Өлеңге композициялық талдау жаса (5 балл)
Т. Айбергенов “Адамдар”
О, адамдар, біргемін мен сендермен,
Ықыласыңа еш нәрсені теңгермен.
Сендер менің бақытымның бұлағы,
Сендер менің дарыныма жел берген.
Өздеріңмен өмір шыңын бірге астым,
Жарты құртты бөліп жедім, сырластым.
Дүниеге келгенім жоқ шет жүріп,
Рақатын ойлау үшін бір бастың.
|
|
Cөздердің мағынасын жаз (10 балл)
Ханталапа-
Ұрымтал-
Әбжіл-
Қидаласу-
Күтір-
Төменде берілген жолдардың мағынасын шығармамен байланыстыра ашыңыз. (5 балл)
“Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса, етігімен су кещер”
ТЖБ IV тоқсан
Қазақ әдебиеті
II нұсқа
|
Оқушының аты-жөні:
Сыныбы:
|
Өлеңге композициялық талдау жаса (5 балл)
C.Торайғыров “ОҚУ”
Бүгіндегі жастарға оқу міндет,
Тек кана оқуменен өнер білмек,
Өнер-білім, адалдық, ар-намысты
Жоятын надандық қой емсіз індет.
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,
Оқыса баска елдердей қатарға енбек.
Білімге ел боп аңсап құмарланса,
Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп.
|
|
2. Cөздердің мағынасын жаз (10 балл)
Жалтаңкөз-
Ұшпақ-
Ізі суымау-
Сүрен-
Мүбәрак-
3. Төменде берілген жолдардың мағынасын шығармамен байланыстыра ашыңыз. (5 балл)
“... ара-тұра арқадан қағып қою” саясаты дегеніміз не? Шығармамен байланыстыра түсіндіріңіз.
ТЖБ IV тоқсан
Қазақ әдебиеті
III нұсқа
|
Оқушының аты-жөні:
Сыныбы:
|
Өлеңге композициялық талдау жаса (5 балл)
C.Торайғыров
“Шығамын тірі болсам адам болып”
Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, надан болып.
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толғанайдай балкып туған.
|
|
2. Cөздердің мағынасын жаз (10 балл)
Құқай-
Сүйексіңді-
Риясыз-
Жаманатты болу-
Сыралғы-
3. Төменде берілген жолдардың мағынасын шығармамен байланыстыра ашыңыз. (5 балл)
“Жалмауызға да жан керек” сөзінің мағынасын шығармамен байланыстыра тарқатып жазыңыз.
ТЖБ IV тоқсан
Қазақ әдебиеті
IV нұсқа
|
Оқушының аты-жөні:
Сыныбы:
|
Өлеңге композициялық талдау жаса (5 балл)
C.Торайғыров
“Жүрегім, тулап шабасың”
Жүрегім, тулап шабасың,
Жоқты қайдан табасың,
Уытын жайған сыртына,
Оны қайтіп жабасың?
Өртендім десем, отың жоқ,
Баяғы күш-қуатың жоқ.
Келтіретін жігерге
Тағдырдан басқа сотың жоқ.
|
|
2. Cөздердің мағынасын жаз (10 балл)
Қаймана-
Сарысүйек-
Ұшық (ұшығы)-
Дегду-
Томай-
3. Төменде берілген жолдардың мағынасын шығармамен байланыстыра ашыңыз. (5 балл)
“Ханның намысы-халықтың намысы” мақалдың мағынасын шығармамен байланыстыра ашыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |