Титульный лист docx



Pdf көрінісі
Дата20.12.2023
өлшемі79,68 Kb.
#141167
Байланысты:
Бож 12



Баяндама
Prepared by: 
Нұрланқызы
 
Жанель
Course:2 
курс
Specialty:
Философия
Groupe:
201 A
Submitted to: 
Оразхан
 
Т
.
О
Almaty, 2022
«
Қазақстанның
қазіргі
дамуының
басымдықтары
аясындағы
прагматизм
философиясы
» 
тақырыбына
шығармашылық
жұмыс


 “Пр
агматизм” ұғымы көпшілік қоғамдық сана үшін арнайы түсіндіруді қажет ететін кəсіби
философиялық термин санатына енеді. Прагматизм (pragma – грек тілінен алынған сөз.
Рragmatos – іс, қызмет, əрекет деген мағыналарды береді) – адамның мəдени-əлеуметтік
өмірдегі қызметі, практикалық іс-əрекеті тұрғысынан талданған, ХХ ғасырдың соңында
АҚШ-та өріс алған философиялық бағыттың бірі. Бұл бағыт адамның өмірмəнділік
қасиеттерін айқындайтын, оның орталық негізі болып табылатын əрекетті, мақсат
қойылған қызметті қарастырып, оларды басымдылыққа шығаруды көздейді. Негізгі
өкілдері – «прагматизм» терминін жандандырушы: Ч.Пирс, У.Джемс, Дж. Дьюи т.б. Джемс
Уильям прагматизмді тəжірибеге сүйенудің ең радикалды формасы, өткенге қатынасы
тұрғысынан идеяларды, қоғамдық өмір белестерін барынша аз сынаушы ілім,
прагматистер тым жалпылықтан, абстракциядан, тек сөз жүзіндегі, тəжірибеде
тексерілмейтін негіздемелерден, алдамшы қағидалардан, тұйық жүйелерден, жалған
абсолюттерден қашатын нақтылық деп түсіндіріп өтеді. Бұл бағыт айғақтардың,
əрекеттердің, өмірлік қуаттардың нақтылығы мен сəйкестігіне қарай бет бұрады.
Прагматизм қандай да бір ерекше нəтижені күтпейді, бұл тек қана тəсіл деген пікірін
тиянақтаған Дж. Уильям, тəжірибе мен шындықтың бір нəрсе екендігін ұсынып, ақиқат –
қоғамға шынайы əсер ету күші аясында алынған білімнің тексерілуі деген қорытындыға
келеді. Оның пікірінше, ойлау мидың жай ғана қызметі немесе ғылым үшін қажетті
құбылыс емес, оның құндылығы – өмірлік сауалдарды шешу үшін, жетістікке жету үшін
қажетті құрал болуында жəне ол – сəттілікке жету үшін организмнің қоршаған ортаға,
қоғамдық өмірге бейімделуінің құралы. Білімнің мазмұны практикалық салдар арқылы
анықталады. Демек, білім беруді түрлендіру белгілі бір деңгейде нақты жəне нəтижелі
болуы тиіс. Адамдар практикада ешқандай теориялық негіздемесі болмайтын, яғни,
қоғамдық өмірде еш пайдасы жоқ шешімдер қабылдауға жиі мəжбүр болады. Егер таңдау
болмаса, əрекет ету керек, бұл да шешім. Яғни, дағдарыстарда ештеңе істемеу емес, бір
нəрселер жасау қажеттігі, бұл да нақты шешім. Ал ақиқат дегеніміз, өзімізге тиімді,
əмбебап үйлесімді болып келетін, өмірлік тəжірибе қорымызға қосуға болатын нəрсе.
Мұндағы практика объективті ақиқаттың тəжірибеде тексеріліп қаралуында емес,
адамдардың жеке мүдделерінің қанағаттандырылуы, ол – бізді ең жақсы жолмен
жетелейтін, өмірдің кез келген сəтіне ең жақсы бейімделген т.б. сапаларды иеленуі тиіс.
Джон Дьюй де таза өмірмəнділік мəселелерді шешуге ұмтылған еді. Оның ойлары
былайша өрбиді. Кез келген нəрсені зерттеу, ұмтылыс, мақсат бес сатыны қамтиды:
қиналыс сезімі; оны анықтау мен шекарасын түсіндіру; мүмкін болатын шешімді ұсыну;
бұл ұсынысты пайымдау арқылы ашып беру; əрі қарай тəжірибеде тексеру жəне байқау.
Адам бұл өмірде оған мағына беру арқылы жəне өмірді өзгерту арқылы ғана өмір сүруге
қабілетті. Ақиқат – тапқырлықты, қолдаушылықты жəне негізгі идеяның сенімділігін
қамтамасыз етуге бейім болуы тиісті құбылыс. «Интеллектінің қызметі» демек, біздің
ойымыздың қуаты «қоршаған əлем объектілерін көшірмелеу емес», «осы объектілерге
неғұрлым əсерлі жəне пайдалы қатынастардың» жолын орнықтыру болып табылады.
Адам тек қана материалдық өмірдегі қиындықтарды жеңу қажеттілігінің шеңберінде ғана
ойлайды. Идеяның құндылығы практикалық пайдалы болу дəрежесіне қарай анықталады
деген ойлар айтты. Прагматизмнің кейінірек туындаған бір саласы инструментализмде:
ақыл мен интеллект (логикалық, этикалық ж.т.б формалар) өзгеріп тұратын жағдайға
бейімделудің құралы деп түсініледі. Идея, пікір, ой – шындықты анықтаудың,


қайшылықтарды шешудің де құралы болуы тиіс. Мұнда нақтылық, тиімділік, пайдалылық,
өнімділік жəне т.б. басты құндылықтарға айнала отырып, ол – білім беру мен мəдениетке
кең таралуы қажет екендігі ұсынылады. Мəселен, мектеп адамның өмірге дайындығы
емес, білім алушы жасөспірімді сол өмірге енгізудің жəне практикалық пайдалы
нəтижелерді бастан өткізу баспалдағы болып табылатын нақ сол өмірдің өзі. Демек,
Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың прагматистік ұстанымы: нақтылық, дəлдік, тиімділік,
пайдалылық, нəтиже, кез келген күрделі ахуалдан тез шығудың жолы, сөзден іске көшу
т.б. қағидаларды басшылыққа алады. Мəселен, Сіздің ағылшын тілі курсына неше жыл
қатынасқандығыңыз ол тілді қаншалықты меңгергендігіңіздің өлшемі емес, ең бастысы –
нəтиже. Біреулер 5 жыл үздіксіз қатынасады, ал біреулер тек бес ай ғана оқып, бес
жылдық білімнен артық білім алып шығады. Міне – нəтиже. Ең – маңыздысы осы.
Елбасының осы мақаласындағы айтылған прагматистік ұстаным хақындағы идеяларын
жүзеге асырудың прагматистік тəсілдерін басшылыққа алған философия қауымы 2005
жылы ЮНЕСКО бекіткен философтар күніне орай, игілікті іс-шара өткізіп келеді. Онда
прагматизмді Қазақстанда қолданудың жаңа үлгісін көпшілікке ұсынды. ҚазҰУ
философтары «Сөзден іске көшудің» қажеттілігін парасатты түрде түсіне отырып,
«прагматизмді ұстанудың тұжырымдамасын» жасау қажеттігі туралы шешімге келді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет