191. 1963 жылы Қазақстан кәсіподақ мүшелерінің саны 3 млн 281 мың адамға жетті. Бұл жұмыс істейтіндердің 89 пайызы болды.
192. 1951 жылдан 1960 жылға дейінгі аралықта республикадағы комсомол мүшелерінің саны екі есе артып, 760 мың жасты біріктірді.
193. КСРО Министрлер Кеңесінің 1955 жылғы мамыр айындағы қаулысы бойынша одақтас республикалардың халық шаруашылығын жоспарлау мен қаржы бөлу тәртібі өзгертілді.
194. 1954-1956 жылдарда одақтық органдардың қарауынан республиканың қарауына өнеркәсіп пен көліктің 144 кәсіпорны өтті.
195. 1956-1958 жылдардан бастап одақтас республикалар әділет органдарына басшылық жасау, сот қүрылымын анықтау, азаматтық, қылмыстық кодекстерді бекіту істерімен айналыса алатын болды.
196. 1957 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің құрамына лауазым бойынша одақтас республикалар Министрліктер Кеңестерінің төрағалары, ал КСРО Жоғарғы Сотының құрамына одақтас республикалар Жоғарғы Соттарының төрағалары енгізілді.
197. 1946 жылы БК(б)П Орталық Комитетінің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулылары шығып, бірқатар көркемөнер қайраткерлерінің қуғынға ұшырауы Қазақстандағы ұлт зиялыларын қуғындаудың жаңа толқынына жол ашты.
198. Қазақстан К(б) П Орталық Комитетінің 1947 жылы шыққан «Қазақ КСР Ғылым акдемиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы» қаулысымен қазақ халқының Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдегі, әсіресе ХХ ғасыр басындағы рухани мұрасын ғылыми зерттеуге шек қойылды.
199. 1946 жылы Е.Бекмахановтың КСРО Ғылым академиясында қорғаған докторлық диссертациясы негізінде жазылып, «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деген атпен жарияланған монографиясы сынға алынды.
200. 1950 жылдың желтоқсанында «Правда» газетінде «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық» деген мақаланың жариялануы Е. Бекмахановты ресми түрде саяси айыптаудың басы болды.
201. 1954 жылы Е. Бекмаханов ақталып шықты.
202. 1940 және 1950 жылдардың басында әділетсіз саяси айыптауға ұшырамаған қазақ зиялылары аз болды. Олардың қатарында республикаға белгілі қоғамтанушы ғалымдар, жазушылар, мәдениет қайраткері – А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменнов, Е. Ысмайылов, І. Кеңесбаев, С. Мұқанов, тағы басқалар болды.
203. 1950 жылдарданн бастап жазалау әдістері біраз өзгерді: бұл кезде партия қатарынан шығарып, қызметтен қуу, оған бой бермегендерді психиатриялық ауруханаларға тығу етек ала бастады.