МЕТАФОРА – бір зат пен екінші затты ұқсастығына байланысты ауыстыру. Мен – тұлпармын. Мен – сұңқармын.Шер тарқатар кісі болмады. Балаларымның ілгері өмірін ойлаймын. Жасалу жолдары: 1. Жалғаулықсыз, жұрнақсыз бір нәрсені екінші нәрсеге балау, салыстыру, ұқсату арқыл жасалады. Мыс: Гималай – көктің кіндігі, жердің түндігі. 2. -мын, -мін, -бын, -бін, -ғын, -гін, -сын, -сін тәрізді жіктік жалғаулары арқылы жүзеге асады. Мыс: Мен – жаралы жолбарыспын, Мен – таулықпын 3. еді, едім, едің, екен, ем сияқты көмекші етістіктер арқылы: сен – жылы жүректі едің, айдар – бетон мінезді екен, терезесі төмен бейшаралар едік; 4. бейне, тең, секілді сөздер: қайғы болар жермен тең, қара көңілім жермен тең.
5 – сынып 1. Жылы жүрек, ауыр мінез, күн көзі, орақ тіл, жүрек оты, мен жолбарыспын, тұнық көз, асыл киім, жайдары көңіл, бұлт көзі;
2. Ы.Алтынсарин «Атымтай жомарт»
3. дос, ана, кітап, әке, бауыр.
4. Сөздерді пайдаланып, досыңа метафоралы сипаттама айту.