ТұЛҒаның Қасиеттерін қалыптастыру жолдары орындаған



бет4/7
Дата07.01.2022
өлшемі69,77 Kb.
#17261
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Курс жұмысы Әбілқасым Сымбат

Курс жұмысының әдістері: зерттеу міндеттеріне сәйкес, мәселені шешуде философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау, жинақтау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, сараптау және нәтижелерді жүйелеу қамтамасыз етілді.

Курс жұмысының құрылымы: кіріспе, 2 бөлім, қорытынды, эксперимент жұмысы, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

«Бала дүниеге келгеннен бастап өзін- өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның  ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау»



М. Монтессори

Тұлға дегеніміз – ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйкесінде алынған нақты адам.Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.

Ғылыми әдебиетте “тұлға” ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.

Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психолгиялық өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Анантев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субьектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.

Адам – бұл бір жағынан биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денемсімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.

Екінші жағынан, адам қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық , дене құрлымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары “жеке тұлға” ұғымымен түсіндіреді.

Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағынада қолданылады. Жеке тұлға – бұл сол адам, бірақ тек қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады.Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынстардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.

Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкнідік береді, т.с.с. осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленушіретінде сипаттайды.

Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесінде қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұндай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесінде қосылған адам – субьект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.

Психологияда “адам” және “жеке тұлға” ұғымдарымен қатар “даралық” ұғымы да қолданылады. әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын рекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес.

Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипттап, оның жеке даралығын анықтайды. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі айтылады.

Сонымен, “тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. мәскеулік және Санкт-Петербургтықпсихологилық мектеп өкілдерінің әдебиеттерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әр түрлі көзқарас берілген. Мысалы, Мәскеулік мектеп өкілдері “субьект” деңгейін бөлмей, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін “индивид” ұғымына біріктіреді. Бірақ бұған қарамастан, “тұлға” ұғымы адамның әлеуметтік ұйымдасуымен ұштасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет