Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы.
Аутагенді жаттығулар – адамның өз психикалық құбылыстары мен әрекет қылығын басқаруға бағытталған өзін-өзі сендіру, бағыттауға арналған арнайы жаттығулардың комплексі.
Сана – психиканың жоғары деңгейде дамуы.
Бейсана (астар сана) – адамның психологиялық қасиет, процесс және кейіпінің санадан тыс көрнісі.
Методологиялық принцип – детерминизм принципі, сана бірлігі мен әрекеттің дамуы.
Жеке тұлға — әрекеттің субъекті мен объектісі ретінде.
Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.
Темперамент – жүйке жүйесінің тума қаситтерінен туындайтын ерекшелік.
Индивид — әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.
Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.
Ассоциация – ол байланыс елестеуі, олардың арасындағы сыртқы механикалық байланыстар.