Ожсб қазақ тілі 4 сынып



бет1/2
Дата18.01.2023
өлшемі29,21 Kb.
#61828
  1   2
Байланысты:
ОЖСБ қазақ тілі 4 сынып


ОЖСБ Қазақ тілі 4 сынып
1 нұсқа

  1. Мәтін түрін және не туралы екенін анықта.

Таңертең жапалақтап қар жауды. Тынық күнгі қардың жауғаны әдемі болады екен. Аспаннан ақ мамық түсіп жатқан секілді, көңілге жағымды әсер сыйлайды. Табиғаттың жайдары күйін сезіну мақсатында Жасұлан далаға шықты. Оның киімінің түсі аппақ болатын. Қардың алақанда қалай еритінін көру үшін Жасұлан қолын тосты. Ақ жұлдызшалар бірінен соң бірі түсіп, ери берді. Кейін ол жаңа жауған қармен ойнауға кірісті. Күн жылы кезде жауған қар жабысқақ келеді. Сондықтан қарды домалатып, аққала жасау ыңғайлы болады. (54 сөз)

    1. Сипаттау, қыс жайлы

    2. Пайымдау, Жасұлан жайлы

    3. Әңгімелеу, қар туралы

    4. Пайымдау, мезгіл туралы

  1. Күрделі етістігі бар сөйлем

    1. Ораз – ұқыпты оқушы

    2. Отанын сүйетін ұлан болыңдар!

    3. Жұрт бұлбұлдың сырын сонда ұқты

    4. Әлжан мектепке жүгіріп келеді

  2. Жуан дыбысты қосымша жалғанған сөз

    1. Аспанда, есепті

    2. Шегемен, түнде

    3. Шағалаға, далада

    4. Жерден, кітаптар

  3. Осы шақ етістіктерінің сұрақтары

    1. Не істедің? Не істейді? Не істеп жатырсың?

    2. Не істедім? Не істедің? Не істеді?

    3. Не істеп отырмын? Не істеп отырсың? Не істеп отыр?

    4. Не істеймін? Не істейсің? Не істейді?

  4. Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісі

    1. Үтір

    2. Сызықша

    3. Леп белгісі

    4. Қос нүкте

  5. Барыс септігінде тұрған есімдік

    1. Маған, сен, біздер

    2. Мен, сен, ол

    3. Біздер, сендерде, сол

    4. Маған, саған, оған

  6. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркесі

    1. Оқушы келді

    2. Қызық кітап

    3. Он оқушы

    4. Алманың дәмі

  7. «Көшпенділер» сөзіндегі жіңішке дауысты дыбыстардың саны

    1. 7

    2. 3

    3. 4

    4. 5

  8. Жұмбақтағы қарамен берілген сөздер қай сөз табына жатады?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет