7– остеон қан тамырлары (остеондардың қоректендіргіш каналдарынан өтіп, сүйек кемігіне жетеді).
Кеуекті зат ұяшықтарында және сүйек қуысында сүйек кемігі (майы) орналасқан, ол қан түзуші және биологиялық қызмет атқаратын құрылым: сүйектің қоректенуіне, дамуына, өсуіне қатысады.
Кеуекті зат ұяшықтарында және сүйек қуысында сүйек кемігі (майы) орналасқан, ол қан түзуші және биологиялық қызмет атқаратын құрылым: сүйектің қоректенуіне, дамуына, өсуіне қатысады.
Сүйек кемігінің 2 түрі бар:
Сүйектің қызыл кемігі-medulla ossium rubra ретикулярлық тіннен тұрады, оның торында қан және сүйек түзетін клеткалық элементтері болады. Қан тамырлары және қан элементтері сүйек кемігіне қызыл түс береді. Жаңа туған нәрестеде көп болады.
Сүйектің сары кемігі- medulla ossium flava түтікті сүйектердің қуыстарын толтырып жатады, негізінен май тінінен тұрады..
Ортан жілік кесіндісінің құрылысының үлгісі
Сүйектің қызыл кемігі (medulla ossium rubra)
Сүйектердің дамуы
Сүйектер –мезодермадан және оның айналасындағы мезенхимадан дамиды.
Мезодерма алғашқы кезде дорзалді орналасқан сомиттерден тұрады;
Сомиттің әрқайсысы дорсалді жағында үш бөлікке бөлінеді:
1) дорсолатералді – дерматом;
2) медиовентралді склеротом;
3) екеуінің аралығында ортаңғы (дорсомедиалді) – миотом;
Склеротомнан сүйектер (қаңқа) дамиды;
Сүйектердің түзілуі мен өсуіне жауапты жасушалар: остеобласт және остеокласт
Ұрық жапырақшалары
Сүйектің дамуы немесе остеогенездің түрлері:
Эндесмалды сүйектену - сүйектердің алғашқы дәнекер ұлпалық негізінде сүйек аралшықтары (сүйектену нүктесі) пайда болады (мысалы: төбе сүйектерінде).
Перихондралды сүйектену - сүйектің шеміршекті бастамасының сыртқы бетіндегі шеміршек үсті қабығының астындағы остеобластардан түзіледі.
Периосталды сүйектену – алдымен шеміршек үсті қабық сүйек үсті қабыққа (периостқа) айналады, одан остеобластар сүйектің шеміршек бастамасына өтіп шеміршекті біртіндеп сүйекке айналдырады.
Энхондралды сүйектену - сүйектің шеміршекті бастамасының ішінде сүйек аралшықтары (сүйектену нүктесі) пайда болады.