Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


«Қазақтың қатындарына баланы сағатпен



Pdf көрінісі
бет124/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   150
«Қазақтың қатындарына баланы сағатпен 
еміз деп ақыл айтқан: «Бір рет он бес минут еміз» 
деп те қойған. Сағаты бар қазақ қатынын көрсем, 
бұйырмасын. Балаға беретін суды қасықпен 
өлшетеді.
Аққағаз-ау, о қасығың қай қасық? «Тамақты шикі 
қылмай әбден пісіріп, таза сауыттан беруі тиіс»; 
«баланы шомылдыратын сауытқа кір жууға бол-
майды».
Қазақтың қатыны: – Бетім-ау, атам[ның] са-
уыты теңде жатыр, онан балаға тамақты қалай бе-
рем, баланы оған қалай шомылдырам? – десе, Аққағаз 
не дер екен?»
Қыр баласы


406
СЫН
1. Көз ауруы – трақомадан [трахомадан] сақтану үшін 
оқудағы балаларға кеңеc.
2. Қышыма.
2. Сепілес [сифилис – мерез] – жазылатын ауру.
3. Бит.
4. Жас ұландардың денсаулығын сақтаушы бөлім.
5. Ана мен бала.
Бастырған Қазақстанның Саулық сақтау комиссариаты.
1) «Трақома» екі жарым бет. Бір жапырақ. Жас балаларға 
арналып жазылған. Қазақ елінде трақоманың көп-азы күмәнді. 
Қазақтың көзі трақома екен деп жазған дәрігерлерді табу қиын. 
Трақома ағашты, үйді жайлаған елде болады. Ресейде трақома 
ұя салған жер. Еділдің өлкесінің ортасы, Орал тауының батыс 
қабырғасы. Трақома шуаш сықылды ағашты жерді жайлап, шо-
шалада, түтінде күнелткен елде болады. Біздің алаштың жайы 
шөл, осымен бізде трақома жоққа тән. Біз сынға алып отырған 
талақтай қағазда трақома туралы жазған ақыл да, ауру жайы 
да жаман насыбайдай-ақ. Біздің комиссариат бұған оңай олжа 
табаммен кіріскен сықылды. Мәскеу басқан «Трақома» кітабы 
біз сынға алып отырғаннан көп артық. Біздің комиссариатқа 
тыңнан тесік шығармай-ақ, ана даяр кітапты алып үлестірсе, 
олжа шығатын еді.
Тағы да осы «Трақоманы» жазған жігіт балаларды «балдар», 
доктырды «доғдыр» деп жазады. Бұл да тыңнан жаңа жол.
2) «Қышыма» – бұл қазақтың қотыры. Сөзі жаман қатын 
ескен жіптей, айтқан ақылы: «доғдырға бар», жеңіл шаралары 
– «моншаға түс».
Қарағым доғдыр-ау! Қотыр қазақ баратын доғдырың
моншаң қайда? «Ауыл жерінде дәрі-дәрмек әзір тұрмайды» 


407
деп келеді. Ауыл жерінде доғдыр мен монша барма еді? «Ауыл 
жері» қай елдің тілі? Осы біздің саулық сақтау комиссариа-
тында осы кітапшаларын оқыған қазақ бар ма? Қазаққа өзім 
жемейтін көтен боғымен піссін деп жаза салып, баса салған ба? 
Мұндай кітапшаларды дәрігерге жаздырып, тілін акценттерге 
түзеттірмейтін бе?
3) «Cеплес» [сифилис – мерез]. Қызылорданың адамының 
үзден 70-і пұшық деп айтқанның ішінде осы бір жапырақ 
қағазды басқан комиссариаттың көшбасшысы да бар сықылды 
еді. Қазақтың бәрі теңге қотыр деп орыс қазағы [орыс казакта-
рын айтып отыр] мазаны алып еді. Осыны есітіп отырған комис-
сариат теңге қотыр туралы талақтай ақыл қағаз жаза ма екен? 
Сөзіне келсек, ішің ауырады: «сепілеспен ауырған адамның ау-
зында болған затты жиып жүру керек» (1-інші бет) деп келеді; 
«себебі, ол зат арқылы сау адамға ауру жұғады».
Доғдыр-ау, бұл не дегенің? «Доғдыр қосқан ірітіндімен 
ауыздарыңды шайқаңдар» деп ақыл айтады. Осыны жазған 
доғдыр ауызын шайқап көрсетсе, халыққа тәртіп болар еді. 
Қарағым доғдыр, қанжығаға байлаған торсық шайқалады. 
Сепілесі, теңге қотыр – бұл туралы Досмұхаммедұлы Халелдің 
дәлеліне қол қоймасқа болмайды. Теңге қотыр тұрғанда, сепілес 
неге керек?
4) «Бит» – сегіз бет. «Қан сорып тұрған кезде ауру адамның 
тәнінде болған жұққыш құрттар битке жабысып кетеді» деп 
доғдыр талтүсте ұялмай, қызармай жазып отыр (2-нші бет). 
Қарағым, доғдыр-ау! Мұны саған кім айтты? Қай кітаптан оқып 
көрдің?
Бит құртты қанмен сорып аурудан алады.
Жұқпалы аурудың, теңбіл сүзек делік, құрты биттің ішін жай-
лап өсіп-өнеді де, боғымен түсіп қалып, теріде тезекше жатады. 
Осы биттің тезегіндегі құртты етін қасыған кісі шешекше өзіне 
егеді. Құрт құнға тоғытылады да суарған егіндей өседі. Кісі ауы-


408
рады. Доғдырдың ана жоғарыда жазған былдырағы осы. Құрт 
битке жабыспақ түгілі, теріде жердегі тезектей жатса, қанға шо-
мылмаса, адам онан ауырмайды. Бұл туралы доғдырдың өзі де 
«қасындырады, қасыну арқасында тәнін жараландырады, жара-
лы мүшеге жұқпалы құрт тез жұғады» (3-інші бет) дейді. Өсітіп 
те доғдыр надан елге ақыл айта ма екен, мұны да комиссариат 
баса ма екен?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет