«№4 балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «бекітемін» №4 балалар үйінің директоры



бет1/3
Дата10.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#72847
түріСценарий
  1   2   3
Байланысты:
мюзикл шегіртке мен құмырсқа


Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы
«№4 балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«БЕКІТЕМІН»
4 балалар үйінің директоры:
________________________
Н.Б. Тастыбаева


атты Республикалық «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» аясындағы «Қазақстан – менің алтын бесігім» балалар шығармашылық фестивалінің «Ризамын халқыма» байқауына ұсынылған
МЮЗИКЛДЫҢ СЦЕНАРИЙІ
Әдіскер: Рахимжанова С.О.


Шымкент қ. 2020ж.
«Абай сөзі – қазақтың бойтұмары»
атты мюзикл


Әжесі – Торшина Кристина
Немересі – Тиллябекова Жанерке
Шегіртке – Пустовойтова Александра
Құмырсқа – Серикбева Адина
Ара – Речинская Владлена
Жыл мезгілдерінің суретшілері (гүлдер, күзгі жапырақтар, ұлпақарлар):
Юскаева Аида, Гофман Ксения, Клинская Елена
Сахнада компьютер ойын ойнап қыз отыр. Әжесі шығып, немересіне жақындайды.


Әжесі: Әй, қызым! Не істеп отырсын? Анаң болса, бау-бақшада шие теріп жүр. Анаға көмектеспейсің бе?
Немересі: Туууу, әже! Қазір қолым босамай жатыр ғой!Кейін көмектесемін!
Әжесі: Қолың бос болмайтындай не істеп жатырсың?
Немересі: Әже! Компьютерде қызық ойын ойнап жатырмын!
Әжесі: Әәәә, солай ма? Бері кел, кел, жайғас. Мен саған бір ертегі айтып берейін.
Біріншіден, компьютер алдында ұзақ отырсаң, ол сенің денсаулығыңа әсерін тигізеді,  есту, көру қабілетін төмендетеді, ұйқы бұзылады, бірнеше ауруларға шалдығуың ғажап емес.
Екіншіден, қызым, ол уақытыңды бос өткізу. Уақытты кері қайтара алмайсың. Уақытты тиімді пайдалануымыз керек. Сондықтан, қызым, мені мұқият тыңда. Мен саған бір өнегелі ертегі айтып берейін. Өзіне керегіңді алып, сөзіме құлақ саларсың.


Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні келтеде,
Шегіртке, құмырсқа және ара көрші болыпты.....


Көңілді әуен естіледі. Сахнаға гүлдер, ара, құмырсқа шығады.
Гүлдер биі


Әже:
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат жанталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

Түйе боздап, қой қоздап - қора да шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет