Тұншықтырғыш әсерi басым заттарға кандай улы қосылыстар жатады?



Дата14.12.2022
өлшемі49,05 Kb.
#57334
Байланысты:
ОБЖ экз для студентов


1. Тұншықтырғыш әсерi басым заттарға кандай улы қосылыстар жатады?
А) тераэтил тотығы, күкiрт
В) аммиак, хлор
C) фосфорорганикалык косылыстар
Д) хлор, фосген, хлорпикрин
E) көмiртегi, тетраэтил


2. Нейтроптар уларға, яғни жүйке жүйесiнiң күйiн бұзатын заттар:
А) күкiрттi көмiртегi, фосфорорганикалык қосылыстар
В) қорғасын, күкірт, көмiртегi
С) аммиак, күкірт, көмiртегi
Д) күкiрттi аммиак, диэтилен, күкірт
E) органикалық және биохимиялык қосылыстар


3. Метаболдык уларға яғни организмнiң нәзiк процестерiне араласатын улы қосылыстар
А) мыс, қорғасын
В) аммиак, хлор және т.б.
С) көмiр тотығы, аммиак және т.б.
Д) күкірт, көмiртегi және т.б.
E) этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.


4. Заттардың алмасуын бұзатын заттар:
А) тетраэтилқорғасын, күкiрттi көмiртегi, фосфорорганикалык қосылыстар
В) диоксин, полихлорланған бензофуран
С) этилен тотығы, дихлорэтан және т.б
Д) органикалық және биохимиялык қосылыстар
E) күкiрттi аммиак, диэтилен, күкірт


5. Аммиактың буымен уланған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету:
А) көзді алюминий-калийдің 0,5% ерітіндісімен немесе бор қышқылының 2% ерітіндісімен шаю
В) ыстық сүт, шай ішкізу
С) суық сумен көзiн, мұрынын, аузын шаю
Д) 5%-дық ас содасы ерiтiндiсiмен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу
Е) сабын ерiтiндiсiмен жақсылап жуу


6. Хлормен зақымданған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету:
А) жылы сумен көзiн, мұрнын, аузын жуу, газқағар кигізу
В) таза ауаға шығару, мүсәтір спиртін иіскету және 2% тамақ содасы ерiтiндiсiмен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу
С) жылы сүт, тәтті шай ішкізу
Д) сабын ерiтiндiсiмен жақсылап жуу
Е) 5%-дық бор қышқылының ерiтiндiсiмен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу


7. Жүйкені жансыздандыратын улы заттар:
А) аммиак, фосген
В) улылығы басым органикалық қосылыстар
С) улылығы жоғары фосфор органикалык заттар (зарин, заман, У-газдар)
Д) фосген, хлорпикрин
Е) хлорпикрин, көгiлдiр қышқыл


8. Психохимиялық әсер ететін улы заттарға -
A) иприт, фосген
В) зарин, заман, Y-газдар, көгiлдiр қышқылы жатады
C) тетраэтилқорғасын, күкiрттi көміртегі, фосфорорганикалык қосылыстар
Д) BZ-және лизергин қышқылы диэтиламин
Е) этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.


9. Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететiн улы заттарға:
А) зарин, заман, Y-газдар, көгiлдiр қышқылы жатады
В) этилен, тотығы, дихлорэтан және т.б.
С) аммиак, хлор жане т.б.
Д) күкірт, көмiртегi және т.б.
E) көмiртотығы, аммиак және т.б.


10. Улылық әсерiн анықтау уақытына байланысты баяу әсер ететiн улы заттарға:
А) CS заттары
В) тетраэтил, фосфорорганикалық қосылыстар
С) хлорпикрин, адамсит
Д) хлорацетофенон және фосфорорганикалық қосылыстар:
E) иприт, фосген


11. Көздің жасын ағызатын және тiтiркендiретiн заттар:
А) иприт, фосген
В) CS заттары
С) хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит, СS заттары
Д) тетраэтил, фосфорорганикалық қосылыстар
Е) хлорпикрин, адамсит


12. Төзiмдi емес улы заттар:
А) көгiлдiр қышқылы, фосген
В) хлорпикрин, күкірт
С) хлор, аммиак
Д) фосфорорганикалық қосылыстар
E) тeтpaэтилпикрин, хлор


13. Терiнi кұрыстыратын улы заттар:
А) иприт, заман
В) иприт, люизит
С) иприт, заман, Y-заттар
Д) көміртегі тотығы, цианды сутегі т.б.
E) хлорпикрин


14. Төзiмдi улы заттар:
А) хлорпикрин, аммиак
В) көміртегі тотығы, цианды сутегі т.б.
С) иприт, заман, Y-заттар
Д) тетраэтилтотығы, сутегі
Е) аммиак, көмiртегi


15. Жалпы улылық әсерi басым заттарға:
А) аммиак, көмiртегi
В) көмiртегi тотығы, цианды сутегі т.б.
С) хлор, күкiрт
Д) хлорпикрин, аммиак
Е) тетраэтилтотығы

16. Көшіру комиссияларының негізгі міндеттері:


А) халықты қауіпсіз аймаққа жөнелтуді ұйымдастыру
В) санитарлық-эпидемиялық, радиациялық және химиялық ахуалды бағалау
С) халықты қарсы алу, тіршілік көзімен қамсыздандыру
Д) халықты қарсы алу, есепке алу, орналастыруды және қажетті заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау
Е) халықты қарсы алу, аралық көшіру пункттеріне хабарлау, адамдарды ұйымдастыру

17. Жеке қорғаныс құралдары деп –


А) тыныс алу органдарын, көзді және тері жамылғыларын улы заттардың буынан және радиоактивті микробтардың түсуінен қорғайтын құралдар
В) ГП-5, (ГП-5М) ГП-7 (ГП-7В)
С) ГП-5М, ДП-5М, ПДФ
Д) ПП-5М, ДП-6М
Е) микробтардан қорғайтын мақта-мата маскалары

18. Сыртқы ортада жұқпалы аурулар қоздырғыштардын жою:


А) дегазация
В) дезинфекция
С) дезактивация
Д) улы заттарды бейтараптандыру
Е) улы заттарды жою

19. Ауыл шаруашылығы аймағына аса қауiптi ядролық жарылыстың ағымдағы факторы?


А) өткiш радиация
В) соққы толқыны
С) жарық сәулесi
Д) радиоактивтiк закым
Е) электромагниттік импульс

20. Бірнеше елдерді немесе материктерді қамтитын эпидемия?


А) эпизоотия
В) пандемия
С) эпифитотия
Д) адиропозооназдар
Е) зооантропозооназдар

21. Сәуле шығару дозасы қанша болғанда адамдарда 1-(жеңіл) дәрежелі сәуле ауруын тудырады?


А) 120-250 рад
B) 250-300 рад
C) 100-200 рад
Д) 150-200 рад
Е) 300-350 рад

22. Су қоймаларына өзенде су деңгейінің көтерілуіне, тағы басқа себептерге байланысты көп жерді су кетуі қалай аталады?


А) қар көшкіні
В) селдер
С) боран
Д) жер сілкінісі
Е) су басу

23. Иприт және люизит улағыш заттардың қай тобына жатады?


А) теріні күлдіретіп әсер ететін УЗ
В) тұншықтырып әсер ететін УЗ
С) теріні күйдіріп әсер ететін УЗ
Д) жалпы уландырып әсер ететін УЗ
Е) қоздырғыш УЗ

24. Жануарлардың қауіпті ауруының көп таралуы?


А) андропозооноздар
В) пандемия
С) эпидемия
Д) эпифитопия
Е) эпизоотия

25. Жарық сәулесінен, сұйық – тамшы түріндегі биологиялық заттардан, радиоактивті шаңнан улағыш заттардан және ионизациялық сәуленің шарпуынан сенімді қорғайтын, бұл?


А) жергілікті жер бедері
В) радиациядан қорғайтын паналау орны
С) ашық паналар
Д) жеке қорғану құралдары
Е) жыралар

26. Су деңгейінің күрт көтерілуі мен қатты материалдар (құлаған тау жыныстары) көбейген кезде тау өзендерінің арналарында кенеттен пайда болатын күшті тасқын?


А) жер сілкінісі
В) селдер
С) қар көшкіні
Д) шөккіндер
Е) су тасқыны

27. Өте күшті әсер ететін улағыш заттар?


А) дефолианттар, десиканттар
В) фосген, дифосген
С) саңырауқұлақтар, риккетсиялар
Д) хлор, аммиак
Е) гербициттер, арборицидтер

28. Ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі?


А) эпидемия
В) пандемия
С) карантин
Д) обсервация
Е) эпизоотия

29. Қантамырлардың зақымдану сипатына қарай қан кетудің қауіптісі?


А) капиллярлық
В) веналық
С) артериялық
Д) паренхиматоздық
Е) құлақтан қан кету

30. Жарылу арқылы әсер ететін ядролық ыдырау кезінде бөлінетін энергияны пайдалануға негізделген қару?


А) биологиялық
В) ядролық
С) химиялық
Д) әдеттегідей
Е) қатты әсер етуші УЗ

31. Бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, риккетсиялар қандай қарудың негізін құрайды?


А) биологиялық
В) ядролық
С) химиялық
Д) фитоксиканттар
Е) қатты әсер етуші УЗ

32. Ядролық қару жарылған кезде бөлініп шығатын гамма сәулелер мен нейтpондар ағыны?


А) электромагниттік импульс
В) жарық сәулесі
С) радиоактивті зақым
Д) өткіш радиация
Е) соққы толқыны

33. Азаматтық қорғаныс не үшін қажет?


А) қарсыластар территориясында соғыс жүргiзу үшін
В) қолға түскен қару-жарақты жинау және сақтау үшiн
C) халықты қорғау және халық шаруашылығын жаппай қырып-жою қаруларынан және апаттан құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн
Д) тылдағы объектілерді қорғау үшін
Е) қарсыластар тиiскен кезде, сол аймақтағы халықты қорғау ушiн

34. Өндiрiсте жиi қолданылатын әсерi күштi улы заттар


А) аммиак, хлор, күкiрттi ангидрид, кремний қостотығы, көміртегі тотығы
В) аммиак, хлор, фосген, иприт, күкiрттi ангидрид
С) хлор, фосген, аммиак, көмiртегiнiң қостотығы
Д) аммиак, хлор, күкiрттi ангидрид, үшхлорлы фосфор, күкiрттi көмiртегi
Е) аммиак, хлор, дифенилхлорарсин

35. Көп кездесетiн стихиялы сипаттар


А) тайфундар
В) жер сілкіну
С) құрғақшылық
Д) су басу
Е) селдер

36. Жер сілкіну кезiнде басқа себептердiң әсерiнен болатын өзгерiстер


А) қол-аяқ басылып қалуы
В) қол-аяқ сынуы
С) бас сүйек жарақаттануы
Д) жарақаттану, естен тану
Е) көптеген қабырғаның сынуы

37. Жер сілкінгенде құтқару және басқа да жедел жұмыстарды бірінші кезекте жүргізу жұмыстары


А) басып қалған зардап шеккендерді шығару
В) бірінші медициналық көмек көрсету
С) технологиялық жүйеде апатты жою
Д) құлаған үйдің өтетін жолын ашып жайғастыру
Е) санитарлы-гигиеналық шаралар

38. Азаматтық қорғаныс деп –


А) басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы
В) соғыс уақытында халықты төтенше жағдайлардан қорғау, сонымен қатар әскери жиындар өткізетін шаралар кешені
С) бейбіт және соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерінен қорғау
Д) халықтық шаруашылық объектілерінен және ел аумағын төтенше жағдай факторларынан қорғау
Е) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларынан қорғау

39. Тіршілік қауіпсіздігі деп –


А) адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы
В) адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға бағытталған шаралар
С) төтенше жағдайдың салдарынан ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдану құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар
Д) төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған шаралар
Е) ауыл шаруашылығында пайдаланылатын тәртіптер мен іс-әрекеттер

40. «Өмір қауіпсіздігі негіздері» курсының негізгі мақсаты:


А) адам тұратын жерлерде флора мен фаунаны сақтау
В) техносферада адамды табиғи пайда болған қауіптерден қорғау
С) жер сілкінісі, су тасқыны т.б. тосын жағдайларды ескерту
Д) дауыл, құйын, опырылма т.б. тосын жағдайларды болжау және бағалау
Е) еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау, залалды әсерлерден қорғау, ТЖ салдарын, болжау және бағалау

41. Шаруашылық обьектілері деп –


А) адамның өмір сүру ортасы мен қауіпсіз қарым-қатынасын зерттейтін ұжым
В) облыстарда, аудандарда пайдаланылатын тәртіптер мен іс-әрекет ететін адамдар ұжымы
С) өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары
мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар ұжымы
Д) төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған шара
Е) табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ ескертетін адамдар ұжымы

42. Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы қай жылы қабылданды?


А) 1997 жыл 7 шілде
В) 1997 жыл 7 мамыр
С) 2001 жыл 25 қазан
Д) 2000 жыл 30 тамыз
Е) 1995 жыл 7 мамыр

43. Азаматтық қорғаныс курсының негiзгi мақсаты:


А) апаттарды алдын ала болдырмау
В) қауiптi жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету
С) халықты қорғау, адамдардың өмiрiн сақтау, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
Д) жұмыс әрекетінде қауiпсiз жағдайда халықты үйрету
E) экономика объектiлерiн қолданғанда жөндеу және қайтадан құру жұмыстарын жасау

44. Жоғары оқу орындарының АҚ-ның бастығы:


А) проректор
В) министр
С) ЖОО АҚ штабының бастығы
Д) АҚ кафедрасының меңгерушісі
Е) ректор

45. Азаматтық қорғаныс құрамаларының негiзгi түрлерi:


А) механикалық
В) инженерлiк, техникалық
С) физикалық, химиялық
Д) құтқару, инженерлiк, АҚ және ТЖ қызметтерiнiң құрамалары
Е) радиациялық, авиациялық

46. Дүлей зiлзала –


A) техногендi сипаттағы төтенше жағдай
В) гидрогеологиялык сипаттағы төтенше жағдай
С) ТЖ пайда болуына әкелiп соғатын соққын зiлзала
Д) биологиялық сипаттағы төтенше жағдай
Е) метеорологиялық сипаттағы төтенше жағдай

47. Авария –


A) технологиялық процестердiң бұзылуы, механизмдердiң жабдықтар және
ғимараттардың зақымдануы
В) табиғаттың тосын жағдайы
С) геофизикалық қауiптi құбылыстардан пайда болған авария
Д) геологиялық қауiптi құбылыстар
Е) гидрологиялық қауiптi кұбылыстар

48. Табиғи апаттар -


А) авиациялық, автомобильдік, әлеуметтік
В) метрологиялық, геологиялық, космостық
С) тектоникалық, радиациялық, механикалық
Д) теллурлық, бактериологиялық, эпидемиялық
Е) химиялық, спецификалық, бактериологиялық

49. Төтенше жағдай деп -


А) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар және геологиялық қауiптi құбылыстар
В) жер сiлкiнiсi, су тасқыны, сел, жарылыс, өрт т.б. қауiптi құбылыстардан пайда болатын авария
С) апат салдарынан механизмдердiң және жабдықтардың бұзылуынан болатын авария
Д) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық объектiлерiне нұқсан келтiрген, сонымен қатар халықты шығындарға ұшыратып апат салдарынан болған жағдай
E) гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай

50. Техногенді сипаттағы төтенше жағдай:


А) өндiрiстiк, транспорттық авариялар, өрттер, электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар
В) геофизикалық, геологиялық, метеорологиялық
С) гидрологиялық, табиғи өрттер, транспорттық авариялар
Д) ауруларға шалдығуы
E) ауылшаруашылық өсiмдiктердiң ауруға және зиянкестерге шалдығуы

51. Аштық дегенiмiз не?


А) витамин және белоктардың жетiспеуi
В) азық-түлік қоры мүлдем жоқ, бiрақ су бар
С) азық-түлік қоры болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайдағы организмнiң күйігі
Д) азық-түлік те, су да жоқ
Е) судың жоқ болуы

52. Қорқыныш дегенiмiз не?


А) жер сiлкiнiсi, дауыл, құйын болғанда адамның қорқыныш сезiмi
В) жарылыс кезiнде пайда болатын қорқыныш сезiмi
С) төтенше жағдай кезiнде пайда болатын үрей
Д) өрт кезiнде пайда болатын адамның бойындағы үрей
Е) өмiрге немесе денсаулыққа қауiп төндiретiн кез-келген шынайы немесе елестiк жағдайға адамның табиғи жауабы

53. Химиялық зақымдану


А) қатты әсер ететiн улы заттардың зақымдағыш әсерi таралатын шектегi алаң
В) жарылыс болған жер
С) ядролық жарылыс болған жерден тыс аймақ
Д) қатты әсер ететiн улы заттардың төгілген жерi
Е) жарылыстың кайталама факторлары

54. Электромагниттік импульс


А) элементті бөлшектер ағынына және электрон магнитті сәулелену кванттарынан тұратын сәулелену
В) ядролық жарылыс кезiнде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны
С) ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы гамма сәулелердiң қоршаған орта атомдарына тигізген әсерiнiң нәтижесiнде пайда болған электрлi және магнитті сәулелер
Д) ядролық жарылыс бұлттарына радиоактивтi заттардың түсу ағыны
Е) ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер ағыны

55. Соққы толқыны:


А) жарылыс кiндiгiнен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жерi
В) ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болатын толқын
С) гамма-сәуленiң және нейтрондардың ағымы
Д) жарылыстан кейiн электрлiк және магниттiк алаңның пайда болуы
E) жарылыс кезiнде радиоактивтi заттардың жерге түсуi

56. Жердiң радиоактивті ластануы -


А) организмге берiлген энергия мөлшерi
В) химиялық заттардың төгiлуi нәтижесiнде болатын жағдай
С) ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы
Д) соққы толқынының негiзгi зақымдағыш әсер факторы
E) ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуi нәтижесiнде болады

57. Өткiш радиация деп -


А) ядролық жарылыс кезiнде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны
В) ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивтi заттардың түсу ағыны
С) ядролық жарылыс кезiнде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны
Д) ядролық жарылыстың закымдаушы факторы
E) иондардың түзiлуiнiң нәтижесiнде пайда болатын электірлі және магнитті сәулелер

58. Радиациялық авария деп –


А) ядролық жарылыстан пайда болатын авария
В) радиоактивтi заттардың жарылысы кезiнде болатын авария
С) ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы
Д) ядролық жарылыс кезiнде шығатын нейтрондар ағыны
E) атом энергиясын қолдану объектiсiн кауiпсiз пайдалану шегiнiң бұзылып, бұл орайда адамдардың белгiленген нормалардан тыс сәуле алуына немесе қоршаған ортаның радиоактивті ластануына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан радиоактивті өнімдер

59. Апат -


А) аймақтық және iрi ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкелiп соққан жойқын құбылыс
В) табиғаттың тосын жағдайы
С) геофизикалық қауiптi құбылыстардан пайда болған авария;
Д) геологиялық қауiптi құбылыстар
Е) гидрологиялық қауiптi кұбылыстар

60. Жарықтың сәуле шығаруы -


А) элементті бөлшектер ағынға және электрон магнитті сәулелену кванттарынан тұратын сәулелену
В) ядролық жарылыс кезiнде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны
С) ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы гамма сәулелердiң қоршаған орта атомдарына тигізген әсерi
Д) ядролық жарылыс бұлттарына радиоактивті заттардың түсу ағымы
Е) ядролық жарылыс кезiнде шығатын гамма сәулелер ағыны

61. Радиациялық кауiпсiздiк –


A) белгiленген нормаларға сәйкес қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтiн iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген радиациялық жағдайдың жай-күйi
В) радиоактивтi заттардың жарылысы кезiнде болатын авария
С) радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесiнде адамдардың өмiрiне төндiретiн көтерiңкi радиациялық қауіп
Д) ядролық жарылыс кезiнде шығатын нейтрондар ағыны
E) радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өмiрiне төндiретiн көтерiңкi радиациялық қауiп

62. 1-дәрежелі сәуле ауруының адамға әсерi (жеңіл)


А) 120-250 рад
B) 250-300 рад
C) 100-200 рад
Д) 150-200 рад
Е) 300-350 рад

63. 2-дәрежелi сауле ауруының адамға әсері (орташа)


A) 120-250 рад
B) 250-300 рад
С) 200-400 рад
Д) 150-200 рад
E) 300-350 рал

64. 3-дәрежелі сәуле ауруының адамға эсерi (ауыр)


A) 120-250 рад
B) 400-600 рад
C) 100-200 рад
Д) 150-200 рад
E) 300-350 рад

65. 4-дәрежелi сәуле ауруының адамға әсерi (өте ауыр)


А) 400 радтан жоғары
В) 600 радтан жоғары
С) 800 радтан жоғары
Д) 450-500 радтан жоғары
Е) 900 радтан жоғары

66. Жер сiлкiнiсi -


А) бұл жер қыртысында немесе мантияның үстiңгi бөлiгiнде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесiнде пайда болған, елеулi ауытқу түрiнде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуi мен жер асты қозғалысы
В) технологиялық процестiң бұзылуы, механизмдердiң, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы
С) төтенше жағдайдың пайда болуына әкелiп соққан жойқын құбылыс;
Д) аймақтық және iрi ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкелiп соққан жойқын құбылыс
Е) бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы

67. Сел –


А) бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы
В) ауырлық күшiнiң әсерiмен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы
C) өзен, көл немесе теңіз суының деңгейiнiң көтерiлiп, жердiң белгiлi бiр бөлiгiнiң су астында қалуы
Д) тау өзенiнiң өз арналарынан кенеттен көтерiлiп, су мен тас араласқан лай ағын
Е) бiрнеше сағаттан бiрнеше тәулікке дейiн жауған қар

68. Қар көшкіні –


А) қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы
В) ауырлық күшiнiң әсерiмен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы
C) өзен, көл немесе теңіз суының деңгейiнiң көтеріліп, жердiң белгiлi бiр бөлігінiң су астында қалуы
Д) тау өзенiнiң өз арналарынан кенеттен көтерiлiп, деңгейiнiң күрт өзгеруi және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын
Е) бiрнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейiн жауған қар

69. Опырмалар –


А) тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтерiлiп, деңгейiнiң күрт өзгеруi және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын
В) бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы
С) өзен, көл немесе тенiз суының денгейiнiң көтерiлiп, жердiң белгiлi бiр бөлiгiнiң су астында қалуы
Д) ауырлық күшінiң әсерiмен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы
Е) бiрнеше сағаттан бiрнеше тәулікке дейiн жауған қар

70. Дауыл –


А) жойқын күшi бар және 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел
В) бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы
С) өзен, көл немесе теңіз суының деңгейiнiң көтерiлiп, жердiң белгiлi бiр бөлігінiң су астында қалуы
Д) тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтерiлiп, деңгейiнiң күрт өзгеруi және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын
Е) бiрнеше сағаттан бiрнеше тэулекке дейiн жауған қар

71. Химиялық қарудың әсерiнен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ


А) химиялық авария
В) ядролық жарылыстан пайда болатын авария
С) радиоактивті заттардың жарылысы
Д) ядролық жарылыстың зақымдаушысы
Е) химиялық зақымдану ошағы

72. Тырысқақ (холера) -


А) тез жұғатын ауру, iштiң өтуiмен, құсықтың келуiмен, су-электролит алмасуының бұзылуымен, гиповолемикалық әлсіреудiң дамуымен, жiңiшке ішектiң улануымен сипатталады
В) аса қатерлi жұқпалы ауру, негiзiнен терi арқылы өтедi, өкпелік және iшектік түрі сирек кездеседі
С) үй жануарларында болатын тұрақты жұқпалы ауру
Д) саусақ арасындағы қыртыстарда, алақанда, қарында көрiнiп, адамды тынышсыздандырып қышытады
Е) адамда, жан-жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру, зақымдалған мүшесiне (өкпе, лимфа бездерi, тері, сүйек, бүйрек, ішек) уақ төмпешектер пайда болады

73. Бруцеллез –


А) тез жұғатын ауру, іштің өтуімен, құсықтың келуімен, су-электролит алмасуының бұзылуымен, гиповолемикалық әлсіреудің дамуымен, жіңішке ішектің улануымен сипатталады
В) аса қатерлі жұқпалы ауру, негізінен тері арқылы өтеді, өкпелік және ішектік түрі сирек кездеседі
С) үй жануарларында болатын тұрақты жұқпалы ауру
Д) саусақ арасындағы қыртыстарда, алақанда, қарында көрініп, адамды тынышсыздандырып қышытады
Е) адамда, жан-жануарларда болатын, созылмалы жұқпалы ауру, зақымдалған адам мүшесіне (өкпе, лимфа бездері, тері, сүйек, бүйрек, ішек) уақ төмпешектер пайда болады

74. Туберкулез (құрт ауруы) -


A) түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақ бөкенде, мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру
В) аса қатерлі жұқпалы ауру, негізінен тері арқылы өтеді, өкпелік және ішектік түрі сирек кездеседі
С) үй жануарларында болатын тұрақты жұқпалы ауру
Д) саусақ арасындағы қыртыстарда, алақанда, қарында көрініп, адамды тынышсыздандырып қышытады
Е) адамда, жан-жануарларда болатын, созылмалы жұқпалы ауру, зақымдалған адам мүшесіне (өкпе, лимфа бездері, тері, сүйек, бүйрек, ішек) уақ төмпешектер пайда болады

75. Оба (чума) -


A) түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақ бөкенде, мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру
В) аса қатерлі жұқпалы ауру, негізінен тері арқылы өтеді, өкпелік және ішектік түрі сирек кездеседі
С) үй жануарларында болатын тұрақты жұқпалы ауру
Д) саусақ арасындағы қыртыстарда, алақанда, қарында көрініп адамды тынышсыздандырып қышытады
Е) адамда, жан-жануарларда болатын, созылмалы жұқпалы ауру, зақымдалған адам мүшесіне (өкпе, лимфа бездері, тері, сүйек, бүйрек, ішек) уақ төмпешектер пайда болады

76. Панахана-


А) жануарлардың үйі
В) жан-жақты қымталған, радиациялы сәулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана
С) зақымдалған жер
Д) тұрғын үйлер
Е) мекемелерге кірпіштен қорғаныш

77. Жоғары температурадан болған күйік


А) сәулелік күйік
В) термиялық күйік
С) химиялық күйік
Д) радиациялық күйік
Е) ядролық күйік

78. Химиялық заттардан болған күйік


А) сәулелік күйік
В) термиялық күйік
С) химиялық күйік
Д) радиациялық күйік
Е) ядролық күйік

79. Жер сілкісінің түрлері:


А) тектоникалық
В) жанартаулық
С) опырылма
Д) техногендік
Е) барлығы дұрыс

80. Террорист –


А) террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам
В) бір мемлекеттің шегінен шығатын террористік іс-әрекет
С) террористік сипаттағы қылмыстарды жасауға бағытталған әрекеттер
Д) террористік акция жасау үшін екі немесе одан да көп тұлғалардан құрылған тұрақты бірлестік
Е) терроризмге қарсы күресу үшін заңдарға сәйкес құрылған мамандар топтары

81. Террористік ұйым –


А) бір мемлекеттің шегінен шығатын террористік іс-әрекет
В) террористік акция жасау үшін екі немесе одан да көп тұлғалардан құрылған тұрақты бірлестік
С) террористік сипаттағы қылмыстарды жасауға бағытталған әрекеттер
Д) террористік іс-әрекетті жүзеге асыруға қатысушы адам
Е) терроризмге қарсы күресу үшін заңдарға сәйкес құрылған мамандар топтары

82. Құтқарушы –


А) құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаудан) өткен азамат
В) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген құтқарушылардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы
С) адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өрттен қорғалу жай-күйі
Д) негізін өзіне құрылымдық жағынан авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын құтқарушы-атқарушылар
Е) дұрыс жауабы жоқ

83. Жердің радиоактивті зақымдануы нәтижесінде пайда болған ахуал –


А) сәулелік ахуал
В) химиялық ахуал
С) биологиялық ахуал
Д) термиялық ахуал
Е) радиациялық ахуал

84. Тыныс алу органдарын қорғау құралдары:


А) мата таңғыштары
В) респираторлар
С) шаңнан қорғайтын маскалар
Д) газқағар
Е) барлық жауап дұрыс

85. Тау жыныстарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын лайлы немесе лай-тасты қатты ағын қалай аталады?


А) қар көшкіні
В) селдер
С) боран
Д) жер сілкінісі
Е) су басу

86. Ұзақ уақыт бойы қар жамылғысы жататын таулы аудандарда болуы мүмкін және жылжу жылдамдығы 100 м/с-ға дейін болады -


А) қар көшкіні
В) селдер
С) боран
Д) жер сілкінісі
Е) су басу

87. Қирататын күші бар күшті желдердің біршама уақытқа созылуы, үлкен бүлінушілікке ұшыратып, адам құрбандықтарына не алып келеді?


А) қар көшкіні
В) селдер
С) дауыл
Д) жер сілкінісі
Е) су басу

88. Адамдардың өмірі мен денсаулығына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процессі қалай аталады?


А) күю
В) ыстық
С) дауыл
Д) жер сілкінісі
Е) өрт

89. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі қай жылы қабылданды?


А) 2015 жылы 23 қараша
В) 2010 жылы 23 қараша
С) 2014 жылы 23 қараша
Д) 2013 жылы 23 қараша
Е) 2016 жылы 23 қараша

90. Еңбек қауіпсіздігі –


А) жұмыскер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі
В) өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау
С) еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі
Д) эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар
Е) жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер

91. Құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі:


А) еңбекті қорғауды басқару жүйесі
В) еңбекті нормалау
С) еңбек тәртіптемесі
Д) еңбекті қорғау
Е) еңбек шарты

92. Байбаламның белгілері:


А) аса қозғыштық, көптеген қимылдар
В) айқай
С) жылау
Д) сөйлеген сөзі жылдам
Е) барлық жауап дұрыс

93. Ағзаның күш түсуге, алаңдаушылыққа және күнделікті қарбаласқа реакциясы:


А) күйзеліс
В) үрей
С) қуаныш
Д) ступор
Е) агрессия

94. Күйзеліске ұшыраған адам қандай қағидаларды қолдануы қажет?


А) барынша өз-өзін сергіту, йога, медитация
В) массаж жасату, ароматерапия
С) тәтті тағам жеу
Д) күлкілі фильм көріп көңіл-күйін көтеру, музыкалық терапия
Е) барлық жауап дұрыс

95. Адамның негативті оқиғаны күтуі, орнықсыз көңіл-күйі, түсіндіруге келмейтін күйі:


А) күйзеліс
В) үрей
С) қуаныш
Д) ступор
Е) агрессия

96. Сыртқы себептердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы:


А) жарақаттану
В) талықсу
С) коллапс
Д) инфекция жұқтыру
Е) сыну

97. Адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айрылу:


А) жарақаттану
В) талықсу
С) коллапс
Д) инфекция жұқтыру
Е) сыну

98. Орталық нерв жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай:


А) жарақаттану
В) инфекция жұқтыру
С) коллапс
Д) естен тану
Е) сыну

99. Жарақаттардың түрлері:


А) механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, аралас
В) ашық, жабық
С) электрлік, термиялық
Д) жеңіл, орташа, ауыр, өте ауыр
Е) барлық жауап дұрыс

100. Ең жиі кездесетін механикалық жарақаттың түрі:


А) күйік
В) соғылу
С) үсік
Д) әскери жарақаттар
Е) жануарлардың тістеп алуы

101. Ең алдымен үсікке ұшырайтын дененің бөліктері:


А) ми, жүрек
В) бүйрек, бауыр
С) мұрын, құлақ, аяқ-қол саусақтары
Д) шынтақ, тізе
Е) дененің 80 пайызы

102. Суға батудың түрлері:


А) нағыз (шынайы), синкопальды, асфиксиялық
В) терең, таяз
С) гипоксиялық, синкопальды
Д) ақ, қызыл, көк
Е) нағыз (шынайы), жалған

103. Жүректің рефлекторлық тоқтауы себебінен суға бату түрі:


А) нағыз (шынайы)
В) асфиксиялық
С) синкопальды
Д) көк
Е) жалған

104. Үсік шалған кездегі тыйым салынған шаралар:


А) кофе мен алкоголь ішу
В) үсіген дене бөлігін қармен, қатты шүберекпен сүрту
С) ыстық ванна, жылыту жастықшасы, жылытқыш және т. б. қолдану
Д) көпіршіктерді өздігінен ашып, некротикалық тіндерді алып тастау
Е) барлық жауап дұрыс

105. Күн сәулесінің ұзақ әсер етуі және басына күн сәулесінің тікелей түсуі нәтижесінде қызып кету, бұл –


А) ыстық тию
В) үсік шалу
С) электрлік күйік
Д) термиялық күйік
Е) химиялық күйік

106. Қанның қан тамырларынан ағзаларға, тіндерге, дененің табиғи қуыстарына немесе


сыртқы ортаға ағуы:
А) жарақаттану
В) қан кету
С) жүрек аурулары
Д) инфекция жұқтыру
Е) соғылу

107. Ашық қызыл түсті жоғары қысымдағы артериялық қанның зақымдалған артериялардан атқылап ағатын қан кету түрі:


А) миға қан кетуі
В) капиллярлық
С) мұрыннан қан кетуі
Д) артериялық
Е) веноздық

108. Адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық шығындарға немесе адамдардың өмір сүру жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы немесе әкеп соқтыруы мүмкін әлеуметтік қатынастар саласындағы қауіпті қайшылықтар мен қақтығыстардың туындауы нәтижесінде қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай:


А) табиғи ТЖ
В) техногенді ТЖ
С) әлеуметтік ТЖ
Д) стихиялық апаттар
Е) авария

109. Қою қызыл қанның көп ағуы байқалатын қан кету түрі:


А) миға қан кетуі
В) капиллярлық
С) мұрыннан қан кетуі
Д) артериялық
Е) веноздық

110. Жүрек-қантамыр ауруларының даму себептері:


А) отырықшы өмір салты, жаман әдеттер
В) диетадағы қателіктер
С) артық дене салмағы
Д) психоэмоционалды стресс
Е) барлық жауап дұрыс

111. Жер сілкінісінің тек құралдар көмегімен ғана анықтауға болатын Рихтер шкаласы бойынша балл мөлшері:


А) 3-4 балл
В) 5-6 балл
С) 0-1 балл
Д) 0-5 балл
Е) 10-12 балл

112. Өсімдіктердің қауіпті жұқпалы ауруының көп таралуы?


А) андропозооноздар
В) пандемия
С) эпидемия
Д) эпифитопия
Е) эпизоотия

113. Соғыс кезінде химиялық немесе биологиялық қаруды қолдануға тыйым салу туралы халықаралық келісім – Женева хаттамасына қай жылы қой қойылды?


А) 1925 жылы
В) 1926 жылы
С) 1927 жылы
Д) 1928 жылы
Е) 1929 жылы

114. Коронарлық артериялардың бітелуіне (арнаның тарылуына) байланысты миокардтың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы:


А) миға қан кетуі
В) жүректің ишемиялық ауруы
С) жүрек соғуының ырғақсыздығы
Д) облитерациялық тромбангиит
Е) веноздық тромбоздар

115. Кепілдікке алған кезде істеуге болмайды:


A) болған жағдайды дереу ұйым басқарушысына және тиісті инстанцияға хабарлау
B) қажетті жағдайда, егер бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына залал келтірмейтін болса, лаңкестерге қайшы келмейтін болса, олардың талаптарын орындау, өзінің және айналасындағы адамдардың өмірін қатерге тікпеу
C) өз ықтиярыңызбен лаңкестермен келіссөзге шықпау
Д) оқиға орнына тиісті күш құрылымына сәйкес орган қызметкерлерінің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету
Е) лаңкестердің назарын аударуға тырысу, айқайлау, жылау

116. Клиникалық өлім дегеніміз –


A) жүректің қызметін қалпына келтіру және жүрек жұмысы қалпына келгенге дейін, үздіксіз қан айналымды ұстап тұру мақсатымен жүрекке механикалық әсер ету
B) ес-түсінің күңгірттенуімен, артынан ырғақсыз болып қалатын тамыр соғысының жоқтығымен, талып қалумен, қан қысымының түсіп кетуімен сипатталады
C) тіршіліктің негізгі белгілері – жүректің соғуы мен тыныс алу байқалмаған, бірақ ағзада өзгертуге болмайтын үрдістер жүрмеген жағдай
Д) буындық сүйек ұштарының орнынан өзара қозғалып, буын формасының өзгеруі
Е) дұрыс жауабы жоқ

117. Ашық сынық -


A) сүйек тұтастығының кенеттен бұзылуы
B) кеуде қуысы жарақатының асқынуы болып табылады және өкпе жарылуының белгісі болып келеді
C) сынған жерде жара болмайды
Д) ауаның плевральды қуыста жиналуы
Е) сынған жерде жара болады және сынған жер сыртқы ортамен қатынаста болады

118. Жарылыс дегеніміз?


A) қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы
B) жануды түкпілікті жоюға, сондай-ақ оның қайта жану мүмкіндігін болдырмауға бағытталған іс-әрекет
C) күштер мен құралдардың тартылу процесі, сондай-ақ өртті сөндіру үшін әдістер мен тәсілдерді пайдалану
Д) жанудың ары қарай жайылу мүмкіндігін болдырмау және қолда бар күштер мен құралдар арқылы оның жетістікті жойылуына жағдай жасалуға бағытталған іс-әрекет
Е) отты абайсыз пайдалануы нәтижесінде белгілі бір аймақта өрттің пайда болуы мен таралуы

119. Халықты радиациядан қоғаудың негізгі тәсілдері?


A) қауіпті аймақта болу мерзімін азайту
B) радиация ошағынан қашықтықты ұзарту
C) ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану
Д жеке қорғаныс құралдарын қолдану
Е) барлық жауап дұрыс

120. Антропогендік төтенше жағдайлар дегеніміз -


A) бактерия, вирустардың өсуін басатын, дәрілік заттар
B) адамның әрекетіне байланысты авария немесе апат
C) залалсыздандырушы заттар
Д) тұрақты жоғарғы атмосфералық қысым аймағы
Е) қызуды төмендететін дәрілік құралдар

121. Егер қар көшкініне тап болсаңыз:


A) қар көшкіні кезде көшкіннің шет жағына шығуға, ағаш, бұтақтардан ұстауға тырыспау керек
B) қар көшкіні тоқтасымен көшкіннен шығуға тырыспай, сізді тез тауып алу үшін тыныш отыру керек
C) қардың астында қалғанда айқайлау керек
Д) қозғалмауға тырысу керек
Е) қар көшкіні тоқтасымен көшкіннен шығуға тырысу керек, сізді тез тауып алу үшін қолыңызды шығарыңыз

122. Найзағаймен зақымданған кездегі алғашқы көмек көрсету кезінде істеуге болмайды?


A) күйген жерге суық қою
B) пульстің бар екендігіне көз жеткізу
C) жүрек – өкпе реанимациясына кірісу
Д) адамды жерге көмуге
E) көз шарасын жарыққа тексеру

123. Халықты құлақтандырудың мақсаты?


A) халықты қорғау үшін, басқару органдарын орналастыру үшін
B) басты қорғайтын жеке қорғаныс құралдары
C) уақытында басқарушы құрамаға, қала тұрғындарын төтенше жағдайдың қауіпі мен одан қорғану шараларын қолдану жөнінде хабарлау
Д) зиянды факторлардың адамдарға әсер етуін жою
Е) адамға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуін болдырмау

124. Жұқпалы аурулардың жаппай таралуының (эпидемия) алдын алу үшін:


A) аймақтың, сумен қамту жүйесі мен канализацияның тазалығын күшейту керек, халықтың санитарлы сауатын арттыру, гигиена ережелері сақталуы тиіс, азық – түлікті дұрыс өндеу және сақтау қажет, қоздырғыштар тасымалдаушылардың әлеуметтік белсенділігін және олардың сау адамдармен қарым – қатынасын шектеу қажет
B) сұрақ өткізу, жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында жараланған және зардап шеккен халықты тексеру
C) қоршаған ортадағы жұғымтал ауру қоздырғыштарды жоюға бағытталған шаралар
Д) жеке қорғаныс құралдарын, киімді, зақымдалған аймақты радиоактивті зақымданудан тазалау
E) карантин шараларын өткізу

125. Көліктегі ТЖ басты себептерінің қатарына жататындар:


A) қозғалыс ережесінің бұзылуы
B) жылдамдықты жоғарылату
C) автокөлікті мас күйінде жүргізу
Д) жолдың нашар жағдайы, метеожағдай, автокөліктегі ақау
Е) барлық жауап дұрыс

126. Мұрыннан қан кету кезіндегі алғашқы көмек?


А) мұрын қанаттарын саусақтарыңызбен басу керек
В) науқастың басы артқа қарай емес, сәл алға қарай қисайып тұруы керек
С) мұзды немесе суық затты мұрын көпіріне басу керек
Д) мұрын жолдарына түтік тәрізді бүктелген таңғышты енгізу керек
Е) барлық жауап дұрыс

127. Адамның телефон арқылы қауіп төнген кездегі іс-әрекеті:


A) телефон арқылы алынған ақпаратты құқық қорғау органдары мен ұйым басшысына дереу жеткізуді қамтамасыз етпеу
B) әрбір келіп түскен телефон қоңырауына жауап бермеу
C) жедел тергеу топтарының, кинологтардың және т.б. жұмыстарына кедергі келтіру
Д) әрбір келіп түскен телефон қоңырауына мұқият болу, қажет болған жағдайда көшіру жоспарына сәйкес адамдарды көшіру
Е) радиобайланыс құралын пайдалануды тоқтату

128. Физикалық зорлық-зомбылықпен байланысты әлеуметтік қауіптер:


А) қарақшылық, терроризм
В) суицид, эвтаназия
С) нашақорлық, таксикомания
Д) темекі шегу, маскүнемдік
Е) депрессия, шизофрения

129. Адам ағзасын бұзатын заттарды қолданумен байланысты әлеуметтік қауіптер:


А) қарақшылық, терроризм
В) жұмыссыздық, инфляция
С) нашақорлық, темекі шегу, маскүнемдік
Д) саяси және діни қақтығыстар
Е) соғыс

130. Дұрыс тамақтанбаудан туындайтын аурулар:


А) алиментарлы дистрофия, кахексия, квашиоркор
В) тырысқақ, қатерлі ісік
С) оба, бруцеллез
Д) ЖИТС, туберкулез
Е) гипертония, қара шешек

131. Жабық сынық -


A) сүйек тұтастығының кенеттен бұзылуы
B) сынған жерде жара болады және сынған жер сыртқы ортамен қатынаста болады
C) сынған жерде жара болмайды. Өзіне тән сыртқы пішіні сүйек тұтастығының бұзылуы мен сынған жерде «сатының» пайда болуы болып табылады
Д) ауаның плевральды қуыста жиналуы
Е) кеуде қуысы жарақатының асқынуы болып табылады және өкпе жарылуының белгісі болып келеді

132. Төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғаудың қандай ерекше әдістері бар?


A) қорғаныс ғимараттарына жасыру
B) көшіру мен бытыраңқы орналастыру
C) қорғаныс ғимараттарына жасыру, көшіру мен бытыраңқы орналастыру, жеке басын қорғау құралдарымен қамтамасыз ету
Д) үйден шығармау
Е) өзін өзі қорғау құралдарымен қамтамасыз ету

133. Терроризмнің мақсаты –


А) қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту, экономикалық зиян келтіру
В) саяси қайраткерлер мен басқа адамдарды физикалық жою, бопсалау
С) билік органдарының әрекеттеріне жауап ретінде «кек алу әрекеттері», қызметін тұрақсыздандыру
Д) қарулы қақтығыстарды қоздыру
Е) барлық жауап дұрыс

134. Химиялық күйік кезіндегі алғашқы көмек:


A) химиялық зат сіңіп қалған киімді дереу шешіп, ағынды сумен әбден жуу керек
B) күйген жерге жабысып қалған киімді жұлу
C) күлдіреген теріні жару
Д) спирт немесе басқа да арнайы иіс майларды жағу
Е) таңғыш тану

135. Химиялық қару дегеніміз не?


A) уран мен плутонийдің бірқатар изотоптарының ауыр ядроларды ыдырауынан болатын тізбекті реакция кезінде немесе сутегінің (дейтерий мен тритий) жеңіл ядролық изотоптары синтезінің термоядролық реакциялары кезінде бөлініп шығатын ішкі ядролық энергияны пайдалануга негізделген осы заманғы зақымдау құралы
B) адамдардың өміріне қауіп тудыратын және материалдық құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін процесс
C) адамға тікелей немесе жанама әсері ауыр немесе созылмалы ауру туғызатын немесе олардың өліміне алып келетін химиялық зат
Д) қауіпті биологиялық заттар
Е) адамдар мен жануарларды зақымдайтын биологиялық құралдар немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктеріне, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп тудыратын патогенді микроағзалар

136. Ядролық қару -


A) уран мен плутонийдің бірқатар изотоптарының ауыр ядроларды ыдырауынан болатын тізбекті реакция кезінде немесе сутегінің (дейтерий мен тритий) жеңіл ядролық изотоптары синтезінің термоядролық реакциялары кезінде бөлініп шығатын ішкі ядролық энергияны пайдалануга негізделген осы заманғы зақымдау құралы
B) адамдардың өміріне қауіп тудыратын және материалдық құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін процесс
C) адамға тікелей немесе жанама әсері ауыр немесе созылмалы ауру туғызатын немесе олардың өліміне алып келетін химиялық зат
Д) қауіпті биологиялық заттар
Е) адамдар мен жануарларды зақымдайтын биологиялық құралдар немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктеріне, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп тудыратын патогенді микроағзалар

137. Найзағай бұл -


A) түйдек-жауын бұлттарының дамуымен байланысты бұлттар мен жер беті арасындағы дүркін-дүркін электр зарядтарымен, дыбыстық құбылыстармен, қатты жауын-шашынмен, бұршақпен қоса жүретін атмосфералық құбылыс
B) үлкен қарқынды ұзақ мерзімді гидросфералық шөгінділер
C) нөсер жауынмен бірге жауатын атмосфералық шөгінділер
Д) бірнеше тәулік тоқтамай немесе ұзақ дерлік мерзімде жауатын, тасқынға, су алу мен су астында қалуға алып келетін сұйық атмосфералық шөгінділер
Е) дұрыс жауабы жоқ

138. Ұйқы артериясын қан кеткенде не істеу қажет?


А) жәбірленушінің қолын артқа тартып, бұғана артындағы артерияны бірінші қабырғаға басу керек
В) артерияны иық сүйегіне басу керек
С) артерияны жұдырықпен жамбас сүйегіне басу керек
Д) алақанды жәбірленушінің мойнының артқы жағына басып, екінші қолдың саусақтарымен артерияны басу
Е) артерияны тізе асты шұңқырына басу керек

139. Депрессия дегеніміз не?


A) газ бен түтіннен қорғайтын құрал
B) жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою
C) қатты әсер ететін улы заттарды жою немесе бейтараптау
Д) радиоактивті заттарды жою
Е) өмірден түңілу, психологиялық жағдай

140. Эвакуация дегеніміз -


A) эвакуация кезінде келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі
B) соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру
C) адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару
Д) аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мәселелері бойынша аудандардың, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары
E) дұрыс жауабы жоқ

141. Қатты көк тайғақ бұл -


A) көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік қозғалысын қиындататын қардың қарқынды ұзақ жаууы
B) салқындаған тұман немесе жауын тамшыларының қатуы кезіндегі жердің немесе заттардың бетіндегі мұздың қалың қабаты
C) көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік магистралын қар басуға алып келетін, қардың жаууымен бірге болатын қатты желдің жер бетіне қарды тасымалдауы
Д) ауаның қолайлы орташа тәуліктік температурасы кезіңдегі жер бетіндегі ауа температурасының 0°С – ге дейін және одан да төмендеуі
Е) барлық жауап дұрыс

142. Суицидтің себептері:


А) депрессия, биполярлық бұзылыс, шизофрения және т.б. ауыр психикалық бұзылулардың көпшілігі
В) бұрын жасалынған суицидтік әрекеттер
С) тұлғаның бұзылуы, импульсивтілік және агрессивтілік
Д) балалық шақтағы психикалық жарақат
Е) барлық жауап дұрыс

143. Биологиялық (бактериологиялық) қару -


A) уран мен плутонийдің бірқатар изотоптарының ауыр ядроларды ыдырауынан болатын тізбекті реакция кезінде немесе сутегінің (дейтерий мен тритий) жеңіл ядролық изотоптары синтезінің термоядролық реакциялары кезінде бөлініп шығатын ішкі ядролық энергияны пайдалануга негізделген осы заманғы зақымдау құралы
B) адамдардың өміріне қауіп тудыратын және материалдық құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін процесс
C) адамға тікелей немесе жанама әсері ауыр немесе созылмалы ауру туғызатын немесе олардың өліміне алып келетін химиялық зат
Д) ағзаға қатты әсер ететін улы заттар (ҚӘУЗ)
Е) қауіпті биологиялық заттар, адамдар мен жануарларды зақымдайтын биологиялық құралдар немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктеріне, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп тудыратын патогенді микроағзалар

144. Жиі күйзелу қандай ауруларға ұшыратады?


A) ішімдік, нашақорлық
B) гепертониялық язва асқазан жарасы
C) жүрек талмасы
Д) психиканың бұзылуы
E) барлық жауап дұрыс

145. Метрологиялық төтенше жағдайға қайсысы жатады?


A) жанартаулардың атқылауы
B) қар көшкіні
C) дауыл
Д жерсілкінісі
E) су басу

146. Естен тану, тыныс алудың тоқтауы, ірі артерия тамырларындағы пульстің жоғалуы – бұлар ненің белгілері?


+A) жүректің тоқтауы
B) улану
C) үсіп қалу
Д) күн өту
E) ток соғу

147. Қысқы уақытта бұрау салудың (жгут) максимальді уақыты:


A) 3 сағаттан аспау керек;
+B) 0,5 - 1 сағаттан аспау керек;
C) 1,5 сағаттан аспау керек;
Д) 2 сағаттан аспау керек;
E) 2,5 сағаттан аспау керек.

148. Жазғы уақытта бұрау салудың (жгут) максимальді уақыты:


A) 1,5-2 сағаттан аспау керек;
B) 3 сағаттан аспау керек;
+C) 1 сағаттан аспау керек;
Д) 0,5 сағаттан аспау керек;
E) 2,5 сағаттан аспау керек.

149. Жарылғыш қондырғысына ұқсас зат табылған кездегі іс әрекет:


A) көтеріп алып, сыртқа шығару
+B) орнынан қозғамау, дереу құқық қорғау органдарына хабарлау
C) табылған затты ашып қарау
Д) мамандар келгенше затты орнын ауыстыру
Е) күдікті затты қолмен ұстау

150. Қан кетуді тоқтатуға арналған әдістер:


+А) бұрау салу ?
В) қантамырларды қысу
С) қол-аяқты бүгу
Д) дәкемен таңу, суық басу
Е) барлық жауап дұрыс ?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет