172. 1986 жылы ақпан-наурыз айларында Қазақстан Компартиясының XVI cъезі болды [2, 269б].
173. 1986 жылы 16 желтоқсан күні таңертең Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы болып өтті. Күн тәртібіде бір ғана – ұйымдастыру мәселесі қойылды [2, 270б].
174. 1986 жылы 17 желтоқсан күні таңертең Алматыда жаппай толқу басталып, кейінірек ол республиканың басқа да қалаларына тарады [2, 271б]
175. 1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының бой көрсетуі ұлтшыл сипатта емес және өзінің бастапқы кезеңінде құқыққа қарсы сипатта да болған жоқ [2, 271б].
176. 1990 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысында бейбіт және аз санды наразылық шеруінің жаппай тәртіпсіздіктерге ұласуы республика басшыларының саяси дәрменсіздігінен, олардың шиеленіскен жағдайдан бейбіт жолмен шыға алмағандығынан және олардың ақыл-ой мен ізгі ниетке емес, күшке арқа сүйеуінен болғандығы атап көрсетілді [2, 271б].
177. 1987 жылы шілдеде КОКП ОК қабылдаған «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернациналдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары туралы» қаулыда 1986 жылғы Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасы «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретінде бағаланды [2, 272б].
178. 70-жылдары Кеңестік құрылысты барынша сынағандардың ішінде Югославия коммунистерінің бұрынғы басшыларының бірі талантты философ Милован Джилос болды [2, 277б].
179. 1990 жылдың шілдесінен 1991 жылдың маусым айының аралығында қазақ тіліндегі балабақшалар 482-ге көбейіп, олардың бүкіл республикадағы саны 1677-ге жетті [2, 281б].
180. 1992 жылдан бастап «Заман - Қазақстан» атты біріккен-түрік газеті шығарыла бастады [2, 281б].
181. 90-жылдары әдебиет пен өнер идеологиялық тыйым салулардан арыла бастады [2, 281б].
182. 1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы дүниеге келді. Алғашқы кезде қозғалыс өз қатарына әр түрлі саяси партиялардың өкілдерін біріктірді. «Азат» өзінің басты мақсаты етіп Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алуын қойды [2, 282б].
183. 1991 жылы азаматтық қозғалыс өзінің саяси партиясын құрды. Осы кезеңде Алматыда жаңа қоғамдық-саяси ұйым – Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) құрылды. Жастардың шағын тобынан «Алаш» партиясы қалыптаса бастады [2, 282б].