Радиоактивтілік туралы жалпы түсінік. Табиғатта өздігіген ыдырайтын химиялық элементтердің, атомдық ядролардың шағын мөлшері бар. Бұл үдеріс көзге көрінбейтін сәулеленумен шығады. Радиоактивті элементтерге және радиоактивті сәулеленуге сәйкес – атомдық ядролардың өзідігінен ыдырауы кейбір химиялық элементтерде радиоактивтілік деп, ал элементтердің өзі олардың сәулеленуі деп аталады. Адамның сезу мүшелерінің қабілеттілігі радиоактивті сәулеленуді қабылдай алмайды. Жергілікті жердің, судың, ауаның, көлік құралдарының, азық – түліктердің және т.б. радиоактивті сәулеленумен және радиоактивтілікпен ластанғаны туралы ақпаратты тек арнайы аспаптардың көрсетуімен ғана алуға болады.
Белсенділік – уақыт аралығында ыдырау саны, СИ жүйесінде беккерелмен (Бк) өлшенеді, 1 Бк секундына келетін бір ыдырауға тең болады. жасуша арқылы өтетін сәулелену энергиясы көп болатын болса, онда ағзаның зақымдалуы жоғары болады. Ағзаға берілген осындай энергияның саны доза (мөлшер) деп аталады. Мөлшер әр түрлі есептеледі. Сәулеленген объектің өлшеміне және орналасуына, адам санына, уақытқа байланысты болады.
Экспозиционды доза – иондалған сәулелену өрісінің сандық сипаттамасы. Экспозиционды дозасының өлшем бірлігі рентген (Р) болып табылады. СИ жүйесінде - кулон килограмға (1Кл/кг).1Р=2,58·10-4
Сіңу дозасы - сәулеленген зат массасының бірлігімен сіңген энергиясы. Сіңу дозасының өлшем бірлігі 1 рад болып табылады. СИ жүйесінде греймен өлшенеді (1Гр = 1Дж/кг). Сәулеленудің түрлері әр түрлі энергияның саның босатады және әр түрлі сіңу қабілеттілігіне ие болады, сондықтан олар тірі ағзаның жасушасына бірдей емес әрекет тудырады. Егер оған назар аударатын болсақ, онда дозаны ағза жасушасын зақымдайтын коэффициентіне көбейту қажет.
Саналған дозаны эквивалентті доза (Н) деп атайды. Н = Д∙Q, осында Q бөлек сәулелену түрлері үшін : гамма и бэта – сәулелену – 1, әр түрлі энергиясы бар нейтрондар – 5-20 ,альфасәулелену және ауыр ядролар – 20. Өлшем бірлігі бэр болып табылады, СИ жүйесінде - Зиверт (Зв), 1 Зв =100 бэр.
Ескеру керек, кейбір дене бөліктері (жасуша, мүшелері) басқаларға салыстырғанда сезімдігі жоғары болады. Сондықтан жасуша және мүшелердің сәулелену дозасын әр түрлі коэффициенттермен ескеру керек.[1, с.110] Сәйкестік коэффициенттерге эквивалентті дозаларды көбейтіп, бүкіл жасуша және мүшелері бойынша қосып, эффективті эквивалентті дозаны (ЭЭД)-(Нэ) аламыз. ЭЭД бүкіл ағзаның суммарлы эффектін шығарады. НЭ = Н·W, онда W – сәулеленуге әр түрлі жасушаның сенімділігін ескеретін коэффициенті. Жеке ЭЭД, адам топтарды қосса, адам-зивертпен (адам-Зв) өлшенетін коллективті ЭЭД аламыз. Келешекте көптеген радионуклидтер радиобелсенді болғандықтан, күтетін (толық) ЭЭД болып табылады.
4. Күшті әсер етуші улы заттар:
- күшті әсер ететін улы заттардың жалпы сипаттамасы;https://stud.baribar.kz/21583/qatty-aser-etetin-uly-zattar-qauz/
- КӘУЗ жіктелуі;https://ppt-online.org/130011
КӘУЗ улану кезіндегі дәрігерге дейінгі алғашқы көмек;https://stud.baribar.kz/21583/qatty-aser-etetin-uly-zattar-qauz/
.
Достарыңызбен бөлісу: |