Тұлға негізінен омыртқа жотасы, 12 жұп қабыртқалар және төс сүйегінен тұрады. Омыртқа жотасы адам қаңқасының негізі: Ол 33-34 омыртқадан құралады. Бұлардың 9-10 жалған, 24-ті нағыз омыртқалар. Жалған омыртқалардың кейбір бөліктері жойылады да өзара бітісіп кетеді. Омыртқа жотасы атқаратын қызметі мен пішіні және орналасқан орнына байланысты мынадай бөлімдерге бөлінеді. 7-омыртқа – мойын, 12-омыртқа – арқа, 5- омыртқа бел, 5-омыртқа сегізкөз, 4-5 омыртқа құйымшақ. Ересек адамдарда сегізкөз және құйымшақ бөлігіндегі омыртқалар бірімен-бірі бірігіп өз алдына сегізкөз және құйымшақ сүйектерін құрайды.
Адам денесінде 12 қос қабырғалар бар. Әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір-бірімен жалғасып кеткен. Қабырғаның б а с ы, м о й ы н ы, д е н е с і болады. Оның омыртқамен жалғасқан жерін қабырға басы деп атайды да қалған жері мен басының арасындағы жіңішкелеу жерін мойын дейді. Қабырға денесінің алдыңғы жақ үшы тос сүйегімен жалғасады. Жоғарғы қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегі қабырға бұдыры омыртқаның колденең өсіндісімен жалғасады.
Төс сүйегі
Төс (sternum) -кеуекті,кемікті сүйек.Үш бөліктен тұрады.Сабы,денесі,семсершесі.Төстің сабының екі шетінде 1қабырға мен бұғана сүйегі бірігетін жерінде ойық бар.