Сөздік жұмысы: өлі және тірі табиғат
Қостілдік компонент: табиғат – природа, тірі табиғат - живая природа
Керекті құралдар: суреттер, схемалар, ұлғайтқыш, тәжірибеге арналған ыдыстар.
Белсенді орталықтары: Көркем әдебиет,есеп,ғылым
Әдіс-тәсілдері: сұраққа жауап беру,ойын,түсіндіру,берілген тапсырманы шешу, мақтау, мадақтау
Іс-әрекет бөлімдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық қозғаушы
|
Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.
Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады
Бәріміз енді тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Жақсы – жақсы сөздерді,
Қонақтарға сыйлайық!
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?
Балалар : Жүрек
Тәрбиеші: Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.
Балалар: Аспанымыз ашық болсын
Күніміз жарқын болсын
Еліміз тыныш болсын
Ауырмайық, денсаулық болсын
Нанымыз көп болсын
Ата- анамыз аман болсын
Бейбітшілік болсын
Балабақша гүлдене берсін!
Апайлар аман болсын
Қане балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді апайларға сыйлайықшы.
|
|
|
- Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер? Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық
- Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
- Қыстың қандай айы?
- Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
|
- Жылулықты, мейірімділікті, достықты.
- Қыс мезгілі
Ақпан айы
- Қыс мезгілінде күн суық болады, аяз болып қар жауады, боран соғады.
|
|
- Жарайсыңдар балалар, олай болса қыс туралы кім тақпақ айтып береді?
|
Айым
Ақ шанамыз зырлайды,
Ақ қар оны шыңдайды.
Біреу шаңғы тебеді,
Құйындатып келеді.
Айару
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар атысып ойнасақ,
Су болады қолғаптар.
|
Іздену ұйымдастырушы
|
Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Тірі және өлі табиғат» деп аталады.
Ғажайып сәт
Осы кезде есік қағылып ,біреу хат тастап кетеді
Балалар бұл хатты табиғат-ана жіберіпті. Балалар сендерге табиғат – ананың жіберген хатын оқып берейін.
|
Достарыңызбен бөлісу: |