Тұжырымдамасы Заң жобасының атауы



бет3/30
Дата31.12.2021
өлшемі307,5 Kb.
#21120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде

Заңнамалық кемістіктер қылмыстық қудалау органдарына сатып алулар жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған құрылымдық бөлімше басшыларын, бухгалтерлерді, заңгерлерді және басқа да адамдарды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік бермейді.


Бұдан басқа, мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қаржыландыратын жобаларды іріктеу және іске асыру саласында да жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

Қазіргі уақытта квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік бағдарламалардың және инвеститциялық жобалардың операторлары болып табылады. Оларға мердігерлерді, құрылысшыларды іріктеу тәртібін белгілеуге және оларға тиісті талаптарды анықтаға дербес құқық берілген.

Баяндалғанның негізінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар субъектілерінің құрамына сатып алуларды ұйымдастыру, өткізу және бақылау бойынша шешім қабылдауға уәкілетті адамдарды; сатып алуларды ұйымдастыруға, өткізуге және бақылауға қатысатын адамдарды; Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды іріктеуде және оның асыру берілген ақшалай қаражат нысаналы пайдалануға бақылау жасайтын адамдарды енгізу ұсынылады.

Сол уақытта, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Еңбек кодексіне аталған лауазымдарға орналасуға бұрын құқық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған адамдарға шектеу белгілеу ұсынылады.

Өз кезегінде, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған адамдарға квазимемлекеттік сектор лауазымдарына орналасуға шектеу ӘҚБК-нің
681-бабына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған адамдарды жұмысқа алу жағдайында мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларының немесе ұлттық компаниялардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, улттық даму институттарының, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары басшыларының әкімшілік жауапкершілігі бөлігінде толықтырулар енгізуді қажет етеді.

2. Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тікелей басшылардың дербес тәртіптік жауапкершілігі, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын жүзеге асыруға заңсыз көмектескені немесе нақты кедергі жасағаны үшін квазимемлекеттік сектордың лауазым­ды тұлғаларының жеке тәртіптік жауапкершілігін заңды түрде бекітуге қатысты

Қазіргі таңда құқықтық статистикаға сәйкес, жекелеген мемлекеттік органдар (ішкі істер, қаржы, қорғаныс, әділет министрліктері, ЖАО) жылдан жылға аса жемқорлықорландырылған құрылымдардың бірі болып қалуда.

Осы фактілер мемлекеттік органдардың басшылары өз қатарында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылданбайтындығын куәландырады.

Мысалы, жағымсыз статистиканы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс органдарының, ерекше атап өткенде Оңтүстік Қазақстан облысының қызметшілері құрайды.

Бұл ретте, Оңтүстік Қазақстан облысының 12 сотталғанның 7-і «Сарыағаш станция» кеден бекетінде қызмет атқарған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет