Оқушыларды көшіруді, қабылдауды рәсімдеу тәртібі:
Оқушыларды сыныптан сыныпқа ауыстыру процесін рәсімдеу үшін
«Көшіру» қосымшасына өтіп, тиісті оқушыларды белгілеп «Көшіру»
батырмасына басу керек. «Көшірілмегендер» қосымшасындағы оқушылар
«Көшірілген» қосымшасына ауыстырылады.
10 (11-12) сыныптарға қабылдауды рәсімдеу үшін (мектепте оқуды
жалғастырғандар үшін) «Қабылдау» қосымшасына өтіп, тиісті оқушыларды
белгілеп «Қабылдауды рәсімдеу» батырмасын басу қажет. «Қабылдау»
қосымшасындағы оқушылар «Контингент» бөліміне ауысады.