Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата15.03.2017
өлшемі8,89 Mb.
#9289
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27

Л.К. САДУАКАСОВА 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Өскемен қаласы, Қазақстан
ОРМАН ЗАҢДАРЫНЫҢ ЗАҢ ЖҮЙЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
Мақалада Қазақстан Республикасының орман заңдарының заң жүйесінде алатын 
орны,  орман  заңнамасының  құрылымы  және  оның  негізгі  қағидаларының  мазмұны 
қарастырылған.
Түйін сөздер: орман, орман заңнамасы, орман қатынастары, орман кодексі, орман 
заңдарының қағидалары.
Л.К. САДУАКАСОВА

173
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 3 (63), 2014
МЕСТО ЛЕСНОГО ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВA В СИСТЕМЕ 
ПРАВА И ЕГО ОСНОВНЫЕ ПРИНЦИПЫ
В  данной  статье  рассматриваются  место  лесного  законодательства  Республики 
Казахстан в системе права, его структура и содержание основных принципов.
Ключевые слова: лес, лесное законодательство, лесные отношения, лесной ко-
декс, принципы лесного законодательства. 
 PLASE OF FOREST LEGISLATION IN THE SYSTEM 
OF LAWS AND ITS SIGNIFICANT
In this text considered place of forest legislation of Republic of Kazakhstan in the sys-
tem of laws, structure of forest legislation and content of the basic principles.
Keywords: the forest, the forest legislation, the forest relations, the forest code, the 
principles of forest legislation.
Орман заңдарының орман қатынастарын реттеуде, орман шаруашылығын 
ұйымдастыру және жүргізуде, орман ресурстарын пайдалануды, ұлғайта өсіруді 
және қорғауды іске асыруда атқаратын рөлін анықтау және көрсету үшін қажет. 
Орман  заңдарының  жеке  заң  саласы  ретіндегі  дербестігінің  дәрежесі,  орман 
қатынастары  дербестігінің  дәрежесімен  анықталады.  Орман  қатынастарының 
жер, әкімшілік және басқа да құқықтық қатынастардан ерекшелігін айқындап, 
біз орман заңдарының заң жүйесінде алатын орнын анықтаймыз.
Орман құқығы жеке дербес заң саласы ма, жоқ жер заңының жалғасы ма 
деген  мәселе  заңгер  ғалымдардың  арасында  әртүрлі  ой-пікірлер  туғызды.  Ор-
ман  құқығы,  бір  авторлардың  пікірінше  жер  құқығының  жалғасы,  басқа  бір 
заңгерлердің  көзқарасына  сәйкес  табиғат  пайдалану  құқығының  бір  бөлігі,  ал 
үшінші топ өкілдері оны дербес құқық саласы ретінде сипаттады.
Л.И. Дембо советтік құқық жүйесін құраудың негіздері мен қағидаларын 
зерттей отырып, былай деп жазды: «Жеке сала құрудың алғышарттары [1]:
– белгілі бір қоғамдық қатынастар кешенінің болуы;
– сол кешенді құрайтын қоғамдық қатынастардың біртұтастығы;
–  билік  басында  тұрған  топтың  осы  қоғамдық  қатынастар  кешенін  жеке 
құқықтық реттеуге объективті түрде мүдделі болуы».
Орман құқығының осындай алғышарттары бар ма? Ғалымдардың пікірінше 
бар.  Орман  шаруашылығын  ұйымдастыру  және  жүзеге  асыру,  орман  ресур-
старын тиімді, кешенді пайдалану, орман қорын ұлғайта өсіру, оны сақтаумен, 
қорғаумен  байланысты  орман  қатынастары,  қоғамдық  қатынастардың  ерекше 
кешенін  құрайды  және  бұл  қатынастар  өз  табиғаты  жағынан  біртұтас,  себебі 
олардың барлығының объектісі – орман қоры, орман шаруашылығы.
Өзіндік ерекшелігімен сипатталатын орман қатынастарының болуы және 
мемлекеттің оларды жеке реттеуге қызығушылығы нәтижесінде арнайы орман 
құқықтық  институттар  қалыптасты.  Олар:  мемлекеттің  орман  қорына  меншік 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

174
№ 3 (63), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
құқығы, орман пайдалану құқығы, орман кадастрі мен орман мониторингі, ор-
ман орналастыру, орман қорғау, орман қорын басқару және т.б. Сонымен орман 
қоры – дербес құқық саласы, бірақ оның дербестігі салыстырмалы, шартты де-
сек болады, себебі орман құқығын дербес құқық саласы ретінде сипаттағанда, 
оны азаматтық, қылмыстық құқықтармен салыстыруға болмайды.
Жалпы  құқық  нормаларын  дифференциациалау  құқық  жүйесінің  даму 
ерекшелігінің  маңыздылығын  көрсетеді.  Заң  жүйесі  қатып  қалған  жүйе  емес. 
Қоғамдық  қатынастардың  белгілі  бір  салаларының  дамуы  нәтижесінде  жаңа 
құқық салалары қалыптасады, сөйтіп жалпы құқық жүйесі өзгереді. Сондықтан 
кейбір  авторлардың  орман  құқығын  жеке  құқық  саласы  етіп  бөлуге  қарсы 
пікірлермен келісуге болмайды. С.Б. Байсалов өзінің «Қазақ ССР-ның су құқығы» 
деген  еңбегінде:  «Кеше  дербес  емес  салалардың  бүгін  дербестікке  ие  болуы 
заңды  процесс.  Бұл  біздің  субъективті  тілегімізге,  жеке  заңгер  ғалымдардың 
еркіне тәуелсіз, объективті процесс», – деп жазды және онымен келіспеуге бол-
майды.
Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының 
Конституциясына негізделеді және 2003 жылы 9 шілдеде қабылданған Қазақстан 
Республикасының  Орман  кодексі  мен  Қазақстан  Республикасының  өзге  де 
нормативтік құқықтық актілерінен тұрады [2].
Орман кодексі орман қорын иелену, пайдалану, оған билік ету жөніндегі 
қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ орман қорын күзетудің, қорғаудың, 
молықтырудың,  оның  экологиялық  және  ресурстық  әлеуетін  көтерудің,  оны 
ұтымды пайдаланудың құқықтық негіздерін белгілейді.
Орман  құқығы  қатынастарын  реттеу  орман  биосферасының  ғаламдық 
экологиялық,  әлеуметтік  және  экономикалық  мәні  бар  аса  маңызды 
компонентерінің бірі болып табылатынын негізге ала отырып жүзеге асырыла-
ды.
Орман кодексінің құрылымы 9 бөлімнен, 20 тараудан тұрады. Жалпы ор-
ман кодексінде:
– Қазақстан Республикасы орман заңдарының принциптерi, Кодексте пай-
даланылатын негiзгi ұғымдар, орман құқығы қатынастарының объектілері мен 
субъектілері,  Қазақстан  Республикасының  орман  қоры,  орман  қорына  меншiк 
құқығы;
– орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен ор-
ман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару, орман қорын күзету, қорғау, пай-
далану,  ормандарды  молықтыру  және  орман  өсіру  саласындағы  мемлекеттік 
бақылау  және  қадағалау,  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  орман  ин-
спекциясы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазым-
ды адамдарының құқықтары мен міндеттері; 
Л.К. САДУАКАСОВА

175
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 3 (63), 2014
– мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн орман иелену құқығымен беру, же-
кеше орман иелену құқығының туындауы, мемлекеттiк орман иеленушiлердiң 
құқықтары  мен  міндеттері,  жекеше  орман  иеленушiлердiң  құқықтары  мен 
міндеттері, орман пайдалану құқығы, орман пайдаланушылардың мемлекеттiк 
орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi құқықта-
ры, орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман 
пайдалануды жүзеге асырған кездегi мiндеттері; 
–  мемлекеттiк  орман  қоры  учаскелерiнде  орман  шаруашылығын  ұйым-
дастыру, мемлекеттiк орман қорының санаттары және орман пайдалануды шек-
теу режімi, мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан екiншi 
санатқа ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғаныштық учаскелердi бөлу, мемлекеттiк 
орман қорындағы ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру; 
–  орман  орналастыру,  орман  орналастыруды  жүргізу  жүйесі,  орман 
қорының  мемлекеттік  есебі,  мемлекеттік  орман  кадастры  және  мемлекеттік 
орман  мониторингі,  ормандарды  күзету,  қорғау,  молықтыру  мен  орман  
өсіру, орман тұқым шаруашылығы, орман қорын күзету мен қорғау Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  орман  күзеті,  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттiк  орман  күзетi,  ормандарды  молықтыру  мен  орман  өсіру,  орман 
тұқым шаруашылығы, мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзету, қорғау, пай-
далану,  жердің  кейбір  санаттарында  ормандарды  молықтыру  мен  орман  өсіру 
ерекшеліктері; 
– орман қорын пайдалану, мемлекеттiк орман қорының жекелеген санат-
тарында  орман  пайдалануды  шектеу,  мемлекеттiк  орман  қорының  жекелеген 
санаттағы  ормандарында  және  таудағы  ормандарда  ағаш  кесу  ерекшелiктерi, 
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесу кезiнде сүрек дайындау көлемi, 
мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетiне пай-
далану, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарына пай-
далану, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, тарихи-
мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану; 
–  орман  қорын  күзетудiң,  қорғаудың,  пайдаланудың,  ормандарды 
молықтыру  мен  орман  өсiрудiң  экономикалық  принциптерi  мен  әдiстерi, 
мемлекеттік орман қорынан орман пайдаланғаны үшін төлемақы, Қазақстан Ре-
спубликасы аумағының орманды өңiрлерiн ұлғайтуды экономикалық ынталан-
дыру, мемлекеттiк орман қорында орман шаруашылығын жүргiзуге жұмсалатын 
шығыстарды қаржыландыру көздерi;
–  орман  қорын  күзету,  қорғау,  пайдалану,  ормандарды  молықтыру  мен 
орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының ор-
ман  заңнамасын  бұзғаны  үшін  жауаптылық,  мемлекеттiк  орман  қорынан  өз 
бетiмен  иеленген  аумақтарды  қайтару,  орман  қорына  кiрмейтiн  ағаш  және 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

176
№ 3 (63), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
бұта өсiмдiктерiн жойғаны немесе зақымдағаны үшiн жауаптылық, ормандар-
ды күзету, қорғау, молықтыру, орман өсiру мен орман пайдалану саласындағы 
халықаралық ынтымақтастық қарастырылған.
Негізгі  басшылыққа  алынатын  ережелер  жалпы  құқық  саласының  қағи-
даларымен танылады, оларға сәйкес белгілі бір қоғамдық қатынастар реттеледі. 
Егемен  Қазақстанның  қазіргі  осы  заманғы  құқығында  құқықтың  әрбір  сала-
сы  үшін  құқықтық  қағидалардың  өз  жүйесінің  болуы  сипатты  болады.  Бұл 
қағидалар Қазақстанның жалпы құқықтық қағидаларының қолданылуын теріске 
шығармайды.  Қазақстан  Республикасы  Конституциясында  баянды  етілгендей, 
бұл  –  ізгілікшілдік,  құқықтық  мемлекеттің,  халық  билігінің,  заңдылықтың, 
жариялылықтың, азаматтардың тең құқылығы және т.б. қағидалар [3].
Құқық  саласы  қағидаларының  заңнамада  баянды  етілуі  заңды  құбылыс 
немесе  экологиялық  құқықтық  тәжірибені  талдау  нәтижесінде  анықталуы  да 
мүмкін.  Экологиялық  құқықтың  қағидалары  жүйесін  анықтаудың  күрделілігі 
олардың саналуандығында болып табылады. Қандай да бір нақты экологиялық 
құқық  қатынастарынан  біз  жалпы  экологиялық  құқық  қағидаларының  жер 
және  тау  құқығының  қағидаларымен  астасуын  ұшыратамыз.  Ал  экологиялық 
құқықтың әрбір кіші саласында (жер, орман, су және т.б. салаларына) құқықтық 
қағидалардың  өз  жүйесі  мен  экологиялық  құқықтық  қағидаларының  жалпы 
жүйесі сәйкес келеді.
Орман қорын құқықтық қорғауды қамтамасыз етуде, орман қатынастарын 
реттеуде  басшы,  бастама  болып  табылатын  қағидалар  жүйесінің  болуы  аса 
маңызды [4].
Орман заңдарының қағидалары жалпы құқықтық қағидаларынан туындай-
ды және республиканың орман саясатының негізін құрайды, олардың негізінде 
орман қорын құқықтық қорғау шаралары белгіленеді.
Орман қорын қорғаудың құқықтық қағидалары дегеніміз – орман қоры ре-
сурстарын ұтымды, көпжақты, толық пайдалану кезінде, орман қорын үздіксіз 
және сарқылмайтындай етіп пайдалануды, дер кезінде орман қорын жаңартуды, 
оның өнімділігін арттыруды, сапалық жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететін 
орман қорын қорғаудың бастамалары.
Қазақстан  Республикасының  Орман  кодексінің  3-бабына  сәйкес  орман 
заңдары мынадай қағидаларға негізделген:
–  ормандардың  климатты  реттейтiн,  орта  түзетiн,  егiс-топырақ  қор-
ғау,  су  сақтау  және  санитарлық-гигиеналық  функцияларды  орындайтын 
жалпымемлекеттiк мәнiн мойындау; 
–  ормандарды  тұрақты  дамыту  (Қазақстан  Республикасының  орманды 
аумақтарын тұрақты ұлғайту); 
Л.К. САДУАКАСОВА

177
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 3 (63), 2014
–  ормандардың,  мемлекеттiк  табиғи-қорық  қоры  объектiлерiнiң,  мәдени 
және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау; 
– ормандарды көп мақсатқа пайдалану; 
– орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану; 
– орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен ор-
ман өсiру саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау; 
–  басты  мақсатта  пайдалану  үшiн  ағаш  кесу  мен  алынған  сүректi 
қайта  өңдеудi  жүзеге  асыру  функцияларынан  орман  пайдалануды  реттеу 
функцияларының аражiгiн ажырату; 
– Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтiрiлген залал-
дың орнын толтыру; 
– орман ресурстарын ақылы пайдалану;
– орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi; 
–  халықтың  және  қоғамдық  бiрлестiктердiң  орман  қорын  күзетуге  және 
қорғауға қатысу принциптерiне негiзделедi.
Жоғарыда келтірілген қағидалардың мазмұнын қарастыралық.
 Ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су сақ-
тау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпы мемлекет-
тiк  мәнiн  мойындау  қағидасының  мәнін  мынадан  көруге  болады:  Қазақстан 
Республикасы  Конституциясының  1-бабына  сәйкес  біздің  мемлекетіміздің  ең 
қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып та-
былады, ал орман қоры адамдардың өмірлік мүдделерімен тығыз байланысты 
экологиялық,  экономикалық  және  мәдени  сауықтыру  қызметтерін  атқарады, 
қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыруға белсенді түрде қатысады.
Ормандарды  тұрақты  дамыту  (Қазақстан  Республикасының  орманды 
аумақтарын тұрақты ұлғайту) қағидасы, себебі орман – күрделі экологиялық ке-
шен. Ондағы барлық организмдер бір-бірімен тығыз байланысты және осындай 
байланыс  олардың  тіршілігіне  қажет.  Сондықтан  ормандарда  ағаш-бұталарды 
ға на қорғап, ал басқа өсімдіктерді тиімді пайдаланбасақ, ормандардың экология-
лық және ресурс қуатын арттыру мүмкін емес.
Ормандардың,  мемлекеттiк  табиғи-қорық  қоры  объектiлерiнiң,  мәдени 
және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау қағидасы Қазақстанда 
құрылған  қорықтар  мен  қорықшалар  жүйесінде  жүзеге  асырылады.  Олардың 
аумақтары шегінде биологиялық әралуандылықтың барлық өкілдерін сақтауға 
және ормандарда өсетін өсімдіктердің, ағаштардың сирек кездесетін және жойы-
лып бара жатқан түрлерін сақтауға бағытталған шаралар жүргізіледі. 
Орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдала-
ну қағидасы. Орманның ерекшелігі ондағы жыныстардың ұзақ өсуімен байла-
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

178
№ 3 (63), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
нысты.  Мысалы,  ағаштардың  негізі  жыныстарын  өсірудің  қарапайым  мерзімі 
адам өмірінің орташа жас деңгейінен де асып кетеді. Өзін-өзі қалпына келтіру 
қасиеті  болғандықтан,  ұрпақтар  жалғастығын  қамтамасыз  ететіндей  ұтымды 
пайдаланған  жағдайда  орман  өзінің  табиғи  қасиеттерін  сақтап  қана  қоймай, 
жақсарта түседі. Көпжақты маңызы, орман өсімдіктерінің өсу ұзақтығы мен ор-
манды ұтымды пайдалану мүмкіндігі орман мен адамның өзара байланысының 
негізін құрайды. 
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен ор-
ман өсiру саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау қағдиасы. 
Бұл қағиданың мәні Қазақстан Республикасының Орман кодексінде бекітілген 
орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру 
саласындағы  мемлекеттiк  реттеу,  бақылау  және  қадағалауды  жүзеге  асыратын 
арнайы уәкілетті органдардың қызмет жүйесін білдіреді. 
Орман  кодексінің  маңызды  қағидаларының  бірі  –  Қазақстан 
Республикасының  орман  заңдарын  бұзудан  келтiрiлген  залалдың  орнын  тол-
тыру қағидасы. Бұл қағида осы саладағы біздің мемлекетіміздің құқық қорғау 
органдарының жалпы қызметінен шығады.
Орман  ресурстарын  ақылы  пайдалану  қағидасы,  бұл  орман  қорын 
қорғауда экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу республикада нарықтық 
қатынастарды  қалыптастыруға  сәйкес  келеді,  себебі  орман  ресурстарын  пай-
далану  кезінде  түскен  қаржы  орман  қорын  қалпына  келтіру  шараларына 
жұмсалады.
Орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi қағидасы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қаңтардағы №92 «Жеке және 
заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану ережесiн бекiту ту-
ралы» қаулысымен реттеледі. Осы Ереже жеке және заңды тұлғалардың орман 
қоры туралы ақпаратты пайдалану тәртiбi мен шарттарын айқындайды [5].
Орман  қоры  туралы  ақпарат  өзiне  орман  шаруашылығы  саласындағы 
уәкiлеттi  орган  (бұдан  әрi  –  уәкiлеттi  орган)  және  оған  ведомостволық 
бағыныстағы  ұйымдар  өздерiнiң  функцияларын  жүзеге  асыруы  кезiнде  алған 
орман қоры мемлекеттiк есебiнiң, мемлекеттiк орман кадастрының, мемлекеттiк 
орман  мониторингiсінiң,  орман  орналастырудың  деректерiн  және  өзге  де 
деректердi қамтиды.
Орман қоры туралы ақпаратты сақтауды, пайдалануды және оған иелiк етудi 
уәкілеттi орган, оның аумақтық органдары және оған ведомстволық бағыныстағы 
ұйымдар жүзеге асырады.
Орман қоры туралы ақпаратты пайдаланушылар: аумақтарды дамытуды жо-
спарлау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiнде бағдарламалар әзiрлеу, 
Л.К. САДУАКАСОВА

179
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 3 (63), 2014
орман пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану үшiн 
төлемақыны есептеу мәселелерi және орман шаруашылығы саласындағы басқа 
да мәселелер бойынша – мемлекеттiк басқару органдары; жобалау-iздестiру және 
ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн бастапқы деректер алу мәселелерi 
бойынша  –  жобалау,  iздестiру,  ғылыми-зерттеу  ұйымдары;  өзге  де  жеке  және 
заңды тұлғалар болып табылады.
Мемлекеттiк құпиялар және өзге де шектеулер қамтылмаған орман қоры 
туралы мәлiметтер жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады әрi мүдделi жеке 
және заңды тұлғаларға олардың өтiнiмдерi бойынша берiледi. 
Халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң орман қорын күзетуге және 
қорғауға  қатысу  қағидасы.  Осы  қағиданы  жүзеге  асыруда  елімізде  толып 
жатқан  қоғамдық  ұйымдардың,  экологиялық  қозғалыстардың  және  жекелеген 
азаматтардың қызметінде жақсы істер болды. Бұл орайда экологиялық заңнамада, 
орман кодексінде орманды қорғау және оны ұтымды пайдалану жөнінде қоғамдық 
ұйымдар мен халықтың ұсыныстарын барынша ескеру жүктеледі. 
Қорытындылай келе, орман заңдарының қағидалары орман қатынастарын 
реттейтін, осы саланың мазмұнында анықталатын, нысаны және әдісі жөнінен 
құқықтық реттеудің нормаларын біріктірген құқықтық нормалардың жинақталған, 
біртұтастық беретін нормативтік-басқару идеяларының, ережелерінің құқықтық 
нормаларында көрініс табуымен түсіндіріледі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Дембо Л.И. Земельные правоотношения в классово-антагонистическом обще-
стве / Л.И. Дембо. – Ленинград: Изд-во Ленинградского университета, 1954. – С. 171. 
2. Қазақстан Республикасының Орман кодексі, 2003. – 9 шілде.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995. – 30 тамыз.
4. Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі. – Алматы, 2007.
5.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2004  жылғы  28  қаңтардағы  №92  «Жеке 
және заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану ережесiн бекiту ту-
ралы» қаулысымен.
REFERENCES
1. Dembo L.I., Zemel’nye pravootnoshenija v klassovo-antagonisticheskom obshhestve. 
Leningrad: Izd-vo Leningradskogo universiteta, 1954171 (in Russ).
2. Kazakstan Respublikasynyn Orman kodeksі, 2003 (in Kaz).
3. Kazakstan Respublikasynyn Konstitucijasy, 1995 (in Kaz).
4. Kazakstan Respublikasynyn jekologijalyk kodeksі, Almaty, 2007 (in Kaz).
5. Kazakstan Respublikasy Ukіmetіnіn 2004 zhylgy 28 kantardagy №92 Zheke zhane 
zandy tulgalardyn orman kory turaly akparatty paidalanu erezhesin bekitu turaly kaulysymen 
(in Kaz).
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

180
№ 3 (63), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
УДК 005.932.5
Г.А. МАКУЛБАЕВА
Восточно-Казахстанский государственный университет имени С. Аманжолова, 
г. Усть-Каменогорск, Казахстан
ФОРМИРОВАНИЕ СИСТЕМЫ СТРАТЕГИЧЕСКОГО УПРАВЛЕНИЯ ЗАТРАТАМИ
В статье обоснована целесообразность построения и реализации системы управ-
ленческого стратегического контроля затрат на производство продукции с использова-
нием концепции сбалансированных показателей в целях обеспечения эффективной дея-
тельности предприятий в долгосрочной перспективе.
Ключевые  слова:  управленческий  стратегический  контроль,  затраты,  система 
сбалансированных показателей.
ШЫҒЫНДАРДЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
Бұл мақалада ұзақ мерзімді болашақта кәсіпорынның тиімді қызметін қамтамасыз 
ету  мақсатында  теңгерілген  көрсеткіштердің  концепциясын  қолдану  арқылы  өнімді 
өндіруге  кететін  шығындарды  басқарушы  стратегиялық  бақылау  жүйесін  құру  және 
жүзеге асыру мақсаттылығы негізделген.
Түйін  сөздер:  басқарушы  стратегиялық  бақылау,  шығындар,  теңгерілген 
көрсеткіштер жүйесі.
FORMATION OF STRATEGIC MANAGEMENT OF COSTS
In article expediency of construction and realization of system of administrative strate-
gic control of expenses for production with use of the concept of the balanced indicators for 
ensuring effective activity of the enterprises in long-term prospect is proved.
Keywords: administrative strategic control, expenses, system of the balanced indica-
tors.
В экономической литературе проблема формирования системы стратегиче-
ского управления затратами на промышленном предприятии не получила доста-
точно полного освещения. Более того, она до сих пор не подверглась системной 
структуризации. Так, при изучении качественного аспекта проблемы часто иг-
норируются сложности методологии, а также методики реальной оценки и из-
мерения затрат промышленного предприятия. В итоге остается мало изученным 
прикладной  характер  указанной  проблемы,  практические  выводы  ограничива-
ются  анализом  уровней  и  соотношением  затрат  живого  и  прошлого  труда,  их 
сопоставление  с  себестоимостью.  Управление  затратами  предполагает  выпол-
нение  всех  функций  управления  по  всем  элементам  управленческого  цикла  с 
учетом особенностей затрат как экономической категории. Особенностью затрат 
как предмета управления является их динамизм, многообразие, трудность изме-
рения и учета, а также их сложность и противоречивость влияния на экономиче-
Г.А. МАКУЛБАЕВА

181
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 3 (63), 2014
ский результат. 
Выполнение функций управления в полном объеме по всем элементам со-
ставляет  цикл  управления  по  отношению  к  управляемой  подсистеме  (объекту 
управления). Субъектами управления затратами на предприятии выступают ме-
неджеры всех уровней, а также специалисты предприятия и его производствен-
ных подразделений. Объектами управления затратами являются затраты на раз-
работку,  производство,  реализацию,  эксплуатацию  и  утилизацию  промышлен-
ной продукции.
Система управления затратами на предприятии базируется на следующих 
принципах:
системный подход в управлении затратами; 
– 
методическое единство на разных уровнях управления затратами; 
– 
управление затратами на всех стадиях жизненного цикла изделия от соз-
– 
дания до утилизации; 
органическое сочетание снижения затрат с высоким качеством продук-
– 
ции; 
направленность на недопущение излишних затрат; 
– 
внедрение эффективных методов снижения затрат; 
– 
совершенствование информационного обеспечения о величине затрат
– 
повышение заинтересованности подразделений предприятия в снижении 
– 
затрат.
Основными задачами управления затратами на промышленном предприя-
тии являются: 
выявление роли управления затратами, как фактора повышения экономи-
– 
ческих результатов деятельности; 
расчет  необходимой  величины  затрат  на  единицу  продукции,  работ  и 
– 
услуг; 
правильное  определение  затрат  в  производственных  подразделениях 
– 
предприятия; определение основных методов управления затратами
определение экономических и технических способов и средств измере-
– 
ния, учета и контроля затрат на предприятии. 
В современных условиях хозяйствования предприятиям все чаще прихо-
дится  прибегать  к  стратегическому  управлению  затратами,  которое  призвано 
расширить  горизонты  планирования,  создать  возможность  своевременной  от-
ветной реакции предприятия на изменение внешней среды.
Роль стратегического управления затратами в системе менеджмента про-
мышленного предприятия достаточно велика. При этом важно иметь в виду, что 
стратегия  управления  затратами  не  является  самоцелью,  а  служит  средством 
для достижения стратегической цели предприятия. Поэтому конкретные методы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет