8. Міржақып Дулатов 1916 жылғы 25 маусымдағы Жарлықты «қанқұйлы» деп жариялады [2, 25б].
9. Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов кез келген қарсылықтың орасан адам шығындарына әкеп соғатынын түсініп, 11 тамызда қазақ халқына үндеу жариялады. Онда тыл жұмыстарына адамдар жіберу майдан мұқтажына шақырылғандардың отбасы мен шаруашылықтарын толық күйзелу мен жазалаушылардың жойып жіберуінен сақтайтыны айтылды [2, 25б].
10. Бақытжан Қаратаев патша үкіметіне қара жұмысқа адам алуды тоқтату мен Қазақстаннан жазалаушы әскерлерді қайтару жөнінде тілек айтты [2, 25б].
11. Бөкейханов Әлихан (1886-1937) – ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, публицист, аудармашы [2, 29б].
12. Ә. Бөкейханов Азамат соғысы жылдары Кеңес өкіметінің ұлттық автономияны сақтау жөніндегі декларациялық уәдесіне байланысты басқа алашордашылармен бірге белсенді саяси және мемлекеттік қызметтен уақытша бас тартуға мәжбүр болды [2, 30б].
13. Ә. Бөкейхановтың басты мақсаты қазақтардың дербес мемлекетін құру еді [2, 30б].
14. Ә. Бөкейханов Петербургте шыққан «Ресей. Біздің өлкенің толық географиялық сипаты» («Россия. Полное географическое описание нашего края») атты жинақтың 18-томында «Қырғыз (Қазақ) өлкесі халқының аумақ бойынша таралып қоныстануы, оның этнографиялық құрамы, тұрмысы мен мәдениеті» («Распределение населения Киргизского (Казахского) края по территорий, его этнографический состав, быт и культура» тарауын жазған). «Дала ұлы» деген бүркеніш атпен «Дума партиялары», «Дума мен қазақтар», «Август Бебель» т.б. мақалаларын жариялады [2, 30б].
15. Байтұрсынов Ахмет (1873-1938) – қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, ақын, түркітанушы ғалым, аудармашы, педагог-ағартушы, публицист, қоғам қайраткері, лингвист, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі [2, 30б].
16. А. Байтұрсынов «Алаш» партиясы басшыларының бірі болды, Қырғыз (Қазақ) өлкесі Әскери-революциялық Комитетінің мүшесі болды [2, 30б].