4.Консистенция бойынша:
-
әдеттегі консистенция
-
аққыш
-
қапталған (пакуемые немесе
конденсируемые)
5.Тағайындалу бойынша:
-
шайнау тістерге;
-
алдыңғы тістерге;
-
әмбебап.
6.Толтырғыштың мөлшеріне қарай:
-
көптолтырылған (беорганикалық толтырғыштың
мөлшері 75% көп);
-
орташатолтырылған (беорганикалық
толтырғыштың мөлшері 66-75%);
-
азтолтырылған (беорганикалық толтырғыштың
мөлшері 66% төмен)
Химиялық жолымен қатаятын
композиттердің қасиеттері
Оң қасиеттері:
-
біркелкі полимеризация
-
қолдануда қарапайым
-
реставрацияның жасау уақыты минималды.
Теріс қасиеттері:
-
пломба түсінің өзгеруі (реакцияға түспеген активатордың -
үшіншілік аминдердің қалдығы болғандықтан);
-
эстетикалық қасиеттері жоғары емес;
-
тозуға бекемдігі төмен;
-
материалдың кеуектілігі
-
токсикалық әсері.
Өкілдері:
Composite (Alpha-Dent), Compolux (Septodont),
Charisma F (Kultzer) және т.б.
Химиялық жолымен қатаятын композиттер
Жарық әсерінен қатаятын
композиттердің қасиеттері
Химиялық композиттерге қарағанда жарық әсерінен
қатаятын композиттердің артықшылықтары:
компоненттердің араластыруды қажет етпейді;
жұмыс істеу барысында түтқырлығын өзгертпейді;
пломба мүсіндеу үшін уақыты ұзағырақ;
дәрігер шешіміне байланысты полимеризациясы
(команда бойынша);
қалдықтар қалдырмай жұмыс істеу;
түсі өзгермейді;
полимеризацияның жоғарырақ деңгейі;
жоғары эстетикалық нәтижесі.
|