«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандықтарына арналған тест тапсырмалары (2 кредит) Құрастырған: «Экология және қоршаған ортаны қорғау»

@@@ Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері

бет2/17
Дата31.12.2021
өлшемі0,83 Mb.
#22968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
«Тіршілік ауіпсіздігіні негіздері» п нінен университетті барл

@@@ Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері.
$$$ 16 А

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу -

A) мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларын қамтамасыз ету құрылымдарының құрамдас бөлігі;

B) бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі;

C) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;

D) халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-қимылы жөніндегі міндеттемелері;

Е) республикалық Үкімет, орталық атқарушы органдар, мемлекеттік бағдарламалар.
$$$ 17 D

Азаматтық қорғаныс – бұл...

A) ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары;

B) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметі дереу іске қосады, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың медициналық күштері мен құралдары таратады;

C) облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия;

D) бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты, ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалынан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны;

Е) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, аумақты және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудың негізгі принциптері.

$$$ 18 С

Азаматтық қорғаныс мәселелерінің Республикалық деңгейде шешілуі -

A) Азаматтық қорғаныс мүлігін, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жинауды, сақтауды ұйымдастырады, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру шараларын, авариялық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастырып өткізеді;

B) жергілікті өкілді және атқарушы органдар ведомствлық бағыныстағы аумақта Азаматтық қорғанысқа басшылық етеді, ұйымдардың Азаматтық қорғаныс шараларын орындауынұйымдастырады. Хабарландыру құралдарын, басқару нүктелерін тұрақты дайындықта ұстайды;

C) республикалық Үкімет, орталық атқарушы органдар мемлекеттік бағдарламаларды, Азаматтық қорғанысты дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттарын, оны қаржыландыру және материалдық қамтамасыздандыру тәртібін, соғыс қауіпі мен төтенше жағдайлар кезіндегі Азаматтық қорғаныс жүйесінің жұмыс істеу тәртібін белгілейді;

D) Мемлекеттік деңгейде Азаматтық қорғанысы халық пен республика экономикасын зілзаладан, ірі авариялардан, апаттардан, осы заманғы зақымдау құралдарының қолдануынан қорғау және төтенше жағдайлардың пайда болу аудандары мен зақымдау ошақтарындағы басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар жөніндегі мемлекеттік шаралардың құрамдас бөлігі болып табылады;

Е) дұрыс жауабы жоқ.
$$$ 19 В

Азаматтық қорғаныс мәселелерінің жергілікті деңгейде шешілуі -

$$$ 20 В

Азаматтық қорғанысқа тікелей басшылықты жүргізеді?

A) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі;

B) ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі;

C) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы өкілеттілігі;

D) ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия;

Е) аудан әкімдері мен ауыл әкімдері.

$$$ 21 Е

Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мыналар -

A) саяси әлеуметтік мәселелерді шешу;

B) ТЖ кезіндегі құтқару құралдарын жөндеу;

C) басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру;

D) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін даярлау және халықты оқыту;

Е) басқару, хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру, дамыту және қолдау, Төтенше жағдайлар кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды іс-әрекеттерге даярлау және тұрақты дайындықта ұстау, Орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін даярлау және халықты оқыту.
$$$ 22 В

Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер жөніндегі міндеттері қандай?

A) зардап шеккен халыққа бірінші кезекте көмек көрсету, тіршілікті қалыптастыру;

B) Азаматтар тиісті органдарға төтенше жағдайлардың тууына алып келуі мүмкін апаттар қаупі туралы хабарлауға, халық АҚ пен ТЖ бойынша қажетті білімдер мен практикалық дағдыларды игеруге, АҚ шараларына қатысуға және орындауға міндетті;

C) бейбіт және соғыс уакытында ТЖ пайда болуы кезінде қоршаған табиғи ортаны, адамдардың өмірі мен денсаулығын, мәдени және материалдық құндылықтарды қорғау, төтенше жағдайды ескерту мен жою саласында бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу;

D) халықты, аумақты қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесін құру;

төтенше жағдайға әрекет ету ретін анықтау, зардаптарын жою, олардың пайда болу себептерін тергеу;

Е) халықты хабарландыру және мониторинг ұйымдастыру.
$$$ 23 С

Мекемедегі, кәсіпорындағы «Азаматтық қорғаныс» құрылымдары кімдердің бұйрығымен құрылады?

А) облыс әкімі бұйрығымен;

B) аудан әкім бұйрығымен;

C) мекеме басшысы бұйрығымен;

D) министірлік бұйрығымен;

E) мемлекеттік инспекция бұйрығымен.
$$$ 24 С

Облыстардағы «Азаматтық қорғаныс» мәселелеріне кім жауапты?

А) ТЖ Министрі;

В) облыстық ішкі департаменті;

С) облыс әкімдері;

D) министрлік бөлім басшысы;

Е) облыстық прокурор.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет