Титульный лист docx



Pdf көрінісі
Дата20.12.2023
өлшемі76,22 Kb.
#141168
Байланысты:
Философия 10 сроп Нұрланқызы Жанель



Эссе
Prepared by: 
Нұрланқызы
 
Жанель
Course:2 
курс
Specialty:
Философия
Groupe:
201 A
Submitted to: 
Оразхан
 
Т
.
О
Almaty, 2022
«
Қазіргі
 
заманғы
 
қоғамдағы
 
дәстүрлі
 
құндылықтардың
 
рөлі
»


«Құндылық» ұғымының мəнін жинақтай алғанда қоғам өмірінде қалыптасқан жасампаз
идеялар мен этикалық категориялар, моральдық-эстетикалық нормалар мен
стереотиптер жиынтығы, маңызды мақсат-мұраттар мен оларға жету жолдары, мінез-
құлық мəнері туралы жинақталған түсініктер деуге болады. Яғни құндылық дегеніміз
тарихи тəжірибе негізінде тұжырымдалған ұлт немесе адамзат мəдениетінің мəні болып
табылады.
Құндылықтар қоғамның даму бағдарлары мен өмір сүру мəнерін белгілейді. Құндылықсыз
қоғам – бағдарсыз қоғам. Құндылық – қондырма емес, ол қоғамның өзі ішінен қайнап
шығады, мемлекеттік билікке тəуелсіз қалыптасады. Оның идеологиядан айырмашылығы
да осында. Құндылық – уақыт сынынан өткен жəне заман озған сайын түлеп отыратын
идеялар мен ұстанымдар. Ешбір өркениетті қоғам уақыт сынынан өтіп, өміршеңдігі мен
жасампаздығын дəлелдеген дəстүрлі құндылықтарсыз алға басып көрген жоқ. Өйткені
дəстүрлі құндылықтар – ішкі тұрақтылықтың тұғыры, рухани қауіпсіздіктің тірегі жəне ең
бастысы – ұрпақтар сабақтастығының негізі.
Əрбір қоғам мəдениетіне тəн өзіндік құндылықтар кешені болады. Дəстүрлі қоғам өзгеріске
ұшыраған жағдайда да дəстүрлі құндылықтар өз маңызын жоймайды. Оның айқын
мысалы – бүгінгі қазақ қоғамы.
Тиісті анықтамаларға сəйкес дəстүрлі қоғам дегеніміз – саяси, əлеуметтік жəне мəдени
дамуы дəстүрлі құндылықтарға, салт-санаға, ата-баба мұраларына негізделетіндігімен
ерекшеленетін əлеуметтік орта. Бұл тұрғыдан алғанда қазіргі қазақ қоғамын толық мəнінде
дəстүрлі қоғам деп атау қиын. Дəстүрлі мəдениеті, саяси жүйесі, құқықтық санасы тиісті
деңгейде қалыптасқан қазақ қоғамы тарихи үдерістер салдарынан елеулі өзгерістерге
ұшырады. Қазір ол өз дамуын заман талабы тудырған құндылықтармен көбірек
байланыстыруда. Дегенмен ұлттың дəстүрлі құндылықтық жүйесі, соның ішінде рухани
құндылықтары жаңа қоғамның бағдарын айқындауда негізгі реттеушілік роль атқарып
отыр.
Ұрпақтар сабақтастығы құндылықтар арқылы жалғасады. Ұлт тарихы үшін осы
сабақтастықтың маңызы зор. Əр буын өзіне дейінгі ұлт тəжірибесін бойына сіңіріп, ары
қарай дамыта білмесе, тарихын екшеп-саралау арқылы болашағына бағдар жасамаса –
ол қоғам керітартпа қоғамға айналады. Өткенді мансұқтап, тарихты өзінен бастаған буын
мемлекетті рухани дағдарысқа ұшыратады. Оның жекелеген көріністері де, өкінішке орай,
қазіргі Қазақстан қоғамында бой көрсетуде.
Яғни қазір елімізде дəстүрлі құндылықтарды жаңғыртуға деген табиғи құлшыныс пен оны
қоғам өмірінен ысырып тастауға деген жасанды талпыныс қатар жүруде. Дəстүрлі
құндылықтарды жаңғыртуға деген құлшыныстың алғашқы серпіні тəуелсіздік алумен
тікелей байланысты болды. Үш ғасырлық отарлық жəне кеңестік саясат қысымында
ұлттық мінезінен, санасынан, құндылықтарынан көз жазып қала жаздаған ұлт
тəуелсіздіктің алғашқы кезеңінде тілін, тарихын, дəстүрін жəне дінін жаңғыртуға құлшына
ұмтылды. Қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе беру, тіл төңірегінде атқарылған сан салалы
жұмыстар, ұлттық мектептер мен балабақшалар ашу, ұлттық сайыстар ұйымдастыру,


«Наурызды» халықтық мерекеге айналдыру, тарихи туындыларды жарыққа шығару, ұлт
зиялыларын ақтау үдерісі, мешіттер мен медреселер жұмысын жандандыру, діни
басылымдарды көбейту – тағы басқа сан жеткісіз іс-əрекеттер мен нəтижелер ұлттың өз
болмысына оралуды аңсаған табиғи құлшынысынан туындап жатты.
Дін мен дəстүрлі құндылықтардың байланысы терең тамырлы. Дін дегеніміз тек сенім
жүйесі емес, ол – өмір сүру мəнері, моральдық нормалар, қарым-қатынас əдебі, жақсы
мен жаманды, адал мен арамды ажыратушы рухани қағидалар жүйесі. Бір сөзбен
айтқанда дін – рухани мəдениет феномені, ол қоғамдағы кез келген феноменнен
анағұрлым бай, маңызды жəне ықпалды. Радикалды ағымдар идеологиясының алдын алу
жолдары олардың өз əдістемесіне сəйкес қалыптасуы қажет. Кез келген жаңа діни ағым
қоғамдағы қалыптасқан құндылықтарды күйрету арқылы өзін орнықтыруға жол ашады. Ал
бұл өз кезегінде дəстүрлі құндылықтармен бірге ішкі тұрақтылықтың əлсіреуіне алып
келеді. Рухани ізденістердің дəстүрлі арнаға бағытталуы жəне ұлттық құндылықтар
аясында дамуы қоғамның рухани жаңғыруына серпін береді. Ал оның радикалды
идеологияға арбалуы тұлға болмысының құлдырауынан бастап, ішкі тұрақтылық пен
мемлекет тұтастығының бұзылуына дейін алып келетін қауіпті салдарларға соқтырады.
Сондықтан біз үшін уақыт сынынан өтіп, ұлтты қалыптастырған құндылықтарды қорғау –
елдің ішкі тұрақтылығы мен мемлекет іргесінің бүтіндігін қорғау болып табылады. «Уды у
қайтарады» ұстанымы бойынша, радикалды ағымдардың ауыз салатыны дəстүрлі
құндылықтар болғандықтан, алдын алу жұмыстарының ең белсенді əрі ықпалдысы –
дəстүрлі құндылықтарды жаңғырту болмақ.
Қорыта айтқанда, əрбір ұлттың дəстүрлі рухани құндылықтарының сан ғасырлық уақыт
сынынан өтіп, дəстүрлі қоғамды қалыптастырғаны, оның рухани бағдарларын айқындап,
идеологиялық тұтастандыру жəне қоғамдық реттеу қызметін атқарғаны белгілі. Жасампаз
дəстүрлі құндылықтардың алдағы уақытта да қазақстандық қоғам тұрақтылығына тірек
болып, оның өміршеңдігіне септесері сөзсіз. Дəстүрлі рухани құндылықтарды жаңғырту
жалпы жұртшылықтың, əсіресе жастардың теріс пиғылды ағымдардан берік қорғалған,
психологиялық өңдеуге берілмейтін, қорғаныс қабілеті мен қарсы тұру иммунитеті мықты
болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды идеологиялық құрал болып табылатыны
сөзсіз. Сонымен қатар бұл тек діни саланы реттеу қажеттілігіне ғана емес, жалпы қоғам
өміріне бағдар болатын көнермейтін, мəңгілік адамгершілік-өнегелік құндылықтарды қайта
сараптап, жұртшылыққа ұсыну, қолданысқа енгізу қажеттілігіне де қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет