30. 1930 жылдың соңына қарай КСРО адамзат қол жеткізген өнеркәсіп өнімінің кез келген түрін өндіре алатын аз елдердің қатарында болды [2,115б].
31. 1926 жылдың өзінде С. Сәдуақасов және С. Қожановқа «ұлтшыл-уклон» деген кінә тағылды [2,116б].
32. 1926-1927 жылдары жыртылатын жерлер және жайылымдар қайта бөлінді [2,116б].
33. 1928 жылдың қазанынан 1929 жылдың желтоқсанына дейін 56 498 адам қылмыстық жазаға тартылып, 277 адам ату жазасына кесілді [2,118б].
34. 1927-1928 жылдары астық дайындаудағы дағдарыс жаңа басталған индустрияландыруды одан әрі жүргізуге кедергі жасады [2,126б].
35. 1928 жыл «жаппай колхоз қозғалысы» жылы болып жарияланып, ұжымдастыруға бағыт алынды [2,126б].
36. 1930 жылы 5 қаңтарда БК (б) П ОК «Ұжымдастырудың қарқыны мен колхоздық құрылысқа көмек көрсету шаралары туралы» қаулы қабылдады [2,127б].
37. 1930 жылы қыста қосымша жүн дайындау жөнінде бұйрық түсіп, ол көп қойдың суықтан қырылуына ұрындырды [2,127б].
38. 1922-1933 жылдар аралығында өкіметке қарсылық көрсеткен және астық пен етті өткізуден жасырғаны үшін 33 мыңнан астам адам сотталды [2,129б].
39. 1929-1930 жылдың қысында жұт болды [2,129б].
40. 1931 жылы көктемде бұл кезде астанға айналған Алматыға жер-жерден аштық жөніндегі мәліметтер келіп түсе бастады [2,129б].
41. 1926-1928 жылдары үкімет мекемелерінде қызмет ететін ауыл шаруашылық мамандары, қазақ зиялылары (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов т.б.) қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығы экономикасы дала жағдайларына неғұрлым жақын екендігін, мал шаруашылығын егіншілікке бағындырудың кез келген әрекетінің даланың экономикалық өнімділігінің төмендеуіне әкеп соғатынын дәлелдеуді жалғастыра берді [2,130б].
42. 1932 жылы жазда Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышевтар Сталинге қазақ даласындағы мүшкіл ахуал жөнінде хат жазып, Голощекинді партияның ұжымдастыруды жүргізу жолындағы басты бағытын бұрмалауы, халықтың мал шаруашылығын дамытуға деген ынталануын тұншықтырып, мал шаруашылығымен айналысудан жеріткені үшін айыптады [2,130б].
43. 1928-1932 жылдары Қазақстанда күштеп әрі заңсыз негізде өткізілген ұжымдастыру – іс жүзінде орасан көп адам құрбандығымен қатар жүргізілген қазақ халқына қарсы геноцид еді. Мұның негізгі салдары – аман қалған 1,5 млн-дай қазақтардың Ресейге, Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақстан, Моңғолия, Қытай, Иран, Ауғанстанға қоныс аударуы болды [2,131б].