Тістердің жедел зақымы


Тісі орнынан жартылай тайған адам бір немесе бірнеше тістерінің ауыратынына, қозғалмалы болғанына шағымданады және себебін өзі айтып береді



бет3/5
Дата16.05.2023
өлшемі232,48 Kb.
#93485
1   2   3   4   5
Байланысты:
254682.pptx

Тісі орнынан жартылай тайған адам бір немесе бірнеше тістерінің ауыратынына, қозғалмалы болғанына шағымданады және себебін өзі айтып береді.

  • Тісі орнынан жартылай тайған адам бір немесе бірнеше тістерінің ауыратынына, қозғалмалы болғанына шағымданады және себебін өзі айтып береді.
  • Бұл жағдайда тісті сақтап қалу мәселесін шешу қажет. Сақтаудың негізгі көрсетілімі – түбір төңірегіндегі сүйек тіндерінің жағдайы. Егер олар тіс түбірі ұзындығының жартысынан көбірек аймақта сақталса, тісті сақтауға болады және жергілікті жансыздандыру әдісін қолданып, тісті бұрынғы орнына қойып, оған тыныштық жағдай жасайды. Тіс қозғалмалы болмау үшін көрші тістерге шендеуіштің көмегімен бекітеді. Кейбір жағдайларда түбірдің орнынан ауытқуы нәтижесінде нерв-қантамыр шоғыры үзіліп, ұлпа өліеттенуі мүмкін. Осыған байланысты тістің электрқозғыштығын анықтайды. Егер электрқозғыштығы төмен болса (көрсеткіш 100 мка жоғары), 5 – 6 күн өткен соң қайта анықтау керек. Себебі алғашқы күндері ұлпаның электрқозғыштығы жарақат әсерінен төмендеуі мүмкін және қантамыр нерв шоғыры үзілмеген жағдайда біртіндеп қалпына келе бастайды. Егер тістің электрқозғыштығы 100 мка немесе одан жоғары болса, ұлпаны алу шараларын жүргізіп, (мұндай көрсеткіштер ұлпаның өліеттеуінің белгісі) түбір өзегін пломбылайды. Шендеуішті үш айдан кейін алады. Көп жылдық дәрігерлік тәжірибе нәтижесіне сүйене отырып жасайтын қорытындымыз, мұндай жағдайларда жарақаттанған тістің ұлпасын алуға бір айға дейін асықпау керек және әрбір он күнде тістің электр қозғыштығын анықтап тұрған тиімді.

Тістер шегелене тайған кезде де науқас қатты ауыру сезіміне және тісінің қысқарғанына шағымданады және себебін анық айтады. Бұл кезде де тісті орнына келтіріп, көрші тістерге бекітеді және өліеттенген ұлпаны жарақат аймағында ауыру сезімі басылып, науқастың жағдайы тұрақтанған соң ғана алады (3-4 күннен кейін). Өліеттенген ұлпаны көп кешіктірмей алған дұрыс, ол тіс қуысында ұзақ сақталған жағдайда ыдырауға ұшырап, тістің түсінің өзгеруіне әкеліп соғады (тіс көкшіл-сұр немесе қара-сұр түске боялады).

  • Тістер шегелене тайған кезде де науқас қатты ауыру сезіміне және тісінің қысқарғанына шағымданады және себебін анық айтады. Бұл кезде де тісті орнына келтіріп, көрші тістерге бекітеді және өліеттенген ұлпаны жарақат аймағында ауыру сезімі басылып, науқастың жағдайы тұрақтанған соң ғана алады (3-4 күннен кейін). Өліеттенген ұлпаны көп кешіктірмей алған дұрыс, ол тіс қуысында ұзақ сақталған жағдайда ыдырауға ұшырап, тістің түсінің өзгеруіне әкеліп соғады (тіс көкшіл-сұр немесе қара-сұр түске боялады).
  • Тістің толық таюы кезінде науқас тісті өзі орнына қайта қойғанын айтады немесе дәрігерге өзімен бірге алып келеді. Орнына қойылған тіс дұрыс орналасқан болса, шендеуішпен көрші тістерге бекітеді және өліеттенген ұлпасын алып тастайды. Егер өзімен алып келсе, тісті «реплантациялау» немесе қайта отырғызу отасын жасайды. Ол үшін тісті аз уақыт антисептиктер ерітіндісінде ұстағаннан кейін (24 cағатқа жақын) ұлпасын алып, түбір өзегін пломбылайды. Тіс ұяшығын және тісті антисептиктер ерітіндісімен өндеген соң, тісті ұясына орналастырып қозғалмайтындай етіп бекітеді. Бұл әдіс зардап шеккен тістер төңірегіндегі пародонт өзгеріске ұшырамаған жағдайда жақсы нәтиже береді. Жарақат алғаннан кейін 20-30 минөт аралықта орнына қайта отырғызылған тістің түбірі аз сорылады және ұзақ уақыт тіс қатарында сақталады. Бұл ота кешірек жүргізілсе, алғашқы бір ай ішінде тістің түбірі сорыла бастайды және уақыт өткен сайын үдей береді. Сондықтан тістің орнында ұзақ сақталуы күмән тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет