Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


«Біздің қазаққа қазіргі кезде баласын оқытатын мек-



Pdf көрінісі
бет14/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   150
«Біздің қазаққа қазіргі кезде баласын оқытатын мек-
теп, жерін гүлдететін су, елге қызмет қылатын Боргенсен 
мен Миллер сықылды жігіт, май алатын, жүн жуатын, тері 
илейтін, ет сататын, мал өсіретін, егін салатын кәператип 
керек»,
33
– деп ойын қорытады Қыр баласы.
«Тозған егістікке жоңышқа салсаң, бидай жақсы өседі» 
мақаласында автордың не айтып отырғанын атауынан-ақ анық 
аңғаруға болады.
34
1924 жылдың соңында «Жас қазақ» журналында «Са-
мат өлеңдеріне сын» айдарымен жарық көрген әдеби сын 
мақаласының да орны бір төбе. Мақалада V деп қол қойған 
автор өзі қарастырып отырған ақын шығармасынан поэзия 
атаулыға пайдасынан залалы ауыр болатынын ашық жазады: 
«Нұржанұлы Саматтың «төңкерісшіл» сырлы өлеңдерін 
оқып шықтым. Әдебиет майданында дәуірден дәуірге 
көшкен уақытта Самат сықылды жаңа талап «ақындар» 
көп болады. Олардың өлеңін жете қарастырмай болмайды. 
Өйткені олар «менсінбейді, бойымызды өсіргісі келмейді» 
дегендей көңіліне келеді – бір, екіншісі – олардың өлеңін 
сынамай жібере берсең «шілдірік» сұйық өлеңдері жас 
әдебиетімізді қотырала қойдай болдырады, аздырады».
33 Қыр баласы. Үлгі алыңдар! //«Ақ жол» газ., № 502, 1924 ж., 4-бет. Таш-
кент.
34 Қыр баласы. Тозған егістікке жоңышқа салсаң, бидай жақсы өседі 
(«Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда!»). //«Қосшы» газ., № 509, 1924 ж., 
3-бет. Орынбор-Қызылорда.


26
Самат 
Нұржанұлының 
Абайдан, 
С. Дөнентайұлы, 
Б. Майлыұлы (Майлин), С. Сейфоллаұлы (Сейфуллин) сынды 
ақындардан ұрлап-жымқырған өлең жолдарын тізіп келтіріп, 
Саматты ақын емес – «шарлатан» деп атайды және өзге 
ақындарды «шарлатандардан» аулақ жүруге шақырады: «Ана-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет