Тобы: 03б мамандығы: Медицина Курс: Алматы қаласы, 2023жыл «Болашққа бағдар: рухани жаңғырту» ол 2050 жылға



Дата15.11.2023
өлшемі21,71 Kb.
#124049
Байланысты:
БОӨЖ Лаззат саясат



БОӨЖ:
«Рухани жаңғыру Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа моделінің стратегиясы»



Орындаған: Ержанова Лаззат
Тобы:103Б
Мамандығы:Медицина
Курс:1

Алматы қаласы, 2023жыл


«Болашққа бағдар: рухани жаңғырту» - ол 2050 жылға


дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бағытындағы біріңғай мақсатымызга жету жолындағы
Қазақстанның саяси, экономикалык жане құқықтық
түрленулерінің логикалык жалғасы жане өзегі болып
табылатын бағдарламалық мақала. Бұл мақсатка
бұрынғы сана-сезім мен ойлау үлгісін сақтау арқылы жету мумкін емес. Әлемдегі заманауи экономикалық,
әскери-саяси ахуалды ескере отырып,қоғамдық сананы
жаңғырту - бұл өмірлік маңызы бар жане қажетті
қадам.
Рухани жаңғыру - ұлтымыздың ұлт болып ұйысуының,
тарихымызды сақтаудың, тұлғаларымызды танытудың,
өткенімізді білудің, болашаққа бағдардың, келешекке кемел ғибратты із калдырудың мәйегі болатын бастама. Бұл бугіннен бастау алмағандығының тарихи куәгері ретінде Алаш зиялыларының «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі ушін» деп аңсауы ұлт тауелсіздігі, сана еркіндігі екендігін аңғарамыз. Себебі XXI ғасыр қазақ халқы ушін, жаңа дәуірдің, еліміздің өркендеуі үшін жаңа белестің басталған уақыты. Ақпараттар ағыны толассыз жаңарып, жаһандану заманында өзгенің жетегінде кетпес ушін еліміздің ертеңіне алаңдап, ұлт болашағының жарқын өмір сүруі, сол ушін істеген бүгінгі қызметімізге байланысты.

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап мемлекетіміз саяси жане экономикалык жаңғырудан өткендігі елге айқын, алайда біртұтас ұлт ретінде қалыптасу үшін рухани жаңғырудың маңызды екендігіне тарихи куә жане де рухани жаңғыру алдынғы жаңғырудың өзегі болмақ.Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына,


жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты
сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Елбасының«Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында 6 бағытқа
басымдық берілген.
6 бағыт:
1. Бәсекеге қабілеттілік;
2. Прагматизм;
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4. Білімнің салтанат құруы;
5. Қазақстанның революциялық емес,
эволюциялық дамуы;
6.Сананың ашықтығы

Соның бірі - білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру. Осы жүйе бойынша ауқымы кең жұмыстар атқарылып келеді. Құндылықтық жүйесінде тек білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана зор табысқа жетеді. Жастар басымдық беретін межелердің қатарында білімнің үнемі бірінші орында тұруы шарт. Бул - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылтан ой. Іргелі ілім үйрету арқылы шәкірттерді шынайы патриот қылып қалыптастыруға болады, - дейді шара бастамашылары. Бүгінгі әлемдік бәсекелестік заманында бізге сергектік пен серпіліс керек.Президент ұсынған тың идеялар - жана нәтижелі көкжиектерге бастайтын серпіліс. Бұл ретте барлық оқу орындары қоғамдық сананы жаңғыртудың қозғаушы күші болуы тиіс.


Қазақстан Республикасының жаһандану,рухани жаңғыру сипатын дамытжолында, қоғам алдында ұрпақты заман
талабына сай интеллектуалды, жоғары мәдениеттілігі имандылықпен ұштасқан ұлтжанды етіп тәрбиелеу жолын дұрыс
жолға қою міндеті тұр. Елбасы Н.Назарбаев «Кешегі бабамызбен ғана емес,бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен
де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек» - деп нақтылағанындай,атабабамыздан қалған ұлттық тәлімтәрбиені болашақ ұрпаққа ұғындырып,түсіндіруді мақсат тұтқанымыз жөн.
«Рухани жаңғыру» идеясы ұзақ мерзімге жоспарланған жоба. Елбасы осынау жобаны жүзеге асыру арқылы халықтың санасын жаңғыртып,өркениетті қоғам құруды көздеп отыр. Бұл ретте жастарға үлкен жауапкершіліктің артылып отырғанын айта кету керек. Атадан қалған мына жерді, тіл мен дәстүрді,ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу өз алдына, қазіргі ұрпақ Қазақстанды әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосуы
тиіс. «Рухани жаңғыру» болса осы міндетті жүзеге асыруға сеп болатын басты құралға айналмақ.

Балаларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес.


Қазақ халқыныңөнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан
шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып,
бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық өнерді
сүюге, кұрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі
еңбекқор, жанжақты жетілген азамат етіп тәрбиелейді,
балалардың жүрегіне жол тауып,олардың бойында еліне,
жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, балабақшада
оқып, үйренуге деген ынтасын, құштарлығын арттыру,
қазақ колөнерін жас жеткіншектердің санасына жеткізудің
құралы.Әлемдік өркениетке бет бұрған еліміз үшін ұлттық
құндылықтарымызды сақтауда жас жеткішектерге тәлім-тәрбие беру басты парызымыз деп ойлаймын.

Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім,


ғылымға маңыз беруі - үлкен көрегендік пен ұлттың алға
ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш.
Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз
келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Елбасы рухани
жаңғырудағы ұлттық сананың роліне баса назар аударып,бірнеше
міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең
тари хынан бастау алатын рухани ұстынды сақтап қалу.
Тарихтың белестерінен сүрінбей өткен құндылықтарымыз бен
озық дәстүрімізді табысты жаңғыртудың алғы шартына
айналдыра білу.

Сана мен білімді дамытатын, ол – кітап. Қазақ тілінде оқылатын кітаптар санын көбейтіп, шет елдердің рухани құндылықтардың қадірін көрсеткен кітаптарды қазақ тіліне аударып, сонымен қатар, қазақ халқынан шыққан ұлы ойшылдар мен жазушылардың кітаптарын өз елімізде жетік меңгерту керек. Өз халқынан шыққан білм сәулесін жарқын шашқан ғалымдар мен жазушыларды,


классиктер мен реалисттерді өз ұрпағы оқу және ұстану,
сана мен ішкі патриоттық сезімдердің алғышарттары.

Қорытынды:


Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани
мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып,сіңіртіп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі.Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе
жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып ықпалдастыру мүмкін болмайды. Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырыпқажымай еткен еңбек арқасында әлемдік деңгейдегі дарынды да тәрбиелі
оқушы тұлға шығатынына сеніміміз мол.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет