Мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселелері бойынша
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүзеге асырылатын ұйымдарға қатысты
Мемлекеттік қызмет туралы Заңның негізгі қағидаттарының бірі мемлекеттік қызметшілерді оқытудың үздіксіздігі және қажетті құзіреттерді дамыту болып табылады.
Аталған Заңның 34-бабымен мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлануы мен біліктілін арттыруы бойынша қызметтерді алу Президент жанындағы білім беру ұйымдарында және олардың филиалдарында, сондай-ақ, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша өңірлік орталықтарда жүзеге асырылатындығы айқындалған.
2017 жылдың 14 қыркүйегінде мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау бойынша өңірлік орталықтарды құрылымдық бөлімше (филиал) ретінде Президент жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының құрамына біріктіру туралы Үкімет қаулысы қабылданды.
Осыған байланысты, «қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша өңірлік орталықтар» ұғымын жою қажет.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген талап тар бейіндегі кадрларды даярлауға маманданған басқа да ұйымдардың мемлекеттік қызметшілерді оқыту үдерісіне қатысуына жол бермейді.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметте түрлі білім мамандары қызмет атқарады. Заманауи үрдістер жоғары кәсіби даярлықты ғана емес, білімін үнемі жетілдіріп, жаңғыртып отыруды талап етеді.
Мемлекеттік қызметшілердің кадр корпусының жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлануы мен біліктілігін арттыруы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ҚР Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында және олардың филиалдарында, сондай-ақ, тар бейінді кадрларды даярлауға мамандандырылған басқа да білім беру ұйымдарында және мемқызметі туралы Заңның нормалары білім беру қызмет көрсету жеке кәсіпкерлік субъектісінің қол жеткізу шектеу ескере отырып жүзеге асыру қажет.
Осылайша, мемлекеттік орган қызметкерді оқуға жолдау кезінде бәсекелі ортада лайықты қызмет көрсетушіні таңдау, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы оқыту қызметін Академияда және оның филиалдарында немесе тар бейінді кадрларды даярлауға мамандандырылған білім беру ұйымдарында алу мүмкіндігіне ие болады.
2. Мемлекеттік қызметшінің оқуды аяқтағаннан кейін жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жолдаған мемлекеттік органда қызметін өтеуін айқындау туралы
Мемлекеттік қызмет туралы Заң мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жолдаған мемлекеттік органда қызметін өтеуі жөніндегі міндеттерін белгілейді.
Бұл арада, құқық қолдану тәжірибесінің талдауы Президент жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша (докторантура) оқитындардың оқу нәтижесінің соңғы сатысы – докторлық диссертацияны қорғаудан (олардың мамандықтарына сәйкес диссертациялық кеңестерде) өте алмайтындығын және Білім және ғылым министрлігімен берілетін ғылым докторы дипломын ала алмайтындығын көрсетеді.
Докторанттарды даярлау тиімділігін талдау нәтижесі 2012-2016 жылдарда оқуды аяқтаған 44 бітіруші арасында 21 адам (48%) диссертацияны қорғағандығын, ал 23-і (52%)қорғай алмағандығын көрсетеді.
Анықтама үшін: бір докторантты даярлау үшін мемлекеттік бюджеттен 20,1 млн. теңге бөлінеді.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша оқуды дәлелсіз себептермен аяқтамаған жағдайда (білім туралы тиісті құжатты - диплом алынбау), оның оқуына бөлінген бюджеттік қаржыларды мемлекетке орындалмаған міндеттемелерге тең көлемде қайтаруды заң жобасында қарау ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |