам  деуге  болады.

Сондықтан өзінің шығармашылық шеберлігін  шеберханада  ортаға  салатын

мұғалім алдында:

- Өз тәжірибемнің қандай қырларын шеберханада көрсеткенім дұрыс?

- Оны қандай тәсілмен жарыққа шығаруым керек?

- Практикаға  көңіл  бөлу  керек  керек  пе,

әлде


оның

теориясына

тоқталғаным жөн бе?» - деген сұрақтар төңірегінде дұрыстап ойлану тұрады.

Ақыл-кеңес

беретін

әдіскерлер  де  осы  бағытта  толғанып,  шебер-



кластарының  құрғақ есепке  айналып кетпеуіне  көңіл  бөлген  дұрыс. Шебер

кластарында шебер – мұғалім өз  тәжірибесінің тереңіне  тағы  бір  бойлап,

ондағы

теориялық-сарпатамалық,



сипаттаушылық-әдістемелік

түйіннің


үйлесімді болуын ойластырған жөн.

Шығармашыл мұғалім оқушыға дайын білім бермейді, оның өзінің табиғи

нышандарын  және  ойлау жүйелерін  саналы  түрде  дамытуға әсер  ететін

мотивтерін қалыптастырады.  Сол  себепті де  мұғалімнің шығармашылық

әлеулетін дамыту бүгінгі  біліктілікті  арттыру  жүйесі  алдында  тұрған өмірді

шығармашылықпен өзгерте алатын тұлға қалыптастырудың негізгі кілті болып

табылады [14]. Семинарлар  мен  практикалық жұмыстар да  біліктілікті

арттырудың формалары  болып  табылады.  Бұларда мұғалімдердің дәріске

қатысу барысында  алған  мәліметтеріне әрі қарай тереңдей  түсу,  ол  білімдерді

өз бетінше  толықтыру, өз тәжірибесімен  салыстыру  сияқты мәселелер

шешіледі.  Семинар  барысында мұғалімнің белсендірудің жолдарын  іске

асырудың  құралдарын тиімді  пайдалана алуы өте  маңызды болып  табылады.

Оның барысында  білім  алушылардың

алдын-ала  берілген

тапсырмалар


42

бойынша өз  жұмыстарын қорғау ұйымдастырылады.  Мұндай  жұмыс  кезінде

оқытушы  мәселе  бойынша жанды  пікір  алмасуды қамтамасыз  еткені  жөн.  Ал

практикалық жұмыстар аудиториялық және  білім  мекемелеріндегі болып

бөлінеді.  Аудиториялық жағдайда техникалық  құралдар  (бейне  сабақтар,

компьютерлер,  т.б.)

қолданылса,  оқу  орындарында

өтетін  практикалық

жұмыстар  алдын-ала үлкен  дайындықты  талап  етеді. Бұл  кезеңде тақырып

обьектілер, анықталады, жоспар жасалып, жауаптылар белгіленеді, ақыл-кеңес,

нұсқаулар  беріледі.  Негізінен  4-6  сағатқа  созылатын  практикалық жұмыста

білім  көтеруші  мұғалім  теориялық білімнің практикадағы  көрінісін байқай

алады, қосымша  мәліметтер  жинақтайды.  Бұл жұмыста  да  жаңаша  мына

төмендегідей етіп ұйымдастару өзінің тиімділігін  көрсетті.  Мысалы;  алдында

ғана талданған  «қазіргі  дидактика»  тақырыбындағы ұжымдық дәрістен  кейінгі

семинарда  тыңдаушылар  топтарда әр  түрлі  сабақтардың  үлгі  жоспарларына

талдау  жасайды.  Ал практикалық жұмыс әдеттегідей білім  мекемелерінде

немесе институттың бейне сабақтар қорында қортындыланады.

Семинарлық және  практикалық жұмыс  барысында  мұғалімдердің өз

тәжірибесінен  хабарламалар  жасау,  панорамалық

сабақтар


өткізу,  т.б.

жұмыстарды ұйымдастыру  мұғалімнің өз шығармашылығымен  бөлісуін,

басқалардың идеясымен  толықтырылуын,  талдау, өзіндік талдау қабілеттерін

қалыптастыруға мүмкіндік  береді.  Біліктілікті  арттыруды  технологияландыру

байырғы лекция (дәріс) оқыту формасы ретінде мүлдем қолданылмайды деген

жаңа  ақпаратқа  негізделген,

ғылыми  тұжырымдамалар  философиялық

заңдылықтар 

жайындағы, 

психологиялық

ойлар 

турасындағы



тың

мағұлматтарды  көсіле қызықтыра  баяндау  тиімді  екенін айтқан  жөн  болады.

Мұндай дәрістердің де өн бойына қызықты деректер, проблемалық жағдаяттар,

диалог 


элементтерін 

енгізу 


мұғалімдердің

танымдық


белсенділігін

арттыратындығы сөзсіз.

Мұғалімнің  өзін  ойландыруға  бағытталған қазіргі  дәрістерді ақпараттық

технологияларды  пайдалану  арқылы өткізу  тиімді. Мысалы өз  тәжірибемізде

қолданылып жүрген мультимедиялық презентациялар түрінде ұсынылған дәріс

өзінің дамытушылық әлеуетінің мол екендігін көрсетті. Әрине, бұл дәріскерден

үлкен теориялық тереңдікті, әдістемелік  шеберлікті,  шығармашылық ізденісті

әсіресе компьютермен жұмыс жасай білуді талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет