ИНДИВИДТІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
БІРІНШІ
ЕКІНШІ
ЖЫНЫСТЫҚ ДИМОРФИЗМ
(ЖЫНЫСТЫҚ РУХЫН ТҮСІНДІРУ)
ÏСИХОФИЗИОЛО-ГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ДИНАМИКАСЫ
КОНСТИЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕКШЕЛІК
ИНДИВИДТІҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚАЖЕТТІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
МИДЫҢ НЕЙРОДИНАМИКАЛЫҚ ҚАСИЕТІ
МИДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ АССИМЕТРИЯСЫ
жеке қасиеттер МЫНАЛАРДАН КӨРІНЕДІ
ТЕМПЕРАМЕНТ
мінез
«Индивид» түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.
Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.
Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.
1.2. сурет. «Тұлға» ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды. Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез.
Т Ұ Л Ғ А
МОТИВАЦИЯ
(БАҒЫТТАЛҒАНДЫҒЫ)
|
1.2. сурет "Тұлға" ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша)
Адамды тануда Б.Г. Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым «іс-әрекет субъектісі». Бұл ұғым өзінің мазмұны бойынша «индивид» және «тұлға» ұғымының ортасында. Іс-әрекет субъектісі адамның биологиялық бастауы және әлеуметтілігін біріктіреді.
Адамды субъект ретінде басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгі – сана (1.3 сурет).
Сана – психикалық дамудың ең жоғары сатысы, ол тек адамға ғана тән. Ол адамның объективті шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ айналаны өзгерту мүмкіндігін анықтайды. Қоршаған ортаны саналы түрде өзгерте алу іс-әрекеті адамның субъект ретіндегі тағы да бір белгісі. Осылайша, субъект – іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға.
1.3. сурет «Іс-әрекет субъектісі» ұғымының құрылымы
(Б.Г.Ананьев бойынша)
Сонымен, біріншіден адам тірі табиғат өкілі – биологиялық объект, екіншіден, саналы іс-әрекет субъектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Яғни адам – саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасы – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.
Жеке тұлғалылық – бұл нақты адамның өзгешелігі және қайталанбастығы көзқарасынан психикалық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы болып табылады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуындағы алғышарттарына қоғамдық сипаты бар тәрбие процесінде өзгеретін анатомия-физиологиялық бастамалар жатады. Тәрбиелеу жағдайлары мен туа біткен мінездердің әр түрлілігінен жеке тұлғалылықтың көп түрлілігі пайда болады.
Сондықтан, адам – нақыт өмірдің ең күрделі объектісінің бірі деп қортынды шығаруға болады. Адамның құрылымдық ұйымдасуы көп деңгейлі сипаты мен оның табиғи, әлеуметтік мәнінен көрінеді (1.4 сурет). Сол үшін де адам және оның іс-әрекетін зерттейтін көптеген ғылымдардың болуы ғажап емес.
Достарыңызбен бөлісу: |