ТұЛҒаның ҚҰндылықтарын жүйесінің ҚҰрылымы



Pdf көрінісі
Дата07.01.2022
өлшемі304 Kb.
#18473


ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН   ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 

Сахиева Ф.Ә,  Аманбай А.Ж., Пайыз И. -ФИ-15-10қ2 тобының студенті, 

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы., М.Әуезов ат. ОҚМУ 

Құндылық 

дегеніміз 

– 

шындықты 



бағалау 

критерийі, 

яғни 

айналасындағы  адамдарға,  өзіне  қатынасы  мен  өмірлік  ұстанымынан 



көрінетін  тұлғалық  қасиеттер.  Тұлғаның  құндылығы  өзі  ұмтылатын 

идеалды мақсаттарынан көрінеді. 

Құндылық  бағдар  дегеніміз  –  адамның  әлеуметтік  ортада  мінез-құлқы 

мен  әлеуметтік  іс-әрекетін  психологиялық  реттеуді  қамтамасыз  ететін 

тұлғадағы  қасиет.  Бұл  мәселе  бойынша  зерттеу  жұргізген  ғалымдар: 

өткен  ғасырдың  60-70  жылдары  философиялық  әдебиеттерде  В.П. 

Тугаринов,  О.Г.  Дробницкий  және  басқалар;  шетел  әдебиеттерінде 

құндылық  бағдар ұғымы "аттитюд" ұғымымен де түсіндіріледі: З.  Фрейд, 

Э. Фромм, В. Франкл, К. Роджерс және басқалар; кеңестік кезеңде: С.Л. 

Рубинштейн,  В.Д.  Ермоленко,  Л.И.  Божович,  Г.М.  Андреева,  Д.А. 

Леонтьев, Б.Г. Ананьев, А.И. Донцов, С.С. Бубнов және басқалар болды. 

Тұлғаның бағытталған құндылықтар жүйесінің құрылымдық сипаты, ол 

оның  әртүрлі  жоспардағы  бірқатар  функцияларының  таратылуларын 

анықтауға  арналған  көпдеңгейлілігі  және  көпөлшемділігі  бойынша 

мүмкіндігі.  Тұлғаның  бағытталған  құндылықтар  жүйесі,  әлеуметтік  орта 

нормалары  және  ішкі  орналастырулар  арасындағы  аралық  орынға  ие, 

соның  ішінде    мотивациялы-қажеттіліктер  аймағы  және  тұлғалық 

мағыналар  жүйесі,  олар  осы  элементтерді  бәріне  жалпы  жүйе 

«адамның» қарым-қатынастарын қамсыздандырады.  

Ю.  А.  Шерковиннің  ой-пікірлері  бойынша,  біруақытта  жеке  және 

әлеуметтік тәжірибелермен шарттасқан құндылықтар жүйесінің екі жақты 

сипаты,  оның  екі  жақты  функциолналды  мағыналарымен  анықталады. 

Біріншіден,  құндылықтар  адамдардың  саналарына  сақтау  және 

қалыптастыру  керек  негіз  болып  табылады,  олар  жеке  индивидке 

анықталған  бағытты  ұстануға,  өзінің  көзқарасын  айтуға,  баға  беруге 



көмегін  тигізеді.  Осылайша,  олар  сананың  бөлігі  болып  табылады. 

Екіншіден,  құндылықтар  өзгертілген  түрде,  қызметтер  және  тәртіптердің 

мотивтері  ретінде    қолданылады,  себебі  әлемдегі  адамдардың  

бағыттары  және  олардың  анықталған  бір  мақсаттарға  жету  үшін 

тұлғалық  құрылымына  енгізілген  құндылықтарына  қарым-қатынасынан 

өтіп кету мүмкін емес [1]. 

Құндылыққа 

бағдарлануды 

зерттеумен, 

олардың 


әдістемелік 

қағидаларын  қарастырумен,  құндылық  пен  тұлғаның  құндылық 

бағдарларының 

генезисі 

жайында 

талдаулармен, 

құндылыққа 

бағдарланудың 

психологиялық 

феномені 

ретінде 

мәселелерді 

зерттеудің  негізгі  жолдарын  қарастырумен,  бірінші  кезекте,  тұлға  және 

қоғам  құндылықтарымен  байланысты  мәтінмен  көптеген  шетелдік  және 

отандық ғалымдар айналысқан [2].

 

Психологияда  тұлға  және  қоғам  құндылықтары  мәселелері  ерте 



кезеңнен бастап маңызды орынға ие, психология аймағындағы "жоғарғы" 

(В.  Вундт  терминологиясы  бойынша)  пән  болып  саналады.  В.  Дильтел 

пікірі  бойынша,  "сипаттау"  психологиясының  басты  талдау  пәні  "рухани 

өмірлік  байланыс"  болып  табылды,  ол  "біздің  түсінігіміздің  негізгі 

қатынастарын, сондай-ақ тұрақты құндылықтарды анықтайды, яғни біздің 

қалау-тілектеріміздің 

кәсіби 

деңгейін, 

әрі 

үстем 


мақсатты 

идеяларымызды"  қамтиды  және  осылайша  "біз  көп  жағдайда 

мойындамасақ та, біздің әрекеттеріміз бағынатын тәртіптерден" тұрады. 

Тұлға  деңгейінде  құндылықты  сана  -  идеалдарға,  дәстүрлерге, 

нормаларға,  әдет-ғұрыптар  сияқты  құндылықтарға  бағдарланулар  мен 

ішкі  ыңғайланулардың  жиынтығымен  анықталады.  Адам  өзінің  тіршілік 

әрекеті барысында болмыстың әртүрлі жақтарына деген қатынастардың 

эталондарын  бекітеді,      жақсы,  жаман,  қайырым-  дылық,  зұлымдық, 

әділеттілік жайлы түсініктерді қалыптастырады.  

Тұлғаның  бағытталған  құндылықтарының  тұрақты  функциясы  адам 

белсенділігін  оятатын  жүйенің  барлық  деңгейлерін  қамтиды.  Осыған 



байланысты 

А. 


Г. 

Здравомыслов 

ескергендей, 

«бағытталған 

құндылықтар 

әрекеттерінің 

ерекшелігі 

олардың 


тәртіптерінің 

тиімділендірілуі әдісі ретінде ғана қызмет атқарып қана қоймай, сонымен 

қатар  олардың  әрекеттері  сананың  ең  жоғарғы  құрылымдарына  ғана 

тарап  қоймай,  сондай-ақ  әдетте  ішкісана  құрылымы  ретінде 

белгіленетіндерге  де  таралады.  Олар  ерік,  көңіл  бөлу,  интеллект 

бағыттарын анықтайды». 

Этникалық  қауымдастық  –  бұл  ең  алдымен  қандай  да  бір  белгілер 

туралы  қауымдастық,  жай  мәдени  өзгешелік  емес.  Сондықтан  этносты 

белгілер қатары арқылы тану үнемі сәтсіздікке ұшыратты, сонымен қатар 

мәдениеттің  біріздендірілуінен  этнодифференциалды  белгілердің  саны 

тұрақты  түрде  қысқарып  келеді,  бірақ  бұл  кәсіби  өнермен,  әдебиетпен 

және  тарихи  білімдермен  байланысты  жаңа  элементтермен  орнын 

толтырады. 

Жаңа қоғам қалыптастырудың жалпы әлеуметтік мәдени механизмінің 

мәнді  бөлігі  ретінде  дәстүршілдік  көрінеді.  Этномәдени  дәстүрді  қайта 

жаңғырту,  мәдени  мұраны  сақтау,  ұлттық  өзіндік  ерекшелік  және 

жалпыадамзаттық  құндылықтардың  арақатынасы  бағдарламалары 

түбегейлі  маңызға  ие.  Мәдени  шындықтың  өзі  адамның  өзіндік 

бірегейлігін  айқындайды.  Қазіргі  заманауи  өркениет  жағдайында 

этникалық мәдениет ұлттық мәдениеттің ерекшелігін айқындайтын қабат 

болып табылады. 

Әдебиеттер 

1. Шерковина  Ю.А.  Проблема  ценностной  ориентации  и  массовые 

информационные  процессы  //  Психологический  журнал.  –  1982.  –  Т.  3, 

№5. – С. 135-146.  

2. Яницкий  M.C.  Ценностные  ориентации  личности  как  динамическая 

система. - Кемерово: Кузбасс вузиздат, 2000. - 204 с.  




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет