Терапиялық стоматологияда
композициялық пломбалық
материалдар (композиттер)
тістерді
тұрақты пломбалау үшін
қолданылады
(тұрақты пломба ретінде).
Қазіргі кезде олар тістерді қалпына
келтіру үшін (реставрациялау)
қолданылатын негізгі
материалдар болып
табылады.
Композициялық пломбалық
материалдарды алғашқы рет 1962 ж.
дәрігер Rafael L. Bowen жасап шығарды.
Басқа пломбалық материалдарға қарағанда
композиттердің бір артықшылығы – оның көп
клиникалық жағдайда (алдыңғы және шайнау
тістерге) қолдануға мүмкіндік беретін жоғары
беріктілігі. Ал материалдың көп түстердің болуы тіс
тіндері түсінен ажыратылмайтын пломбаларды
қоюға мүмкіндік береді.
Өткен ғасырдың 60-шы
жылдардан бастап осы
күнге дейін үнемі
қасиеттерін жақсартып жаңа
композициялық пломбалық материалдар
шығарылып жатыр (материалдардың
созылымдылық қасиетін, түстік мінездемелерін
жақсартады, келесі көрсеткіштерін - қажалуына,
қысылуына және үзілуге қарсы
беріктігі бойынша
тістердің қатты тіндерінің аталған көрсеткіштеріне
сәйкес жасайды).
Композициялық пломбалық
материалдар (КПМ немесе композиттер) -
бұл материал негізін органикалық полимерлі
шайыры құрайтын және оның құрамында
материал қасиеттерін жақсарту үшін
енгізілген
бейорганикалық толтырғышы бар кешенді
қосылыстар.
Бұл компоненттер беткейлі-белсенді
заттар арқылы бір-бірімен химиялық жолымен
байланысады.
Сонымен, КПМ 3 компоненттен тұрады:
1.
Органикалық полимерлі матрица;
2.
Бейорганикалық толтырғыш;
3
.Силандар немесе беткейлі-белсенді заттар.