Тұжырымдар баяндалады. Тарихи ойдың дамуы үдерісіндегі түркі кезеңінде пайда болған «Ақиқат сыйы» еңбегінің дерек ретінде пайда болу объективтілігі және сақталу формасы қарастырылады


Основные мысли в работе Ахмеда Иугинеки «Дар истины»



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата26.11.2023
өлшемі378,78 Kb.
#128299
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Без названия

Основные мысли в работе Ахмеда Иугинеки «Дар истины»
В статье излагаются научные выводы об исторической мысли и историческом знании как 
основных понятиях в историографии, концепции о движующей роли исторической мысли в 
процессе постояного развития исторической науки. Рассматривается объективность появления 
и формы сохранения сочинения «Дар истины» как исторического источника в процессе развития 
отечественной исторической мысли. Даются краткие сведения, касающиеся биографии Ахмеда 
Иугинеки. Автор раскрывает содержание сочинения, анализирует основные идеи. Определяются 
мысли Ахмеда о пользе знания и вреде невежества, роль и значение языка, а также связанные 
с ним этические нормы. Излагаются позитивные и негативные качества человека на примере 
высказываний мыслителя. Обращается внимание на познание и взгляды А.Иугинеки о постоянной 
изменчивости мира как явлении и процессе. Дается оценка воспитательному значению труда. 
Сравниваются мысли А.Иугинеки с историческими взглядами Абая Кунанбаева. 
Ключевые слова: 
историческое познание, историография, историческая мысль, взгляд, 
культурное наследие, мыслитель, Ахмед Иугенеки, биография, дар истины, источник, рукопись, 
копия, идея, знание, позитивные качества, процесс.
Кіріспе
Қазіргі уақытта тарихнама ғылым саласы 
туралы түсінік кеңейді, ол бірнеше бөліктерді 
құрайды. Ол ең алдымен тарихи таным мен ойдың 
дамуына әсер еткен қоғамдық жағдайларды 
анықтайды, өйткені қоғамның нақты тарихи ор
-
тасы, рухани, әлеуметтік-экономикалық, саяси 
жағдайы тарихи білімнің жинақталу үдерісіне 
ықпал етеді. Тарихнама тарих ғылымының тари
-
хын зерттейтіндіктен оның дамуы тарихи оймен, 
тарихи санамен тығыз байланысты. Тарихнама 
ғылым саласында тарихи ой және тарихи білім, 
тарихи таным деген ұғымдар басты түсініктер 
болып саналады. Тарихи ой, тарихи білім тарих
-
нама ғылымының дамуын және тұрақты қозғалу 
үрдісін көрсетеді (Мұхатова О. Тарихнама ғы-
лымы: теориялық-методологиялық мәселелері 
және зерттеу үлгілері. 2009: 9). Сондықтан да 
адамзаттың әртүрлі кезеңдеріндегі тарихи ойдың 
дамуын зерттеу өзекті болып табылады. 
Тарихи танымның даму жолдарын біріз-
ді қарастыра отыра тарихнамалық дерек ғылы-
мының қозғаушы күштерінің, әртүрлі ғылыми 
мектептердің бағыттарының пайда болуының 
және ауысуының заңдылықтарын, олардың 
объективті шынайылықтың көрсеткіштеріне 
орай қалыптастырған тұжырымдамаларының, 
сол ғылыми ой-тұжырымдардың өз заманының 
қоғамдық өміріндегі, тарих ғылымын дамы-
ту дағы маңызын айқындауға мүмкіндік бе -
реді (Тарихнама ғылымы: теориялық-мето до -
логиялық мәселелері және зерттеу үлгілері. 
2009: 11). Тарихи дерек адамның тұлға лық 
өзіндік санасының және адам мен қоғам ның 
өзара қарым-қатынастарының эволюция сы тұ-
жы рымдамасымен байланысты қалыптаса ды. 
Адамзаттың дамуы барысында оның шығарма-
шылық мүмкіндіктері және өз тәжірибесін 
мате риалдық бейнелерде түрлі жолдармен қал-
ды руда жаңа тарихи деректер пайда болып, 
олардың қасиеттері, түрлік құрылымдары өзге-
ріске ұшырайды (Мұхатова О. Қазақстан тари-
хының тарихнамасы, 2016:7). Сондай өз зама
-
нында озық ойлы тарихи және тарихнамалық 
дерек қалдырған әлемдік ауқымдағы ғалымдар 
мен ойшылдар.
Тарихи ой ежелгі Шығыстан бастап қа лып-
тасып, антикалық елдерде айтарлықтай да мып, 
орта ғасырларда әртүрлі бағыттарды қамты ды. 
Осыған орай түрлі мектептер қалыптастыр-
ған ғылыми тарихи тұжырымдамалар дүниеге 
келді. Қазақстан тарихының түркі дәуіріндегі 
тарихнамасында тарихи таным мен тарихи ой 
өзіндік белгілерімен ерекшеленді. Оның даму
-
ына қомақты үлес қосқан ғұлама ғалымдар мен 
тарихшылар өздерінен кейін маңызы зор құнды 
деректерді мұра етіп қалдырды. Солардың не-
гізінде көптеген тарихнамалық деректер жа
-
рияланып, жинақталды. Бұлардың бірқатары 
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ая
-
сында «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазы-
насы» (Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы. 
Он томдық. 2005-2006) тақырыбында он том-
дық жинақ түрінде шығарылды. Жинаққа 
енгізілген еңбектер жекелеген ойшылдар мен 
тарихшылардың еңбектерін, ғылыми зертхана
-
ларын, идеялары мен тұжырымдарын жан-жақты 


Хабаршы. Тарих сериясы. №4 (87). 2017
36
Ахмед Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегіндегі негізгі ойлар 
зерттеуге мүмкіндік тудырады. Сол жинаққа 
Ахмед Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» (Тарих – 
адамзат ақыл-ойының қазынасы. Он томдық. 
Т.10. – Астана: «Фолиант», 2006) шығармасы 
енгізілген. Мақала дайындаудың мақсаты – 
ойшылдың еңбегінің мазмұнын ашу және басты 
идеяларын айқындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет