Граматикалық тапсырма:
1Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдау.
2.Аю сөзін септеп жазу.
3.Қонжық сөзіне дыбыстық талдау жасау
Бағалау нормалары;
''5'' бағасы
–қатесі мүлде жоқ , таза барлық каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;
''4'' бағасы -
а)1емеле 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе б) 1емеле 2тыныс белгісі қателері болса ,бірақ жұмыс таза болу керек
''3'' бағасы -
а) 3емеле ,2-3 тыныс белгісі б) 4 емеле ,2 тыныс белгісі
в)5 емеле ,1 қателері жіберілген жұмысқа қойылады;
''2'' бағасы – 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады;
Жылдық бақылау үзігі
Мақсаты; Оқушылардың жыл бойғы игерген білім-білік дағдыларын қайталап тиянақтау, нәтижесін бағалау.
Қарсақ.
Қарсақ күшігінің қорқақ келетінін бұрын кім білген. Хайуанаттар паркінде мұнан өткен қорқақ болмас. Осы үшін оны қорқақ деп атап кеткен. Бір күні ойламаған жерден қарсақтың күшігі жоқ болып кетті. Міне, қызық! Сонда қайда кетпек? Күтуші тордың түкпір - түкпірін қарады. Жоқ. Күтушінің ойына жоғарыдағы сәкі түсті. Пәлі, кішкентай қарсақ сонда шығып кетіпті. Міне, осы оқиғадан кейін кішкентай қарсақ сол орынды мекен ететін болды. Ойпырмай, тіпті адамның көзінше тамаққа жоламайды. Сірә, түнде жейтін болуы керек. (72 сөз).
Грамматикалық тапсырма:
1. Мәтіннен одағайларды теріп жаз..
2. Хайуанаттар сөзін сөз құрамына талда.
3. «Күтуші» сөзін септеу.
4. «Қарсақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Бағалау нормалары;
''5'' бағасы
–қатесі мүлде жоқ , таза барлық каллиграфиялық талаптарға сай жұмысқа қойылады;
''4'' бағасы -
а)1емле 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе б) 1емле 2 тыныс белгісі қателері болса ,бірақ жұмыс таза болу керек .
''3'' бағасы -
а) 3 емле ,2-3 тыныс белгісі б) 4 емле ,2 тыныс белгісі
в) 5 емле ,1 қателері жіберілген жұмысқа қойылады;
''2'' бағасы – 6-7 қатеден асқан жұмысқа қойылады;
Достарыңызбен бөлісу: |