104. 1927 жылы республикада 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, олардың сауда айналымы 30 млн сом болды.
105. 1928-1932 жж. КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығы.
106. 1925-1933 жж. Қазақстан басшылығында Ф. И. Голощекин.
107. 1927 жылы Түркістан – Сібір теміржол магистралі салына бастады.
108. 1930 жылғы 28 сәуірде солтүстік және оңтүстік учаскелері Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды, ал 1931 жылғы қаңтар айында тұрақты пайдалануға берілді.
109. 1939 жылы қалаларда 375 мың қазақ тұрды.
110. 1928 жылы Қазақ ОАК мен ХКК «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шығарды.
111. 1927 жылы Компартияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.
112. Орталық Комитет Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды, негізінен, 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтауды белгіледі.
113. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел жүргізілді. Алғашқы машина-трактор станциялары (МТС-тер) құрылды.
114. 1932 жылдың ақпанында, Шу ауданында аумағы 150 шақырым жерден жүздеген шаруашылықтар жиналып, 400 киіз үй «қала үлгісіндегі поселке» болып құрылды.
115. 1929-1933 жылдар аралығында Қазақстан жөніндегі Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма (БМСБ) уәкілетті өкілдігінің үштігі толық емес деректер бойынша 9805 іс қарап, 22933 адам жөнінде шешім қабылдаған. Солардың ішінде 3386 адамға ең ауыр жаза – ату, 13151 адамға 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге концентрациялық лагерьге қамау жөнінде үкім шығарылды.
116. 1930-1932 жылдары аштық етек алды. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 %-ы қырылды.
117. 1931-1933 жылдары республиканың 6,2 млн тұрғының 2,1 млн-ы аштықтан қырылды. Оның ішінде, қазақтан басқа халықтың шығыны – 0,4 млн адам.
118. 1933 жылғы 1 қаңтарында 40,5 млн малдың 4,5 млн-ы ғана қалды.
119. 1932 жылғы шілдеде республика қайраткерлерінің бір тобы – Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ.Қуанышев аштық және оның себептері туралы БК(б) П Өлкелік комитетіне, тікелей Ф. Голощекинге ашық хат жазды. Бұл тарихта «Бесеудің хаты» деп аталды.