Тұжырымдамасы Заң жобасының атауы


Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сақтауды бақылау саласындағы заңнаманы жетілдіруге қатысты



бет23/30
Дата31.12.2021
өлшемі307,5 Kb.
#21120
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын сақтауды бақылау саласындағы заңнаманы жетілдіруге қатысты

Агенттік қызметінің бір бағыты мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын мемлекеттік бақылау мен бағалау болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік басқарудың мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынасты қалыптастыратын маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсетудегі негізгі кемшіліктер мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен оны бақылаудың өзекті мәселелері болып отыр.

Агенттікпен жүргізілген тексерулердің нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы жүйелі түрде бұзушылықтар, сондай-ақ, енгізілген ұсынымдарды орындамау немесе сапасыз орындау жағдайлары анықталуда.

Анықтама үшін: 2016 жыл барысында Агенттікпен жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша бұзушылықтарды жою туралы 3536 ұсыным енгізілген, оның ішінде 3035 ұсыным (85,8%) орындалып, 499-ы – орындалу үстінде.

Бұл орайда, Агенттіктің актілері ұсынымдық сипатта, осының салдарынан қызмет алушылардың бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілмейді, бұл өз кезегінде олардың билік органдарына деген сенімін жояды.

Мысалы, Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің ұсынымын орындамау нәтижесінде «Каспиан Салфа Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2015 жылдың маусым айынан бері құқығын қалпына келтіре алмауда.

Сонымен қатар, Агенттіктің тексерулерінде мемлекеттік органдардың қызмет алушылардың шағымдарын қарау мерзімдерін бұзу фактілері анықталуда («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес қарау мерзімі – 5 жұмыс күні).



Анықтама үшін: 2016 жылы орталық органдар мен олардың кейбір ведомстволарын тексеру кезінде қызмет алушылардың шағымдарын қарау мерзімін бұзудың 51 фактісі анықталған.

Жоғарыдағыларды ескерсек, мемлекеттік органдардың қызмет алушылардың шағымдарын мерзімінде және сапалы қарауы олардың құқықтарын қалпына келтіру мен қорғауды қамтамасыз етуде маңызды болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет