Түлкібас кенті 2023 жыл Түсіндірме жазба



бет1/2
Дата18.05.2023
өлшемі336,22 Kb.
#94194
түріБағдарламасы
  1   2

Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі


Авторлық бағдарлама


Тақырыбы:
«Stop Motion анимациясы»

Жасаған: информатика пәнінің мұғалімі Жанабердиева Сания Нұрханқызы

Түлкібас кенті
2023 жыл
Түсіндірме жазба
Ұсынылып отырған «Stop Motion анимация » курсының бағдарламасы пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, информатика бойынша білімдерін тереңдету, кеңейту үшін ұсынылады, сонымен қатар сабақтардың жеке фрагменттерін информатика сабақтарында қолдануы мүмкін. Курс орта буын оқушыларының, яғни 8 сынып оқушыларын бейіндікке дейінгі дайындығының маңызды мазмұнды бөлігі болып табылады. Аталған курс зерттеушілік және құрылымдық іс-әрекетпен байланысты әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды өз бетімен орындауға мүмкіндік береді, информатика пән ретінде қызығушылығын артады және курс сабақтарында алған білімдерін адамның іс-әрекетінің түрлі салаларында қолдануға болатынын көрсетеді.
Бұл курс ерекшелігі оқушылар информатикада алған білімдерін көркем еңбек сабағында, яғни қазақтың ұлттық қол өнер ерекшелігін көрсетуде қолданады. Ұлттық өнерді соның ішінде ою, құрақ құру түрлерін меңгеріп қана қоймай, оларды әлемге танытады. Бақылау және тәжірибе туралы білімдерінің көзі болып табылатындықтан оқушылар аниматор қызметін атқарады. Аталған курс оқушылардың танымдық белсенділігінің; шығармашылық ойлау қабілетінің, 60 информатикаға және ең маңыздысы мамандықтар әлеміндегі кәсіби бағдарлау қызығушылығының дамуын қамтамасыз етеді.
Күтілетін нәтиже: Компьютердегі анимация жұмыс күннен-күнге кез келген адамның компьютерлік сауаттылығының ажырамас бөлігі болып келе жатыр. Курсты меңгеру барысында алған білімдерін оқушылар әртүрлі білім саласында қолдана алады: физика, химия, биология, көркем еңбек және т.б., сонымен қатар олар үш өлшемдік жобалау, анимация, бейнемонтаж саласында шеберлігін әрі қарай жетілдіре алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет