БАЛАБАҚШАДА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН
НҰСҚАУЛЫҚ
БАЛАБАҚШАДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ
1.
Педагогтің мерекені ұйымдастыруды
жоспарлауы мереке
тақырыбын таңдаудан басталады.
Ұсынылатын тақырыптар: «Кел, Жаңа жыл!»; «Қысқы ертегі»;
«Құтты болсын жаңа жыл!». Әдістемелік кеңесте басқа да қызықты
тақырыптарды қарастырып, бірлесіп таңдауға болады.
2.
Мереке сценарийін жас топтарының тәрбиешілері музыка
жетекшісімен бірге құрастырады. Оны талқылау міндетті түрде
балабақшада жұмыс істейтін педагогтер ұжымымен бірге жүргізіледі,
олар сценариймен танысады, сондай-ақ рөлдер мен міндеттерді өзара
бөліседі:
атрибуттарды,
костюмдерді
дайындау,
безендіру
жұмыстарының дизайнына және қауіпсіздік шараларына мән беріледі.
3.
Атрибуттарды,
костюмдерді
дайындауға,
музыка
залын
безендіруге, сондай-ақ сценарий құрастыруға ата-аналарды тарту өте
маңызды.
Мерекені балалардың, ата-аналардың, педагогтардың
қатысуымен балабақшаның өз мүмкіндіктерін
ескере отырып
ұйымдастыру қажет және жеке ақылы қызмет көрсететін аниматорлар
мен бөгде адамдарды шақырудың қ ажеттілігі жоқ.
4.
Баланың мерекеге деген қызығушылығын жоймай, оның
мерекеден алатын әсерін қалдыру үшін үнемі жалпы дайындық жүргізу
ұсынылмайды.
5.
Педагог балаларға жаңа жыл мерекесі, оның өткізілуі, кейіпкерлер
туралы әңгімелеп береді, өлеңдер, әндер, билер, ойындар үйретеді,
қолдан бұйымдар жасайды, суреттер салады. Мерекені күтудің
әсерлі
көңіл-күйін қалыптастырады.
6.
Жаңа жыл мерекесінің мазмұны
балалардың
жас
ерекшеліктері,
қызығушылықтары, үйренген репертуары
ескеріле
отырып
құрылады.
Мереке
бағдарламасында
түрлі
әрекеттер
үйлестірілуі тиіс (топтық және жеке орындау,
ертегілерді
сахналау, би билеу, ойындар,
конкурстар ұйымдастыру және т.б.).
7.
Балалардың тез жалығатындығын ескере отырып, мереке
желісінің түрлі қызықты белсенді әрекетке ауысып отыруына мән
беріледі.
8.
Мереке бағдарламасы балалар мерекені толықтай көріп,
көңіл
көтеруге барлығы қатыса алатындай етіп құрылуы тиіс. Бала өзі
қатысып билегенде, ойнағанда, ән айтқанда ғана көңілі көтеріледі.
Балаларға конкурс, ойын арқылы өздерін көрсетуге мүмкіндік беру
керек.
9.
Жаңа жыл мерекесін өткізу форматы әртүрлі болуы мүмкін.
Мысалы:
ертегіні сахналау; жаңа жылдық квест; дене шынықтыру
ойын-сауықтары; саяхат және т. б.
10. Жаңа жыл мерекесін өткізудегі маңызды
сәт
залды
безендіру.
Мерекені
безендірілмеген бөлмеде өткізуге болмайды,
себебі безендірулер
балаларда жағымды
эмоция тудырады және мерекелік атмосфера
қалыптастырады. Залды, дәлізді, топты
шығармашылықпен безендіру, мерекедегі
жеке орындауға костюмдер мен атрибуттарды
дайындау балалардың
қызығушылығын тудырады, оларды ерекше әсерге бөлейді.
11.
Мерекелерді күннің бірінші және екінші жартысында өткізуге
болады, бірақ балалардың жасына байланысты олардың ұзақтығы 20
минуттан 1 сағатқа дейінгі аралықта болуы керек.
ҚР ОАМ Балаларды ерте дамыту институты