Тірек-қозғалыс аппараттары сырқаттарының түрлері, олардың пайда болу себептері.
Сал ауруына шалдыққан балаларды жалпы білім беретін мектеп жағдайында оқыту.
Тірек-қозғалыс аппараттары сырқаттарының түрлері, олардың пайда болу себептері
Тірек-қозғалыс аппараттары функцияларының бұзылуы туа және жүре біткен себептерден болуы мүмкін. Мұндай патологиялардың бірнеше түрі бар:
• Жүйке жүйесінің аурулары (сал ауруы, полиомиелит);
• Тірек-қозғалыс аппараттарының туа біткен патологиялары: жамбас сүйегінің шығып кетуі; қисық мойын; табанның түрлі аурулары; омыртқа дамуының аномалиялары (сколиоз); аяқ-қолдың дамымай қалуы және дефектілері; саусақтар дамуының аномалиялары; артрогрипоз (туа біткен кемтарлық).
• Тірек-қозғалыс аппараттарының жүре келе пайда болған дерттері немесе зақымданулары: жұлынның, мидың және аяқ-қолдың жарақаттары; полиартрит; скелет аурулары (туберкулез, сүйек ісіктері, остеомиелит); скелеттің жүйелі аурулары (рахит, хондродистрофия).
Ең көп кездесетіндері - жүру дефектілері мен сал ауруы. «Паралич» - грек тілінде «босаңсу, әлсіреу» дегенді білдіреді. Сал ауруы – бұл иннервациялық ақауларға байланысты аяқ-қолдың немесе бір бұлшық ет функциясының жансыздануы. Сал сырқаты, көбінесе, орталық немесе шеткі жүйке жүйелерінің органикалық сырқаттарға шалдығуы нәтижесінде пайда болады. Сырқат функционалдық және органикалық болып екі түрге бөлінеді.

Функционалдық сал ауруы кезінде жүйке жүйесінде анатомиялық өзгерістер болмайды. Олар кенеттен пайда болып, солайша тез және із-түзсіз жазылып кетеді. Ал балалардың церебралды сал ауруы (БЦС) – бұл бас миының баланың жас кезінде зақымдануы немесе дамымай қалуы. Нәтижеде мидың қимыл-қозғалысқа, сөйлеуге жауап беретін бөлімдері зақымданады. Сондықтан БЦС кезінде адамға ең қажетті функциялар – қимыл, психика және сөйлеу бұзылады. Клиникалық жағынан басым көрінетіні – қимыл-қозғалыстың бұзылуы. Олар әртүрлі дәрежедегі психикалық, сөйлеу, есту, көру, сезім функцияларының бұзылуымен қоса жүреді.