Дәріс – білім алушыларды білім, ғылым саласындағы жаңа бағыттар
жайлы түсініктер беру үшін жаңа идеяны насихаттау, жаңа хабарламалар
жасау, жаңа тәжірибені жеткізу мақсатында қолданылатын кең тараған оқыту
әдістерінің бірі. Бұл – жоғары оқу орындары мен қосымша білім беру
мекемелерінің оқу үрдісінде қолданылады. Дәрістің маңызды сапасы оның
ғылымилығы, өмірмен байланылыстылығы, өміршеңдігі. Дәріс барысында
ақпараттың ғылымилығы, оның дәйектілігі мен дәлелдігі қамтамасыз етілуі
керек. Мүмкіндігіне қарай аудиовизуалдық құралдар қолдану оны тартымды
етеді. Дәріс мақсатына қарай: кіріспе, жинақтау, қалыптастыру; мазмұнына
қарай: ақпараттық
шолу, авторлық;
ал
әдісіне
қарай: репродуктивті,
43
жинақтаушы, проблемалық болып бөлінеді. Соңғы уақыттарда оқытудың жаңа
технологиялары, белсенді оқыту формасы деген көзқарастар пайда бола
бастады.
Дәстүрлі дәрістің тағы бір кемшілігі, онда мұғаліммен кері байланыс
жоқтың қасы. Дегенмен бұл формада ақпаратты таратудың ең жылдам жолы
болғандықтан, дәрістен бас тартуға болмайды. Екінші жағынан қазіргі уақытта
білім алушылардың
дайындық
деңгейлерін есепке ала отырып, оны
ұйымдастырудың формасы, әдісі мен мазмұнын өзгертуге болатындығын
айтқымыз келеді. Ол дәріскерлердің мына факторларды есепке алуын талап
етеді: мұғалімдердің дәрісті тыңдауға дайындығын, олардың ынта-ықыласын
арттыруға әсер ете алу, дәріскердің айтқалы тұрған ойына өзінің толық
сенімінің болуы, басқаларды сендіре алуы, мұғалімдердің көзқарастарына өз
эмоциясын білдіре алуы.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оларды қайта даярлау курстық
жұмыстар барысында мұғалімдердің өзін белсенді жағдайға қоятын дәріс
түрлерін
кеңінен
пайдаланған
жөн.
Мысалы:
«Қазіргі
дидактика»
тақырыбындағы дидактик, швейцар педагогы Ш. Фурьенің еңбегінен алынған
аңызды оқып, соған байланысты пікірлесу ұйымдастырылады.
Ол мына сұрақтар төңірегінде өрбіді:
- Бұл аңыз не жайында?
- Сіздер неге таң қалдыңыздар?
- Осы мектептің оқушыларын көз алдарыңызға елестетіңіздерші?
- Олар болашақта қандай азаматтар болып қалыптасады деп ойлайсыздар?
- Осы мектепті Сіздің жұмыс жасайтын мектебіңізбен салыстырып көріңіз,
ұқсастық бар ма?
Осындай қызу талқылаудан соң «жаңа дидактика» ұғымын енгізіп,
мұғалімдердің өздерін қатыстыра отырып, жаңа мақсаттар, міндеттер, жаңа
мазмұн,
дидактикалық
қағидалардағы
өзгерістер,
әдіс
технологиялар,
педагогикалық үрдістің қатысушылары арасындағы жаңаша қарым-қатынас,
оқыту
нәтижелерін
жаңаша
бағалау
сияқты
дидактикалық
жүйенің
компоненттері бірлесе талданады.
Бұл жерде дәріскер ретінде мұғалімдердің тәжірибесіне сүйену, бейне
сабақтардан үзінділер көрсету, ойландыратын сұрақтар қою арқылы білімдік
үрдісті жандандырып отыр керек. Дәріс соңында білім алушылардың қоятын
сұрақтарына жауап беру, олардың педагогикалық әрекетіндегі қиындықтарына
құлақ асып, баға беру, сол арқылы жаңа көзқарастар қалыптастыруға жағдай
жасалса, ал қажетті әдебиеттерді ұсыну мұғалімдердің әрі қарай ізденіске
түсуіне ықпал етеді. Мұндай дәрістерде мұғалім өз тәжірибесін дәріскердің
пікірімен салыстыру арқылы өз позициясын анықтауға мүмкіндік алады.
Бұл тәжірибеміз педагогтардың кәсіби шеберлігін дамытуға игі әсерін
тигізеді. Келтіргелі отырған мына мысалдар сөзіміздің дәлелі бола алады деп
ойлаймыз. Мысалы, «Дамыта оқытудың теориясы мен технологиясы»
44
тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына келген мұғалімдерге алғашқы
күні төмендегідей сұрақтар қойылады [14]:
- Даму деген не?
- Дамыта оқыту жайлы не білеміз, не айта аламыз?- деген білім, яғни еске
түсіру деңгейіндегі сұрақтарға жатады. Өйткені оларда мұғалімдер тек
өздерінің не білетінін еске түсіру, санасынан шығарып, ойына түсіріп айту
сұралып тұр. Бұл жағдайда мұғалім ешнәрсені өзгерпей, жадында сақталған
ақпаратты айту керек. Берілген жауаптар арқылы мұғалімдердің дамыта оқыту
жайындағы бастапқы деңгейлері анықталады. Бұл біліктілікті арттыруда белгілі
бір дәрежеде бастапқы диагностиканың қызметін атқарады. Осы сұрақтар
төңірегінде ой өрбіту, пікір бөлісу мәселені әр қырынан қарап зерттеуге
бағытталған идеяларды туындатады. Мұндағы басты мақсат = мұғалімдердің
курс тақырыбының көкейтестілігіне көздері жетіп, оны үйренуге деген
қызығушылықтарын ояту. Соның нәтижесінде бірінші күннен мұғалімдер
ізденушілік, белсенді әрекет жағдайына түсуі мүмкін болады.
Түсінік, талдау, жинақтау мақсатындағы сұрақ тапсырмаларды курстық
жұмыстың екінші кезеңінде қолдану тиімді. Оқытудың проблемалық-дәріс,
дәріс-семинар формасы тыңдаушылардың өз бетінше білім алуын, білімін
ортаға салуын талап етеді.
Өйткені дәріс беруші
үнемі біліктілікті
арттырушылар
алдына
мәселелер
қойып,
ол
жағдаяттарды
шешуді
ұйымдастырады. Бұл тәжірибемізді мысалдар арқылы көрсетсек: дамыта
оқытудың
дәстүрлі айырым
–
өзгешеліктері
жайлы (мақсаттарындағы,
дидактикалық қағидалар мен нәтижелердегі, оқушы мен мұғалім арасындағы
қарым-қатынас пен сабақтың ұйымдастыру формаларындағы) талқылауларда:
Екі оқыту теориясындағы айырмашылықтарды айтыңыз, оларды
салыстырыңыз.
Дәстүрлі оқыту жүйесіндегі бүгінгі өмір, даму заңдылықтарына қатысты
сәйкессіздіктерді атап, түзету жолдарын көрсетіңіз.
Дамыта оқытудың қағидаларына сәйкес сабақ жоспарын жасаңыз т.б.
түріндегі тапсырмалар беріледі.
Мұндай сұрақтар мен тапсырмалар жаңа ақпаратты терең түсінуге, оны
мысалдармен дәлелдеуге, анықтамаларды тұжырымдауға, мәселенің бөліктерін
жеке зерттеп, құрылымдарды қайта біріктіріп шешім қабылдау, жаңа жолдар
табу, жаңаша жұмыс жасау мүмкіндігі туады. Мұғалімнің шығармашылық
әлеуетінің даму тұстары да осы кездер. Мұғалімнің өз ойлау жүйесінен өткізіп,
санасында сараланған ақпарат жаңаша сипат алып, болашақтағы сабақ
жобаларына айналады. Курстық жұмыстың соңғы кезеңінде оқу барысында қол
жеткен табыстарға баға беру, өз білімдік, тәжірибелік қорындағы жаңа
ақпараттың
алар
орнын
анықтау
жүзеге
асады.
Дәл
осы
кезеңге
итаксономиядағы ең жоғары деңгейдегі сұрақтар сәйкес келеді. Мысалы олар:
- Курстан кейін Сіздің жұмысыңызда не өзгереді?
- Дамыта оқыту жүйесіндегі басты жаңалық жайлы толғаныңыз – түріндегі
сұрақ-тапсырмалар. Бұл тапсырмаларды орындау арқылы мұғалімдер білім алу
45
барысындағы жүріп өткен жолдарына шолу жасап, нендей қорытындыға
келгенін тұжырымдайды. Жаңаша жұмыс жасауға қажетті ұстаным, дағды,
білім алғандарын, оны өз беттерінше қолдана алатындықтарын куәландырады.
Ойымыз дәлелді, нақты және түсінікті болуы үшін «Оқыту технологиялары»
тақырыбындағы дәрісті Блумның такономиясы бойынша талдау кестесін
ұсынамыз.
«Оқыту технологиялары» тақырыбындағы дәрісті Б. Блум таксоманиясы
негізінде талдау
Тақырыптың
құрылымдық
элементтері
Меңгеру деңгейлері
Білім
Түсінік Қолдану Талдау
Жинақ-
тау
Бағалау
Оқыту
технологиялары
жайлы бастапқы
білім деңгейін
анықтау
+
+
Технологиялардың
аттары, авторлары
+
Оқыту
технологияларына
көшудің себептері.
Технологиялар
жіктемесі.
Технологиялармен
танысу
+
+
+
+
Технологияларды
қолданып мини-
сабақтар әзірлеу
+
+
Әдістемелерден
айырмашылықтарын
анықтау.
Артықшылықтарын
айғақтау
+
+
Бұл кестеден дәріс тақырыбын талдау барысындағы «кадр сыртында»
тұрған дәріскердің
мақсаттарын айқын көруге болады. Тақырыптың
құрылымдық элементтерін меңгерудегі үлгілерді байқау қиын емес. Тек ол
46
үшін дәріскер өз жоспарын құрған кезде деңгейлік тапсырмаларды дұрыс
ойластыру қажет. Әр тапсырма мұғалімдердің бірте-бірте күрделеніп бара
жатқан әрекеттерін түзілуін қамтамасыз етеді.
Біліктілікті арттыру жұмысын таксономиялық жүйеде жоспарлап өткізу
арқылы курстың әр кезеңіне «жасырын» жағдайда акме қалыпқа басқыштар
арқылы, біртіндеп жетудің әр деңгейіндегі мәселесі табысты шешіледі.
Мысалы: мұғалім білімді есіне түсіреді, толықтырады, білім алудың жаңа
тәсілдерін меңгереді, өзінің тұлға ретінде дамуының стратегиялық бағыттарын
анықтайды, өзінің кәсіби қызметіне басқаның көзімен қарауға үйренеді. Бұл
мына үш тәсіл арқылы жүзеге асады:
- өзін басқалармен салыстыру;
- рефлексия жасау;
- эмпатия-эмоционалдық үндесу, түсінісу.
Сонымен белсенді оқыту әдістерінің жүйесі – мұғалімдердің білім алу
қызметінің тізгінін өз қолдарына алу формасы болып табылады. Оның табысты
болуы мұғалімдердің білім алудың, өзін-өзі дамытудың тетіктерін меңгеру
дәрежесіне байланысты.
Оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асыру үшін оларды жеке, топтық
ұжымдық жағдайда қолдануды қолдай, сараптай алатын кәсіби орта қажет.
Сондай ортаның бірі – бұл мұғалімдердің біліктілігін арттыру мекемесі болып
табылады. Мұғалім
өзінің
кәсіби шеберлігін жетілдіруде осы аталған
біліктілікті арттыру институттарына барып қайта даярлау курстарынан өтуі
тиіс. Яғни мұғалім өзін қайта даярлау арқылы төмендегі міндеттерді тиімді
шешуді қамтамасыз етеді:
мәселені шешудің жолдарын іздеуде өз дербестігін қалыптастырады,
міндеттерге сәйкес қорытындыларды тұжырымдауды үйренеді, ең жақсы
тәжірибені ортаға салу арқылы болашақ әрекеттің жаңа нобайын жасауды
меңгереді;
мәселені шешудің тиімді жолын ұжым болып іздестіру, өз тәжірибесін
басқалармен салыстыра отырып
өзінің
эмоциональдық-еріктік аймағын
дамытады;
оқу материалымен, оқытушымен, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуін
жүзеге асырады;
нақты педагогикалық мәселелерді шешуде мұғалімдердің әрқайсысынан
талап етілетін сыни баға беруді үйренеді;
құбылыстар мен үрдістердегі жалпы және ортақ мәселелерді салыстыру
арқылы интеллектуалдық аймағын дамытуды меңгереді;
топтық ұжымдық тәжірибе арқылы, ондағы идеяларды талдау арқылы
өзінің кәсіби тәжірибесін байытуға мүмкіндігі туады;
өз бетінше білім алу үрдісіне қатысу арқылы жеке дербестігі дамиды.
Белсенді оқыту
әдістерін
қолдану арқылы педагогтар шешімдер
қабылдауды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, олардың прогностикалық
47
және коммуникативтік қабілеттері мен психолгиялық болжай алушылық, өз
ұстанымдарын дәлелдей алу біліктері де дамиды.
Жоғарыда
үлгісі сипатталған курстық
және басқа да
әдістемелік
жұмыстардың нәтижесінде шағын жинақты мектеп мұғалімі:
Біріншіден:
- қолданыстағы бар тәжірибеден пайдалы істі таңдап ала білудің;
- өз
біліміндегі байланыстарды
ұйымдастыру және оларды ретке
келтірудің;
- өз бетінше білім ала білудің;
- өз мәселесін өзі шешудің жолдарын меңгереді.
Екіншіден:
- әртүрлі жаңа білімдерді, ақпараттарды:
- әртүрлі
құжаттардан,
ғылыми-теориялық
әдебиеттерден
жаңалық
көздерін іздеуге машықтанады.
Үшіншіден:
- өзінің өткен тәжірибесі мен жаңалық арасындағы әрекеттестікті;
- өзінің әлсіз және күшті жақтары жайлы ойланып, талдау жасауға
үйренеді.
Төртіншіден:
- жаңашыл ұстаздармен, ғалымдармен, ұжымдармен;
- оқушылармен, ата-аналармен ынтымақтасады.
Мұғалімдердің
өздерін-өздері
бағалаулары
үшін
ұйымдастырылған
жұмыстардың маңызы зор. Өйткені бұл жағдай да әр адам өзінің нақты
жағдайын «көзімен көріп», әрі қарай даму траекториясын белгілеуге мүмкіндік
алады. Тәжірибемізде қолданып келген курстық жұмыстың нәтижелерін
бағалаудың және өзіндік бағалаудың шығармашылыққа деген, кәсібиліктің
деңгейлері
және
күнделікті
практикалық
мотивтердің
әрекетте
шығармашылықтың көрінуінің жалпы қорытындылары мұғалімдерде бұл
көрсеткіштердің артқанын көрсетті.
Шағын жинақты мектеп жағдайына мұғалімдерді бейіндеп қайта даярлау,
олардың педагогикалық шеберлігін дамыту күрделі және көпқырлы мәселе.
Сондықтан мәселені жан-жақты қарастыру барысында алынған нәтижелер оны
шешудің бір ғана жолы деп есептеп, бұл бағыттағы ізденістер болашақта жас
мұғалімдерде, мектеп басшыларында, әдістемелік мекемелер қызметкерлерінде,
жоғары оқу орындары мамандарында осы сапаны дамытудағы сабақтастықты
қамтамасыз ету, кәсіби маман, шығармашыл ұстаз даярлау әдістері мен
көрсеткіштерін жасау тұрғысында өзінің жалғасын табуы тиіс деп есптейміз.
Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін дамытуға бағытталған әртүрлі іс-
шаралар,
ғылыми-практикалық
конференциялар,
сайыстар,
жарыстар,
форумдар өткізілуде. Олардың аясында ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін
талқылауға,
арналған дөңгелек
үстелдер, арнайы мүдделі топтардың
жұмыстары, шебер кластары, семинар-тренингтер, мини-зарттеулер, бейресми
бас қосулар, т.б. формадағы іс-шаралардың жоспарланып өткізілуі дәстүрге
48
айналған. Ғылыми-практикалық конференциялар өткізу жаңалық емес. Оның
бағдарламасының
пленарлық
мәжілістен,
секцияларды
талқыланатын
баяндамалар,
қысқаша
хабарламалар,
анықтамалар
көрмелер
т.б.
ұйымдастырылатындығын барлығымыз білеміз.
Ғылыми-практикалық конференциялардың кәсіби дамудың басқа да
формалары тәрізді білімдік өзгерістер үшін маңызы зор. Олар мұғалімдердің
білім саласындағы реформалар мен әлеуметтік өзгерістер жөніндегі ойлары мен
сенімдерін жаңалаудағы
құрал
қызметін атқарады.
Әрине бүгінгідей
инновациялық жағдайда осылайша өтетін конференциялар тұтынушылардың
талаптарына толыққанды жауап береді деп айту қиын. Олай дейтініміз бірнеше
сағат, кейде тіпті бірнеше күндер басқаларды тыңдап отыру шаршататын
шаруа. Осыған орай ғылыми-практикалық конференцияларда дәстүрлі мектеп
жағдайындағы мұғалімдердің өз проблемаларын шешу үшін не істеу керек
екендігін басқалардан көріп, сұрап білу сияқты әдеттерінен айықтыру мәселесін
шешу ойластыру керек. Мұндай ғылым мен тәжірибенің кіріккен тұсындағы іс-
шара
оған
қатысушылардың
өздерінің
кәсіби
дамуларына
деген
жауапкершіліктерін арттыруға қызмет етуге тиіс деп ойлаймыз. Сондықтан
ғылыми-практикалық конференцияларға мұғалімдер жаңалықты үйрену, кәсіби
байланыс жүйелерін
құру
үшін
қатысады
деп санаймыз.
Және олар
мұғалімдерді жаңа
әдіс-тәсілдермен, теориялармен рухтандырып,
күш
беретіндей, педагогикалық шеберлігін арттыратындай болып ұйымдастырылуы
тиіс деп есептейміз, өзіміз тәжірибемізде осы бағытты ұстандық.
Атап айтсақ, біздің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,
республикалық «Шағын жинақты мектепті дамыту» орталығы мен Қарағанды
облысы
бойынша
педагог
кадрларды
қайта
даярлау
интитутының
ұйымдастыруымен
шағын жинақты мектептер мен тірек мектептердегі
(ресурстық
орталықтағы)
педагог
қызметкерлердің
біліктілігін
арттыру
мақсатында үстіміздегі жылдың 8-12 сәуір күндері Қарағанды облысы Ақтоғай,
Бұқаржырау, Осакаровка аудандарының ресурстық орталықтар базасында «12
жылдық білім беруге көшу жағдайында тірек мектептердің (ресурстық
орталықтардың) қызметін жетілдіру және оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру»
тақырыбында
педагогтер
тағылымдамасын
(стажировка)
өткізді.
Тағылымдаманың теориялық бөлімінде:
• 12 жылдық
білім беруге көшу жағдайында тірек мектептердің
(ресурстық орталықтардың) қызметін жетілдіру;
• оқу-тәрбие
процесін
ұйымдастыруда
педагог
қызметкерлердің
біліктілігін көтеру;
• білім беру үдерісін оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етудің түйінді
мәселелерін шешу жолдары жан-жақты талқыланды.
Тағылымдаманың
практикалық
бөлімінде
Қарағанды
облысының
Шашубай, Ростовка, Осакаровка тірек мектептері (ресурстық орталықтары)
өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісті және республика өңірлерінен келген
ресурстық орталық педагогтары өзара тәжірибе алмасты.
49
Сонымен
қатар
18-сәуір күні Ақмола облысы Шортанды ауданы
№3 тірек мектебі
(ресурстық орталығы) базасында «Шағын жинақты
мектептегі білім беру процесі проблемалар, тәжірибелер және жаңашылдық»
тақырыбында республикалық семинар өткізілді.
Қадамдық жоспарға сәйкес Тірек мектептер (ресурстық орталықтар)
қызметін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында 11-12 маусым күндері Алматы
облысының Ақсу ауданы, Жансүгіров кенті, Е.Сиқымов атындағы, Кербұлақ
ауданы Малайсары тірек мектептері (ресурстық орталықтар) базасында «Тірек
мектептер
(ресурстық
орталықтар)
қызметін
ұйымдастырудың
басым
бағыттары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – шағын жинақты мектептердегі білім беру процесін
жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылау, шешу жолдарын айқындау,
жаңашылдық идеяларды ортаға салу, өңірлік тәжірибе алмасу.
Білім саласында болып жатқан осындай формалық өзгерістерге
байланысты педагог – ғылымдардың алдында осы саладағы шетелдік және
отандық
тәжірибелерді, теория мен практиканы
ғылыми-педагогикалық
тұрғыда негіздеп, бейінді оқытуды жұмыс барысына енгізудің тиімді жолдарын
жасау міндеті тұр. Мұғалім тұлғасын дамыту мәселесіне еліміздің ғалымдары
мен шетел ғалымдары зор көңіл аударған.
Мұғалім тұлғасын қалыптастыру проблемасы туралы кезінде А. Дистервег,
Я.А.Коменский, И.Г.Песталоци, Ж.Ж.Руссо, К.Д. Ушинский және т.б.
педагогтар өзінің іс-тәжірибелеріне сүйене отырып, талдау жасаған. Қазіргі
заман педагогтары болса, В.И.Андреев, Ю.К.Бабанский, Н.В. Кузьмина,
В.В.Сериков, В.А.Сластенин, А.В. Усова, Н.Д. Хмель
мұғалім
тұлғасын
қалыптастыру
процесінің
психологиялық-педагогикалық
негіздеріне,
педагогикалық мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына
тоқталады. Мұғалімнің
іс-әрекетінің
профессиограммасын, оқушылардың
шығармашылық және өздігімен дербес білімін жетілдіруге байланысты
ғылыми-әдістемелік бағдар қарастырылды.
Мұғалімнің
кәсіби іскерлігін дамыту проблемасы да
ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылды. Оны ғылыми-теориялық тұрғыда О.А.Абдуллина,
В.А.Беликов, Г.Д. Бухарова, М.М.Левина, Н.Н.Хан және т.б. ғалымдар
негіздеді.
Мұғалім тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттерін толық топтастырып
зерделеген Ю.К. Бабанский болды.
Оның еңбектерінде мұғалім тұлғасының қасиеттерін сол кездегі құзырлы
биліктің рөлдерін атқарған мектеп директоры, оның орынбасарлары және
мектептің қоғамдық ұйымдарының жетекшілері бағалады.
Ғалым өзі анықтаған мұғалім тұлғасының қасиеттерін үш топқа біріктірді:
жеке тұлғалық; оқу іс-әрекеттерімен байланысты қасиеттері; мұғалімнің тәрбие
жұмысымен байланысты қасиеттері.
50
Жоғары оқу орны студенттеріне қоғам талабына сай сапалы білім беру
және оларды бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу педагогика ғылымы
саласына жаңа әдіснамалық негіздегі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр.
Мұғалімді дайындауда, ең алдымен, әрбір педагог-маманның бойында
жеке тұлғаны қалыптастыру керек.
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау жүйесінің жасалуының негізгі
идеялары қағидалары;
- дүниетанымдық,
білімдік
және
кәсіби
бағытты
анықтайтын
педагогикалық мәдениетті қалыптастыру;
- тұлғалық білімді жүзеге асыруда ойлау компоненттерін дамыту;
- білім жүйесін, бүтін әрекетті, шығармашылық тұлғаның табиғи бағытын
басынан қалыптастыруға танымның жалпыдан дараға бағытталған дедукция
ұстанымы мүмкіндік береді;
- біртұтастық, даму, сәйкестік және сақтану ұстанымы, ойдың бір-бірімен
байланысты, жалпыдан дараға және керсінше, екі үрдістің қозғалысын
қамтамасыз етеді;
- кәсіби педагогикалық іс-әрекетті игеру механизмі танымның бастапқыда
жабық құрылымын кейініректе оның
маңыздырақ
элементтер арқылы
құрылымдар мен жаңа пайымдаулар құруды болжайды;
- педагогтың қалыптасу барысының тұтастығы дифференциалды білім
беру барысында пәнаралық байланыстар және теория мен тәжірибенің бірлігі
арқылы ойды жүзеге асыруда болады [17].
Білім беруде әрекеттік тәсіл және студенттердің білімін жүйелендіру білім
беру мазмұны мен құрылымын қарастыруға мүмкіндік береді.
Мұғалімдік тұлғаның қалыптасуының бастапқы кезеңі студентті зерттеуші
орнына қою, олай болса, студент кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәнін
іздеудегі мүше болып табылады.
Ал, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, тек орынды тәсіл арқылы
анықталады. Бұл кезеңде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәнін іздеудегі
мүше болып табылады.
Бұл кезеңде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, тек орынды тәсіл
арқылы анықталады. Педагогикалық басқару іс-әрекеті келесі мәселерді
атқаруы
қажет: кәсіби-педагогикалық
іс-әрекеттің
қалыптасуының
бүтін
қызметі, даму құрылымы бар, ал білім алушы жеке тұлға осы тұрғыда кәсіби-
педагогикалық іс-әрекеттің түрлі деңгейлерінде (іс-әрекет деңгейі, әрекет
деңгейі, операция деңгейі) өзін-өзі басқару сипатын алады.
Ақпараттық технологиялар арқылы мұғалім тұлғасын дамыту келесідей
принциптерге негізделеді:
- педагогикалық үдерістің
мақсаттылығы, ол мұғалімді даярлауға
диференциалды (баламалы) тұрғыдан қарау негізінде жүзеге асады;
- теорияның практикамен оңтайлы өзара қатынастығы, ол мұғалімнің
кәсіби біліктілігі және еңбек тәрбиесі негізін құрайтын интегративті білімді
қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
51
- кәсіби даярлаудың біртұтастылығы, ол, соның ішінде әрбір түлектің
біліктілік жұмысты орындау міндеттілігін және мемлекеттік емтихандарды
кәсіби пәндер бойынша тапсыруын: педагогикадан: жаратылыстану пәнін
оқыту әдістемесінен; жаратылыстану пәнінен (мамандандыруына сәйкес)
қамтамасыз етеді.
- жас маманның кәсіби бейімделуі, ол мамандықты таңдаудың баламасы
есебінде барлық білім жүйесінде (мектеп, лицейлер, колледждер, жоғары
орындары)
және
экономиканың
нақты
бөлімінде
басқарушылық,
психологиялық-педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік сипаттағы
шаралар жүйесін жүзеге асыру негізінде жетіледі.
Сонымен қатар мұғалім тұлғасын дамытуда келесідей принциптер ескерілу
керек:
1) кәсіби пән бойынша білім берудің біртұтастығын оқытудың, тәрбиенің
және дамытудың жиынтығы ретінде қарастыру;
2) пәндік даярлаудың жүйелілігі, ол мынадай кезеңдер бойынша жүзеге
асады: пәндік ғылыми-жалпы кәсіби-тереңдетілген кәсіби даярлау-біліктілік
(дипломдық) жұмыс;
3) оқытудың дамытушылық сипаты.
Мұғалім тұлғасын дамытудың педагогикалық шарттарын төмендегідей
тұжырымдаймыз :
-
болашақ мұғалімнің тұлға ретінде дамуына әсер ететін білім алу
траекториясына және
өз бетімен жұмыс жасауына
қолайлы жағдай
туғызатындай
ақпараттық-телекоммуникациялық
құралдарды
пайдалану
аясының кең болу шарты;
- мұғалімнің оқу, оқу-әдістемелік ісін ұйымдастыруда жүйелілік іс-әрекет
етуге бағыт-бағдар беру шарты.
Бұл педагогикалық шарттар негізінде студенттің жоғары оқу орнында оқып
жүргенде негізгі меңгеру компоненттерін анықтаймыз, олар:
-
жоғары білім жүйесінде білімді ақпараттандыру талаптарын анықтайтын
мақсат пен міндеттер;
-
білімнің
ақпараттануын
әдістемелік,
теориялық,
педагогикалық-
психологиялық негіздерімен анықтайтын мазмұны;
-
ақпараттық
технологияларды
қолдану арқылы мұғалім тұлғасын
дамытуды ұйымдастырудағы қадамдар.
Бұл шарттар нәтижесінде оқу үдерісінде ақпараттық технологиялар
арқылы мұғалім тұлғасын дамыту дамытуда мультимедиалық электрондық оқу-
әдістемелік
кешендерді
оқу-тәрбие
үрдісінде
қолдану,
студенттердің
ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениеттілігін, ақпараттық
Құзыреттілігін дамытуға, білім сапасының артуына игі әсерін тигізеді.
Аталған кешенді қолдану арқылы бүгінгі күннің кез келген мұғалімі АКТ-
ны өз пәнінде қолдану демонстрациялық, басқарушы, бақылаушы, тексеруші
құралы ретінде пайдалана алады. Яғни, дамыған мұғалім тұлғасын дамытудың
педагогикалық шарттары ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқытушы
52
мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы негізінде жүзеге асады. Сондықтан
бұл шарттар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Осы тұрғыдан алғанда,
зерттеу жұмысының қазіргі жоғары білім беру жүйесінде мұғалім тұлғасын
дамытудың ғылыми-теориялық
негіздері жоғары білім беру жүйесін
ақпараттандыру, мұғалім тұлғасын дамыту бағытын жүзеге асыру және
еліміздің білім беру саласын жетілдіру сұраныстарына тікелей байланысты.
Ақпаратты технологияны қолдану арқылы мұғалім тұлғасын дамытудың
ғылыми-теориялық негіздері жоғары білім беру жүйесінде мұғалім тұлғасын
дамытудың ғылыми-теориялық
негіздері жоғары білім беру жүйесін
ақпараттандыру, мұғалім тұлғасын дамыту бағытын жүзеге асыру еліміздің
білім беру саласын жетілдіру сұраныстарына тікелей байланысты.
Олай болса ХХІ ғасырда, адамзат дамуының ақпараттық кезеңіне оқыту
белесіне тұспа-тұс уақытта білім беру үзіліссіз және маңызды процесске
айналуы тиіс. Ақпараттық технологияны қолдану арқылы мұғалім тұлғасын
дамытуға негіз болатын компьютерлік сауаттылық, ақпараттық мәдениет,
ақпараттық құзыреттілік, ақпараттық іс-қимыл, педагогикалық шарттары мен
ұйымдастыру
формалары (ғылыми жұмыстар, оқу-әдістемелік
шаралар,
семинарлар, тренингтер, дөңгелек
үстелдер және т.б.)
қолданылады.
Мемлекетіміздегі білім саласындағы болып жатқан реформалар жоғары оқу
орындары мен мектеп саласына байланысты. Бұл бағыттағы негізі ұстаным-
орта білім берудің сапасын арттыру, студенттерді кәсіпке баулу және мектеп
мұғалімінің бүгінгі кәсіби мәртебесін одан әрі көтеру болып табылады. Қазіргі
кезде
білім
берудің
негізгі
мақсаты
білімі,
біліктілігін
дағдысын
қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі
қоғамның белсенді азаматы – бүгінгі мұғалім тұлғасын дамыту.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемде болып жатқан
келелі
жаңалықтармен
ұштастыру
мақсатына
байланысты
еліміздің
педагогикалық қоғамдастығының алдында білім беру саласына сапалық
өзгерістер енгізу мәселелері тұр.
Білім беру мәселелерін жан-жақты қамтыған бұл тұжырымдамаға сәйкес
аталған негізгі мақсаттар төмендегідей:
-қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға
деген мүддесін қанағаттандыру;
- әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға
кеңінен мүмкіндік беру.
Ал мұғалімнің
негізгі міндеті – іргелі білімді жан-жақты меңгерген,
бастамашыл, еңбек рыногы мен технологиялардың
ауысып тұратын
талаптарына бейімделген, ұжымда жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман
даярлау болып табылады [18].
Мұғалім дайындауда, ең алдымен, әрбір педагог-маманның бойында жеке
тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Оның негізі педагогикалық оқу орнында
қаланады. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасу барысы төменде
53
көрсетілген ұстанымдардың ара байланысы арқылы тиімді жүзеге асады.
Педагогикалық басқару іс-әрекеті келесі мәселелерді:
- кәсіби –педагогикалық іс-әрекетті игеру механизмі танымның бастапқыда
жабық құрылымын кейініректе оны маңыздырақ
элементтер арқылы
құрылымдар мен жаңа пайымдауларды құруды болжайды;
- педагогтың қалыптасу барсының тұтастығы дифференциалды білім беру
барсында пәнаралық байлданыстар және теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы
ойды жүзеге асыруды қарастырады.
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасу барысы төменде көрсетілген
ұстанымдардың ара байланысы арқылы тиімді жүзеге асады.
Педагогикалық басқару іс-әрекеті келесі мәселелерді атқару қажет: кәсіби-
педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуының бүтін қызметі, даму құрылымы бар,
ал білім алушы жеке тұлға осы тұрғыда кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің түрлі
деңгейлерінде (іс-әрекет деңгейі, әрекет деңгейі, операция деңгейі) өзін-өзі
басқару сипатын алады. Педагогикалық жүйе ақпараттық қасиетке ие. Білімнің
құрылымдық элементтерінің негізінде жүзеге асатын ақпараттың жалпылау
үрдісі оқу ақпаратының тежелуінің негізгі құралы болып табылады. Әрекеттің
нысаналы ұстанымы (Л.В.Усова, Л. Я.Зорина, В.Ф.Шаталов), білім элементтері
мен игеру жүйесін студенттердің меңгеруіне берілген алгоритмдік және
эвристикалық ұйғарымдардың негізінде жүзеге асырлады.
Білім беруде әрекеттік тәсіл және студенттердің білімін жүйелендіру білім
ақпаратының мазмұны мен құрылымын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл
білімнің екі жүйесінен тұрады: пәндік қызмет және оқу қызметі. Педагогикалық
білім білімнің екі (мазмұндық және операциялы) түріне саяды. Мазмұндық
педагогикалық
деп
педагогикалық
деректер,
педагогикалық
ұғымдар
(педагогикалық құбылыстар, үрдістер, олардың сипаттары мен көлемдері),
педагогикалық
заңдылықтар мен теорияларды түсінеміз. Операциялық
педагогикалық білімге кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің құрылымдық білім
(әрекет және интеллектуальды операция), ғылыми танымның әдіс тәсілдері,
ойлаудың түрлері мен деңгейлері эвристикалық және алгоритмдік құралдар
жатады. Көрсетілген ұстанымдар болашақ мұғалімдерде кәсіби-педагогикалық
іс-әрекеттің
қалыптасуын
жан-жақты
қарастыруға
мүмкіндік
береді.
Ұстанымның кейбір ерекшеліктері – диалектикалық тұтастығы және теория мен
практиканың үйлесуіне тоқталайық. Аталмыш ұстаным оқу-шығармашылық іс-
әрекеттің ұтымды іске асуына ықпал етеді.
Педагогикалық іс-әрекеттің заңдылықтарын педагогика білімі құрайды.
Бірақ, «педагогикалық іс-әрекет заңдылықтары» ұғымын ғалымдар әр түрлі
қарастырады. В. В. Краевский педагогикалық іс-әрекетті қоғамдық қызметтің
ерекше түрі ретінде қарастырады, ал оның заңдылықтары жеке субьектілердің
мақсатына қарамастан пайда болатын қажетті байланыстардың мәнін ашады.
Педагогикалық іс-әрекеттің заңдылықтары бойынша білім констуктивті-
техникалық (нормативті) қызметін атқарады.
54
Бұл жағдайда педагогикалық қызмет және педагогикалық қызметті
басқарудағы дидактикалық заңдылықтарының жиынтығы:
- кәсіби-педагогикалық іс-әрекет нақты педагогикалық мәселелерді шеше
алуда жүзеге асқанмен, мұғалімнің
кәсіби-педагогикалық
іс-әрекетінің
қалыптасуы бүтін ретінде жүзеге асады;
- кәсіби – педагогикалық іс-әрекеттің функциональды үлгісі оны нақты
мақсат қойғанда дара педагогикалық қабілет пайымдалған құрылым ретінде
қарастыруға мүмкіндік береді;
- ортақ пен дара арасындағы сәйкестік ұстанымы нақты педагогикалық
қабілет құрылымына айналатын пайымдалған құрылым ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді;
- ортақ пен дара арасындағы сәйкестік ұстанымы нақты педагогикалық іс-
әрекетті ерекшелік арқылы ортақтың ішіндегі дара ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді.
Іс-әрекеттің нақты бір түрлерінің мазмұнын меңгеруге, нақты бір кәсіби-
педагогикалық іс-әрекеттің құрылымын құрастыра алуды қалыптастыруға,
фундаментальды теориялық
түсініктердің
(іс-әрекет, оның құрылымы,
мазмұны) мазмұнын ұғынуға бұл тәсілдер мүмкіндік береді.
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісі алдымен оқу-
зерттеу, содан соң кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке айнала отырып жүзеге
асырлады.
Мұғалім тұлғасының қалыптасуының бастапқы кезеңі оқушыны зерттеуші
позициясына қояды, соған байланысты, оқушы кәсіби-педагогикалық іс-
әрекеттің мәнін іздеуге қатысушы болады да, оның мәні тұтас әдіс тұрғысынан
ғана анықталады.
Осы кезеңде педагогикалық қызметтің
мәнін
қабылдай отырып,
педагогикалық іс-әрекеттің алуан түрлі негізгі функцияларын бөліп көрсету
жүзеге асырлады.
Н.Ф. Белокур біліктерді жіктеуде дидактикалық біліктердің мынадай
жүйелерін көрсетеді: конструктивті, орындаушылық және сараптамалық.
Біліктердің бірінші жүйесіне оқу пәнінің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау
білігі жатады, ол мынадай құрамдас бөліктерден тұрады.
1. Оқу тақырыбы мазмұнының
дидактикалық
сараптамасы, оның
дамытпалы мүмкіндіктерін айқындау
2. Оқу тақырыбының оқу пәнінің оқу-тәрбие міндеттері жүйесіндегі рөлі
мен орнын көру.
3. Дәріс алушылардың оқу-тәрбие іс-әрекеті процесінің қиындықтары мен
күрделілігінің оңтайлы ара қатынасын анықтау
4.
Әлеуметтік ойлардың,
педагогикалық
іс-әрекеттің, дидактикалық
принциптердің сабақтың мақсаты мен міндеттерінде пайымдауы».
Білім берудегі басты талап – оқытудың гуманистік бағытталған, яғни
адамды жеке тұлға ретінде дамытуды көздеп, оның жеке әлеуметтік және
педагогтық мәдениетін көтеруге бағытталған болуы.
55
Ал
білім
алушының
негізгі
мақсаты
білім
алып,
білік
пен
шығармашылыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік
және педагогтық біліктілікке ұмтылу ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және
жұмыс істеу болып табылады.
Көптеген ғалымдардың еңбектеріне, бақылауларына және тәжірибемізге
сүйене отырып, мынадай қорытындыға келеміз:
- мұғалім тұлғасы күрделі көп функционалды құрылым ретінде көрінеді,
оның
басты
құраушылары болашақ ұрпақты оқытуға, дамытуға және
тәрбиелеуге бағытталған мұғалім тұлғасы және оның шығармашылықты іс-
әрекетті атқара алатын қабілеттілігі;
- мұғалім тұлғасын дамытуда кәсіби пән бойынша сапалы білім беру мен
ғылыми-шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, оқу-әдістемелік және
тәрбие бағыты бойынша қызмет атқара алатын жеке тұлғаның арнайы білімі,
іскерлігі, дағдылары және қасиеттерінің жиынтығын байқаймыз.
Осыған байланысты
жоғары деңгейдегі
әдіснамалық
және жалпы
теориялық даярлығы бар мұғалімдер сұранысының өсуі мен осындай мамандар
тұлғасын
дамытудың
біртұтас
тұжырымдамасының
жоқтығы
және
проблеманың
теориялық
жеткіліксіздігінің
арасындағы
қайшылық
айқындалады.
Белгілі бір дәрежеде бұл қайшылықты шешу мұғалім тұлғасын дамыту
құрылымын өзгерту негізінде жүзеге асады. Ол үшін кез-келген басқа пән
мұғалімін даярлаудағы инварианттылық негізі бар элементтерді анықтау керек,
сонымен қатар арнайы даярлаудың жүйе құрушы элементтерін бөліп, оның
мәнін және мазмұнын анықтау қажет.
Үздіксіз білім беру жүйесі – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ететін маңызды сала. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, оның қарқынды
дамуы үздіксіз білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты, білімі, біліктілігін дағдысын
қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі
қоғамның белсенді азаматы-бүгінгі мұғалім тұлғасын дамыту.
Орта білім берудің сапасын арттыру, оқушыларды кәсіпке баулу және
мектеп мұғалімінің бүгінгі кәсіби мәртебесін одан әрі көтеру болып табылады.
Соңғы кезде еліміздің білімі мен ғылымының дүниежүзілік білім беру
кеңістігіне енуіне аса назар аударылуда, бұл мәселені шешуде жоғары білім
беру саласының алатын орны ерекше. Мұғалімдік тұлғаның қалыптасуының
бастапқы кезеңі оқушыны орнына
қою, олай болса, оқушы кәсіби-
педагогикалық іс-әрекеттің мәнін іздеудегі мүше болып табылады.
Ал, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәні, тек орынды тәсіл арқылы
анықталады. Бұл кезеңде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің негізге алынатын
көп салалы қызметтерін табу жүзеге асырлады.
Дәл осы тұста іс-әрекеттің қалыптасу кәсібилігі көрініс береді. Кейініректе
кәсібилік нақты кәсіби-педагогикалық қызметке айналу тәсілін іздестіру
барсында қалыптасады. Бұл нақты кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің, яғни ең
56
маңызды
қызметтің
мазмұнын жобалауда,
қызметтің
мазмұнын оның
операциялық құрылымын ерекшелеу арқылы жете түсіну барсында жүзеге
асыруға болады. Ең маңызды деп, іс-әрекеттің мақсаттылығына қарай іздеуге
болады. Сонымен қатар, іс-әрекеттің мәнін ашу механизмін ерекшелеу үшін
қажет. Ол операцияның, мазмұнның негізделген сараптамасымен қоса, ал
кейініректе оның пайымдалған құрылымын құрастырумен бірге ескерілуі тиіс.
Педагогикалық
шеберліктің
нақты
түрлерінің
ауқымды
түрлілігін
педагогикалық теория ерекшелейді.
Көптеген
ғалымдардың
әр
түрлі
негіздер
бойынша
жасалған
классификациялары бар.
Бұл жұмыстарды бағалауда тек қана бір қорытынды жасалады, ол:
мұғалімді даярлау нақты педагогикалық іскерлікті қалыптастыру арқылы
болады.
Бүгінгі таңда ақпараттық қоғамның, ғылым мен техниканың тез дамуының
әсерінен, яғни интернет желісі сияқты жаңа телекоммуникациялық жүйелердің
пайда болуына байланысты компьютерлік технологияның
мүмкіндіктері
өзгереді.
Демек, оқыту үдерісінде компьютерді қолдану мен біліктілікке қойылатын
талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді.
Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану, оқыту үдерісін
өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
Қазіргі оқыту құралдары (компьютер, ақпараттық-телекоммуникациялық
байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік
жабдықтар) әр түрлі оқытудың формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған
қоса оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындататын әдістемелік құралдар
ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор.
Білім беруді ақпараттандыру кезінде түрлі бағдарламаларды, жүйелер мен
орталарды кеңінен қолдану кезінде оқытудың формалары мен әдіс-тәсілдері,
сондай-ақ
білім беру
үдерістерінің
мазмұны да маңызды
өзгерістерге
ұшырайды. Сондықтан мектеп алдында тұрған жаңа мәселелерді жүзеге
асыруға бағытталған оқыту тиімділігін арттыруға компьютерлік технологияны
қолдану, оны жүзеге асыру мен оңтайландыруға тікелей әсерін тигізеді.
Мысалы:
- оқушылардың өзіндік жұмысын арттыру;
- ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру;
- ақпаратты беру, өңдеу, сақтаудың қазіргі заманғы әдіс-тәсілдеріне
оқушыларды үйрету;
- олардың интеллектуальдық және шығармашылық қабілетін дамыту;
- өмірге икемдеуге себеп болатын әлеуметтік қызмет дағыдыларын
қалыптастыру.
|