Тізім. Тізімге қолданылатын операциялар мен әдістер



бет3/3
Дата15.11.2023
өлшемі235 Kb.
#122643
1   2   3
Мысал30: Берілген тізімдегі элементтерді 2 рет қайталап және бірінші элементін жойып шығарыңдар.
a=[2,5,6,4,1];
print(a*2)
del(a[1])
print(a)
Нәтиже:
[2, 5, 6, 4, 1, 2, 5, 6, 4, 1]
[2, 6, 4, 1]
del командасында ішкі тізімді қию арқылы жоюға да болады:
>>> a = [-1, 1, 66.25, 333, 333, 1234.5]
>>> del a[0]
>>> a
[1, 66.25, 333, 333, 1234.5] >>> del a[2:4] # ішкі тізімді жою
>>> a
[1, 66.25, 1234.5]
>>> del a[:]
>>> a
[]
range функциясы арқылы жасалған аралық индексті беру үшін жиі қолданылады. Мысалы, егер бар тізімдегі әр элементті 2-ге көбейту арқылы өзгерту қажет болсын.
a=[2,5,6,4,1];
print(a)
for i in range(len(a)):
a[i]=a[i]*2
print(a)
Бағдарлама нәтижесі:
[2, 5, 6, 4, 1]
[4, 10, 12, 8, 2]
Тізімге қолданылатын әдістер
Тізімге қолданылатын әдістер жолға қолданылатын әдістерге ұқсас. Төменде неғұрлым жиі қолданылатын әдістер көрсетілген:
extend(тізім) - тізімді тізіммен кеңейтеді
append(аргумент) - тізімге элемент қосады
insert(n, аргумент ) - көрсетілген орынға элемент қосады
remove(аргумент) - тізімнен элементті жояды
count(аргумент) - аргументтің қайталану санын табады
index(аргумент)- аргументтің тізімдегі орнын қайтарады
pop() - тізімдегі соңғы элементті жояды
sort() - тізімді сорттайды
reverse() - кері реттегі тізімді қайтарады
clear() -тізімді тазартады (del фунциясының аналогы болып табылады).


Мысалдар:
>>> colors = ['red', 'orange', 'green']
>>> colors.extend(['black','blue']) # тізімді тізіммен кеңейтеді
>>> colors
['red', 'orange', 'green', 'black', 'blue']
>>> colors.append('purple')# тізімге элемент қосады
>>> colors
['red', 'orange', 'green', 'black', 'blue', 'purple']
>>> colors.insert(2,'yellow') # көрсетілген позицияға элемент қосады
>>> colors
['red', 'orange', 'yellow', 'green', 'black', 'blue', 'purple']
>>> colors.remove('black')# тізімнен элементті жояды
>>> colors
['red', 'orange', 'yellow', 'green', 'blue', 'purple']
>>> colors.count('red') # аргументтің қайталану санын табады
1
>>> colors.index('green')# аргументтің тізімдегі позициясын қайтарады
3

Сонымен қатар, тізімге қолданылатын пайдалы әдістер төменде көрсетілген:


>>> colors
['red', 'orange', 'yellow', 'green', 'blue', 'purple']
>>> colors.pop() # тізімдегі соңғы элементті жояды және қайтарады
'purple'
>>> colors
['red', 'orange', 'yellow', 'green', 'blue']
>>> colors.reverse() # кері реттегі тізім
>>> colors
['blue', 'green', 'yellow', 'orange', 'red']
>>> colors.sort() # тізімді сорттайды
>>> colors
['blue', 'green', 'orange', 'red', 'yellow']
>>> colors.clear() # тізімді тазартады. 3.3 версиясынан бастап шықты. del color[:] аналогы
>>> colors
[]
>>>
Мысал31:Берілген тізімді сорттап шығарыңдар.
a = [5,8,9,2,6]
a.sort()
print(a)
Мысал32: Берілген тізімдегі элементтерді, сортталған тізімді және кері ретпен жазылған тізімді шығарыңдар.
a=[5,8,9,2,6]
print('berilgen tizim=',a)
a.sort()
print('sorttalgan tizim=',a)
a.reverse()
print('keri rettelgen tizizm=',a)
Нәтиже:
berilgen tizim= [5, 8, 9, 2, 6]
sorttalgan tizim= [2, 5, 6, 8, 9]
keri rettelgen tizim= [9, 8, 6, 5, 2]

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет