Байланысты: Т л алы ж не к сіби жетістікке жету психологиясы
Тұлғалық және кәсіби жетістікке жету психологиясы
Адам-әлеументтік қатынастармен саналы іс әрекетті жүзеге асырушы, табиғатта кемелденіп жетілген ақыл ой иесі және қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктеріне орай адамды ғылымның көптеген салалары зерттейді. (Философия, анатомия, физиология, антропология, тарих, педагогика, психология) Әр ғылым адам проблемасын әр қырынан зерттейді. Философия- дүние танымдық, көзқарасын анатомиямен физиология –денесімен жүйке жүйесінің құрылысын оның қызметін, антропология-адамның қоғамда алатын орынын, табиғаттағы өзеге құрылыстар мен байланысын тарих –қоғам өміріндегі қарым қатынасын саралау, ал педагогикалық адам тәрбиесі, оның білім беру жүйесін қарастырып,оның қоғамның белсенді азамат етіп қарастыруын көздейді. Психология-адамның жан дүниесін,сырын, психикасын даму заңдылықтарын, оның жеке қасиеттерінің жеиілуі мен қалыптастыру жолдарын зерттейді. Қарап отырсақ әр ғылым өз бетінше белгілі бір мақсаты көздейді.
Жеке адам психологиясын анықтауда гуманистік психологияның да өзіндік үлесі бар. Жеке адам психологиясы мен мінезі гуманистік дәстүрге сай құрылымда зерттелінді және ол зерттеулерді психодинамикалық, интеракционды, құрылымды-динамикалық, экспериментті емес типіне жатқызуға болады. Негізінен адамның ішкі тәжірбилік құрылымы мен дамуына өзіндік сана мен ойлануына мән беріп, оларды кеңірек сипаттайды. Оларды адам нені қабылдайды, қалай түсінеді және өз өмірінің нақты жағдайларын қалай түсіндіреді деген сияқты сұрақтар қызықтырды. Олар осылай тұлға феноменологиясын сипаттды. Өмірлік тәжірбиесіне негізделіп, «өмір мәні» «құндылықтары», «өмірлік мақсаты» және т.б. терминдер типімен сипаттауға тырысты. Гуманистік тұрғыда тұлға теориясын анықтауға талпынған американ психологтары А.Маслоу мен К.Роджерс болды. К.Роджерс әрбір адамның қандай қабілеті бар және ол ұмтылу мен бірлесу тұлғаның өзіндік жетілуіне көмек беретін тұрғысын қарастырды. Жоғары саналыққа ие адам өзінің өмірінің мәнін, мақсаты мен құндылығын белгілейді, әрі оның жоғары соты мен эксперті деп есептейді. Роджерс теориясының негізгі түсінігі «Мен» түсінігі. Әрбір адам мен кіммін? Не істей аламын? Кім бола аламын? Ондай болу үшін не істей аламын? деген сүрақтарға жауап береді. «Мен» образы адамның өмірлік тәжірбиесі арқылы айналаны қабылдауы, бағалауы жүзеге асады да, мінезі қалыптасады.
Адамның негізгі қажеттілігі-өзін жүзеге асыру (самоактуализация ) өзіндік жетілуге талпыну мен өзіндік ой болып табылады. Гуманистік психология тұлғаның теориялық бағытын анықтауда өзін жүзеге асырудың барлық бағытымен байланысты болады. А.Маслоу өзін жүзеге асыру сипаттарына ақиқатты белсенді қабылдауы мен оған дұрыс бағдарлану қабілетін; өзін және өзгенің болмысының қандай болғанына қарай, дәл сол түрғысында қабылдауды және т.б. белгілерге қатысты психологиялық ситпттаулар жүргізді. Өзін жүзеге асырушы адам белгілі бір іспен шұғылданады, оны беріліп атқарады және олар мойындауды қажет етеді деп сипаттайды. Олар үнемі таңдауды және шешуші қадам жасаушылар, олар үнемі алда жүруді және кез-келген кедергілерді жеңуде өз мүмкіндігін көрсете алады.
Тұлға теориясы
Тұлға теориясын жасауда американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Ол тұлға дамуы мен қалыптасуын эпигенетикалық принципке сүйене отырып түсіндіреді және өмір сүру барысында болатын тұлға дамуындағы 8 дағдарыстың болатынын белгілейді.
1. Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу.
2. 2-3 жас арасында болатын күмән мен үят.
3. 3-6 жас аралығында белсенділік пен оған қатысты болатын кінәләну.
4. Еңбек қорлық және оған қарсы толық мәнде болмаушылық.
5. 12-18 жас аралығындағы болатын тұлғаның өзін - өзі белгілеуі мен жеке дара даралануындағы топтамалар мен дау-дамайлар.
6. 20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға араласушылығы мен оған қарсы мәндері.
7. 30-60 жас аралығында жас ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі.
8. 60 жас және одан жоғары жаста өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі.
Адамның белсенділігі, іс-әрекеті ғылыми материалистік тұрғыда қарастыруында белсенділік әрекеттердің адамның қажеттіліктерін қанағаттанумен ұштасады.
Тұлға белсенділігі-адамның материалдық және рухани мәдениеті меңгеруде қоғамдық мәнге ие болған бағдарлы шығармашылығында, еріктік актілерде, қарым-қатынастағы қабілеті. Тұлға белсенділігі адамның белсенді өмір позициясы арқылы идеалық принципшілдігі, реттілігі, көзқарасы, сөзбен іс бірлігінде көрінісін айтамыз.
Қажеттілік – ол адам белсенділігінің негізгі себебімен іс -әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім-тәрбие ықпалында қалыптасып, адамның материалдық, рухани қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғамдық даралық сипатқа ие болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әр түрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған байланысты, мақсатқа жету үшін түрткілер де өзгеріп отырады. Жеке адамды қандай болмасын белгілі бір әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш-қажеттіліктер. Қажеттіліктерде тоқталып өттік.
Қажеттілік тетік белгісіне қарай: табиғи және рухани-мәдениет болып бөлінеді. Ал, сол заттарды ұстап тұтынуына қарай: материалдық, рухани қажеттіліктер болып бөлінеді.
Рухани қажеттіліктер түрлі рухани құлдылықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырады. Адамның айналасындағы қоршаған дүние үнемі өзгеріп отырыруымен адамның түрлі ерекшеліктері дамып, өзгеріп отырады. Ол өмір сүру процесінің барысында және оқу-тәрбие процесінде шешуші роль атқарады.
Табиғи қажеттілік тән мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталады.
Жеке адамның өмір бағытын көрсететін құрамдас бөлімдері (компонентер) көп. Соның бастылары: қажеттер, мотивтер, қызығулар, бейімділік пен дүние таным мен сенім, мұрат пен талғам.
Себептер-қазақша түрткі немесе себептер дейміз. Бұл қажеттілікті өтеуге талеминарпындыраты түрткілер болады. Қандай болмасын обьектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген немесе оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.
Қызығулар-адамның шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, сол қажеттіліктерді сезіп, соны білуге, түсінуге деген жан еліктіріп, сезім тартқан нәрсенің бәрі қызығудың обьектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі-«Бұл не?» дейтін рефлекс. Адамда сан алуан қызығулар болуы мүмкін. Қызығулар мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық. т.б. болып келеді.
Ал адамда қызығулардың болмауы немесе оның көмескі болуы оның өмірін мазмұнсыз етеді. Қызығудың мазмұнды, әрі ауқымының кең болуы-оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнсыз аданың рухани өмір дамымайды. Қызығу пәрменді белсенді болу үшін баланың тікелей әрекеттерімен айналысу қажет.
Жеке адам психологиясының неге бағытталғанын көрсететін негізгі компоненттердің бірі-адам дүние танымы мен сенімі.
Дүниетаным-адамның табиғат, қоғамдық өмірі туралы білімдерінің жүйесі. Ақиқат дүние заңдарын дұрыс түсінетін, әрі ғылыми негізделген дүниетаным ғана адамға дұрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанаттын адамдардың дүниетанымы мейлінше рекцияшыл болады. Өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шындықты бұрмалау-пессимистік (кертартпа) дүниетаным белгісі. Адамның алдына қойған мақсатының болуы, дүниетанымның өміріне байланыстылығы сенімдік тудырады.
Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Сенім нақты іс-әрекет пен тәжірибеге байланысты. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қосқанатындай, адамның ең асыл қасиеті болып табылады. Берім сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлықта болмайды. Сенім қалыптаспаған адамның шындықтың жай – жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе онда, біресе мұнда соқтырады да мінез-құлықты көлденеңнен кез-келген кездейсоқ жағдайлар билеп келіп отырады. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де жойылады.
Сенім-тұлға өзінің құндылық бағдарлылығына байланысты саналы қажеттілігін жүзеге асырудағы әрекетіне лайықтануы. Қажеттілік мазмұны сенім формасында көрінеді, соған орай табиғатты және қоғамда түсінуде белгілі бір көрінісін береді. Сенім-тәжірибелік әрекет. Сенім арқылы коммуникативтік әдіс арқылы өзге адамдардың санасының қалыптасуына ықпал жасалынады.Сенім әдісінің негізінде-тұтас функционалдық міндетке байланысты таңдау, фактіні логикалық жүйелеу мен қортындылау құралады.
Мұрат- жеке адамның психикасын нұрландыратын қасиеттердің бірі. Бұл-адамың өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді артық тұтып, қастерлеуі. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Мұрат дүние танымы, сенімі айқын, сөз бен істің байланысы бар жерге ғана болады.
Талғам-бұл да жеке адамның психологиясында елеулі орын алатын қасиет. Бұл жоғарыда аталған барлық компанент түрімен байланысып жатады. Талғам адамның білімі, тәрбиесі, ортасы, тәжірибесі елеулі әсер етеді. Дұрыс талғам жүйесі жақсы тәрбие жемісі.
Бағыт-бағдар-адамның жеке арманы, құмарлығы әрекеті оның даралық қасиетіне тән психологиялық ерекшелігі. Адамды тану үшін оның қоғам мүшесі ретінде қандай істерді тындыра алатындығымен танысу керек. Кемшіліктегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталы болу, оған ұмтылу жеке-адамның бағыт-бағдарын білдіреді.
Тұлға бағыттылығы - ол тұлғаның іс-әрекетті орындаудағы бағдарлығында, қандай да бір ситуациялық жағдайда болуына қарамастан көрінетін тұрақты себептер жиынтығы тұлға бағыттылығы көрінетін тұстары.
Адамның бағдары, ынта-жігері, мақсат-мүддесі гуманисттік қоғам мүддесімен үйлеседі. Адамның кісілік қасиетін түсінуде «ол нені қалайды» деген жеткіліксіз. Өйткені адамы ниет тілегі мен ынтасын үнемі өзгеріп, дамып күрделіленіп отырады.