Гауһар
Гауһар шанасын сүйретіп далаға шықты.Аспан ап-ашық. Ауада шым- шым аяз бар.Батуға айналған күн қызыл-жасылданып көрінеді.Гауһардың екі беті қып-қызыл.Жағасы қырау-қырау.
Қас қарайды.Аспанның тұс-тұсынан жылт-жылт етіп жұлдыздар көріне бастады. Гауһар үсті-басының қарын қағып,үйге кірді.
Әжесі немересінің тап-тастай қол-аяғын бауырына басып,жып-жылы алақанымен басын сипады.Гауһар әжесіне шексіз ризав болып, әп-сәтте ұйықтап кетті.(67 сөз).
Граматикалық тапсырма:
1.Ең соңғы сөйлемді сөз таптарына талдау.
2.«Әже» сөзін атау, ілік, барыс септіктеріне септеп жазу.
3.Мәтіндегі қос сөздерді теріп жазу
Бағалау нормалары:
''5'' бағасы
–қатесі мүлде жоқ , таза барлық каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;
''4'' бағасы -
а)1емеле 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе б) 1емеле 2тыныс белгісі қателері болса ,бірақ жұмыс таза болу керек
''3'' бағасы -
а) 3емеле ,2-3 тыныс белгісі б) 4 емеле ,2 тыныс белгісі
в)5 емеле ,1 қателері жіберілген жұмысқа қойылады;
''2'' бағасы – 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады;
№8
Мақсаты; Дыбыс, буын үндестіктері, сөз тіркестерін, жай және құрмалас сөйлемдерді, сөйлемнің дара жән күрделі мүшелерін қайтала
Аққу
Аққу-салмағы жетіден он килограмға дейін кейде он үш килограмм болатын ірі құс. Оның денесі керілген, мойны өте ұзын. Аяқтары қысқа. Қауырсынның түсі аппақ қардай, тұмсығы мен үзбесі сары, аяқтары қара. Аққу-жыл құсы. Ерте көктемде ұя салатын жерлеріне екі-екіден ұшып келеді. Шөп-шаламнан үйілген науа сияқты ұясы көбінесе құрлықта, кейде таяз суда қамыс, құрақ арасына орналасады.Ұяға ақ немесе сарылау төрт,алты жұмыртқа салады. Ұрғашы аққу жұмыртқа басады, ал еркек аққу оны жанкештілікпен қорғайды. Балапандар қоректерін өз беттерінше табады.
( 81 сөз).
Достарыңызбен бөлісу: |