Тұжырымдар баяндалады. Тарихи ойдың дамуы үдерісіндегі түркі кезеңінде пайда болған «Ақиқат сыйы» еңбегінің дерек ретінде пайда болу объективтілігі және сақталу формасы қарастырылады


Ахмед Иүгінекидің өмірбаяны және «Ақи-



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата26.11.2023
өлшемі378,78 Kb.
#128299
1   2   3   4   5   6
Ахмед Иүгінекидің өмірбаяны және «Ақи-
қат сыйы» еңбегінің пайда болу объективтілігі
Тарихта Ахмед Иүгінеки, толық есімі – Югна
-
ки Адиб Ахмед ибн Махмуд ортағасырлық ақын, 
хакім, ойшыл ретінде танылған. Ойшылдың өмір 
сүрген уақыты және туған жері жөнінде ғылым-
да әртүрлі пікірлер бар. Зерттеуші-ғалымдар 
Иүгінекиді (қазақша Жүйнек) ХІІ ғасырдың 
соңында Түркістан өңірінде туып өскен деп 
топшылайды. Ахметтің туған жері Түркістанға 
қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді 
Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, 
парсы тілін меңгерген білімді адам болған. ХІІІ 
ғасырдың орта кезінде дүниеден өтті деп сана
-
лады. Осы турасында айта кетерлік жайт, Ахмед 
Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы тура
-
лы деректер мардымсыз. Дегенмен қолда бар 
мәліметтерге қарағанда Ахмед жастайынан ілім-
білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін 
жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-
жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай «Әдиб 
Ахмед» деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-
ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген 
шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға 
бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-
жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл 
жәдігерлердің басы біріктіріліп, «һибуат-ул-
хақаиқ» («Ақиқат сыйы») деп аталатын өлеңдер 
жинағына айналған (https://kk.wikipedia.org/
wiki/).
Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйының» 
түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, 
біржолата жоғалып кеткен. Ахмед Иүгінеки 
мұрасының ХІУ-ХУ ғасырда жасалған үш түрлі 
көшірмесі, үш түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең 
ескісі – 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа 
тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбідін бин 
Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған 
нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен 
нұсқаның жалпы көлемі – 508 жол. Бұл мұра қазір 
Стамбұлдағы Айя-София кітапханасы қорында 
сақтаулы. Екінші нұсқа – Стамбұлда 1480 жылы 
Шайх зада Абд әр-Раззақтың ұйғыр және араб 
жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. 
Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар бұл нұсқа 
Стамбұлдағы Айя – София кітап ханасында 
сақтаулы. Қолжазбаны Н. Әсім 1915 жылы, ал 
Маһмудов 1972 жылы алғаш рет жариялаған. 
«Ақиқат сыйының» үшінші арабша нұсқасы 
шамамен ХІУ ғасырдың соңында 524 жол 
өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы 
Топ-Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты 
«Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі» деген адамның 
кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына 
табыс етіліп, кейін мүлдем жоғалып кеткен. 
Анкарадағы Маариф кітапханасынан табылған 
(көлемі 4 бет), Берлин Ғылым Академиясында 
сақтаулы тұрған өзге нұсқалардың із-жосықтары 
Ахмет Иүгінеки еңбектерінің кең көлемде 
таралғанын дәлелдей түседі. «Ақиқат сыйының» 
бірнеше нұсқасын тауып, зерттеп, жариялауда 
– Н. Әсім, Р. Арат (Түркия), В. Радлов (Ресей),
Т. Ковальский (Польша), Дени (Франция), 
Х. Сүйіншәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, 
М. Томанов, Б. Сағындықов (Қазақстан), 
Н. Маллаев, С. Мутталибов (Өзбекстан) т.б. 
шы ғыстанушы ғалымдар үлес қосқан. Ахмед 
Иүгі неки «Ақиқат сыйының» ХІУ ғасырдағы 
түпнұс қасының фотокөшірмесі, транскрипция-
сы қазақ тіліне қара сөзбен жолма-жол және 
өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді 
(http://bilim-all.kz/figure). Еңбек «Мәдени мұра» 
мемлекеттік бағдарламасы аясында жарияланған 
«Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы» атты 
он томдық жинақтың оныншы томынан орын 
алған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет