Табиғат ананың хаты
Сәлеметсіз бе балалар! Мені барлық балалар жақсы біледі. Балалар осы «Өлі және тірі табиғатты» жайлы айтып беріңдерші, оларды зерттеп, санап, түрлерін атап, «Өлі және тірі табиғатты» жайлы қызықты ертегі әңгімелеп беріңдерші.
– Ал, балалар Табиғат ананың тапсырмасын орындаймызба?
|
|
- Қай мезгіл?
Дұрыс балалар, осы бізді қоршаған не?
- Ағаш, дала, су, аспан, гүл
- Табиғат деген не? - Дұрыс табиғат бізді қоршаған орта. Балалар, бүгін біз осы табиғат туралы әңгімелейміз. Табиғат екіге бөлінеді екен. Өлі табиғат және тірі табиғат: Өлі табиғатқа тау, тас, топырақ, бұлт, су жатады. Тірі табиғатқа адамдар, жан - жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.
(Суреттер көрсетіледі)
Тірі табиғат: қоректенеді, тыныс алады, өсіп - өнеді, қозғалады, жүреді сөйлейді. Өлі табиғат: қоректенбейді, тыныс алмайды, өсіп - өнбейді, қозғалмайды, жүрмейді, өсіп - өнбейді. Өлі табиғатқа құм, тас, суға байланысты тәжірибе жасап көрейік.
Тәжірибе: Ыдыстағы құмды ұлғайтқыш әйнекпен қарау. Ұсақ бір - біріне жабыспайды. Ыдыстағы құмның жел тұрғанда ұшуы. Сок ішуге арналған түтікшемен құмды үрлеу, жеңіл, жел тұрса ұшады. Ыдыстағы құмға су құю. Ыдыстағы құмға, су құйса балшыққа айналады. Тасты бақылау. Су құйса да жылтырап жата береді, түрі түсі өзгермейді, майдаланып балшыққа айналмайды, жел үрлесе де қозғалмайды. Ауыр зат. (Балалардың тәжірибе жасауы)
3) Ойын - ойнау, «Құм, тас, су. Басы «құм» дегенде әр жерде шашыраңқы болып отыру. «Тас»дегенде өз қолымен мүсін жасап тұра қалу, «су» дегенде толқын жасап қозғалу». (Балалар қимылмен көрсетеді)
Табиғат туралы мақал - мәтелдер:
Таза болса табиғат
Аман болар адамзат.
Туған жердің суы тәтті
Топырағы да ыстық (1 - 2 балаға айтқызу)
4) Келесі тапсырма мына жерде қанша гүл жетіспейді соны тауып жабыстырайық.
|