Бастауыш кластарда ұйымдастыру кезеңінің маңыздылығы жоғары. Себебі төменгі класс балаларының физиологиялық тұрғыда зейіні тұрақсыз келеді. Сондықтан сабақтың басталуына аса зор көңіл бөліп, яғни түгел оқушылардың зейінін сабаққа аудара алуды шебер ұйымдастыра білген жөн. Ол үшін күнделікті дәстүрлі ұйымдастыру тәсілімен қатар, өзге де жолдарын ойластыру , яғни баланы елең еткізерліктей көріністер болғаны абзал. - Бастауыш кластарда ұйымдастыру кезеңінің маңыздылығы жоғары. Себебі төменгі класс балаларының физиологиялық тұрғыда зейіні тұрақсыз келеді. Сондықтан сабақтың басталуына аса зор көңіл бөліп, яғни түгел оқушылардың зейінін сабаққа аудара алуды шебер ұйымдастыра білген жөн. Ол үшін күнделікті дәстүрлі ұйымдастыру тәсілімен қатар, өзге де жолдарын ойластыру , яғни баланы елең еткізерліктей көріністер болғаны абзал.
Сабақтың негізгі бөлімі – бұл жаңа материалды түсіндіру.
Дүниетану сабақтарында жоғары деңгейде көрнекілік принципіне негізделуімен сипатталады. Яғни табиғат заттары мен ондағы құбылыстардың барлығын қабылдау тек сезім мүшелеріне әсер еткенде ғана мүмкін болатыны белгілі. Міне сондықтан көру арқылы қабылдап, содан барып түсінік пен ұғымның қалыптасуы мүмкін болады. Сабақ барысында мүмкіндігінше сабақ материалына нақты қатысты құралдарды шебер қолдануы сапалы оқытудың негізі болып табылады. Сонымен бірге сөз обьектіні қарастырған уақытпен сәйкес келсе, онда мұғалім үлкен тиімділікке қол жеткізіп , көрген бейнені есте сақтауға мүмкіндік жасайды.
Мұғалімнің сөзі
Оқытуда жақсы нәтижеге жетудің негізгі факторы болып табылады. Қарастырған жағдайға байланысты көрнекі құралдар түрлі кезеңде іске асырылады, айталық затты не болмаса құбылысты түсіндіргенде иллюстрация ретінде, ал кейіде керісінше демонстрациялық құрал ретінде оқушыларға мұғалімнің сұрағына жауап іздеуіне көмкетеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |