Тұлғаның дамуы оны тәрбиелеу және қалыптастыру Мақсаты


Педагогика баланың дамуы жайында



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі20 Kb.
#17264
1   2
Байланысты:
Курс жумыс макала

Педагогика баланың дамуы жайында.

Педагогикадағы жеке адамның дамуы мен тәрбие ісінің проблемалары. Жеке адам, оның дамуы мен қалыптасуы жөніндегі түсініктер.

Тәрбиенің негізгі масаты жеке адамды қалыптастыру және оның жан- жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндеттердің табысты шешімін беру жеке адамның дамуы қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай жағдайлар ықпал ететінін білумен байланысты.

Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз.

С.Л.Рубинштейннің зертеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс – әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы; өз бетінше дербес іс – әрекетін жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері. Белгілі фолософ, ғалым В.П.Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды. 1)саналылық; 2) жауапкершілік; 3) еркіндік; 4) жеке басының қадірі; 5)даралық; осыларға және қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси – идеялық бағытты қосады.

Жеке адамдың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В.П.Тугаринов бұл түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырады.

Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін “индивид” түсінігін білген де жөн. Бұл латын сөзі қазақша “жекелік” дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның сапа – қасиеттеріне қатыстысын танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір ақыл – ес дұрыс адам “индивид” бола алады. “Жеке адам” түсінігінің және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні міне осындай.

Ал жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамуы және қалыптасуынан педагогика үшін “даму” және “қалыптасу” категорияларының мәнін ашып беру өз алдына маңызды. Сонымен бұл түсініктер нені білдіреді?



Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік – тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным – сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез – құлық бірте – бірте белсенді – жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық – әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық – физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық мен шығармашылық іс – әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық,имандылық, қоғамдық – саяси қөзқарастары мен нанымдарындағы бір – біріне кіріс байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісін білеміз.

Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет