Тірек қызметі –бұлшықетер, шандырлар және де басқа АҒЗАЛАРбекитін құрылым.
Қозғалыс қызметі- бұлшықеттердің жиырылуы және сүйектердің аралығындағы буындармен атқарылады.
Рессорлық қызмет -қозғалыс кезінде соққыны, шайқалуды азайтатын арнайы анатомиялық құрылымдардың арқасында (омыртқа жотасы, аяқ ұшының күмбезі) жүзеге асады.
Қорғау қызметі- миды (бас қаңқасы) ,жұлынды (омыртқа жотасы) т.б.
Биологиялық қызметі: қан түзуге және минералық зат алмасуға қатынасады (кальций, фосфор, темір және т.б).
Сүйектің физикалық қасиеті (беріктілігі, майысқақтығы) органикалық және бейорганикалық заттардың қатынасына байланысты;
Сүйектің беріктігі - оның екі қасиетіне : қаттылығына және серпімділігіне байланысты.
Бейорганикалық заттар (Са, Р, тұздары) сүйекке қаттылық береді.
Органикалық заттар, әсіресе оссеин – серпімділік (майысқақтық) береді.
Қаттылығы бойынша жез және шойын тәрізді.
Беріктілігі бойынша темір,мыс, гранит тектес және кірпіштен 3 есе берік.
Сүйектің құрылысы
Сүйектің құрылымдық бірлігі остеон, яғни қан тамырлар өзегінің айналасында орналасқан сүйек пластинкалар жүйесі (остеобласттар, остеокласттармен түзілетін).
Остеондардан сүйек перделері немесе трабекулалар түзіледі:
а) егерде трабекулалар нығыз жатса, онда тығыз заты – substantia compakta түзіледі (түтікті сүйектердің диафизін қоршап орналасады);