Тірек-қозғалыс аппараты зақымданған тұлғаларға физиологиялық-педагогикалық сипаттама



бет4/5
Дата24.03.2023
өлшемі113,84 Kb.
#75860
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 лек инкл

Олардың жүріп-тұру мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан, мектепке келу кезеңіне қарай қалыптасқан дүниетанымы, дағдылары, білімдері құрдастарына қарағанда төмен болады. Көп жағдайда сырқат балаларда салыстыру, басты және қосалқы белгілерді бөліп алу, заттар мен құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды ажырату қабілеттері де өте баяу дамиды. Оқу процесін тиісті дәрежеде ұйымдастыру үшін мұғалім олардың психофизикалық даму ерекшеліктерін жете білуі тиіс. Мұғалім оқу-тәрбие жұмысын бастамас бұрын сырқат баланың әке-шешесімен кездесіп, баланың қызығушылықтары мен әуесқойлық-бейімділіктері, құштар ойын түрлері мен жақсы көретін қызмет салалары туралы нақтылап біліп алуы тиіс. Мұғалім баланың жұмыс барысында тірек боларлық жағымды мінез-құлық ерекшеліктерін де анықтап алғаны дұрыс. Сонымен бірге тәрбиеші педагогикалық коррекция мақсатында бала мінезінің жағымсыз жақтарынан да хабардар болғаны жөн. Аномалды баланы сыныпқа қабылдар алдында мұндағы сау балалармен алдын ала әңгімелесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бүкіл сынып мүшелері сырқат балаларға көмек көрсететіндей жағдай қалыптастыру қажет.

  • Олардың жүріп-тұру мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан, мектепке келу кезеңіне қарай қалыптасқан дүниетанымы, дағдылары, білімдері құрдастарына қарағанда төмен болады. Көп жағдайда сырқат балаларда салыстыру, басты және қосалқы белгілерді бөліп алу, заттар мен құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды ажырату қабілеттері де өте баяу дамиды. Оқу процесін тиісті дәрежеде ұйымдастыру үшін мұғалім олардың психофизикалық даму ерекшеліктерін жете білуі тиіс. Мұғалім оқу-тәрбие жұмысын бастамас бұрын сырқат баланың әке-шешесімен кездесіп, баланың қызығушылықтары мен әуесқойлық-бейімділіктері, құштар ойын түрлері мен жақсы көретін қызмет салалары туралы нақтылап біліп алуы тиіс. Мұғалім баланың жұмыс барысында тірек боларлық жағымды мінез-құлық ерекшеліктерін де анықтап алғаны дұрыс. Сонымен бірге тәрбиеші педагогикалық коррекция мақсатында бала мінезінің жағымсыз жақтарынан да хабардар болғаны жөн. Аномалды баланы сыныпқа қабылдар алдында мұндағы сау балалармен алдын ала әңгімелесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бүкіл сынып мүшелері сырқат балаларға көмек көрсететіндей жағдай қалыптастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет